400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Еңбекпен тапқан тиын»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Еңбекпен тапқан тиын»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегідегі негізгі ойды ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың тілін, сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, үлкенді құрметтеуге еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық

Жадырап күн ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Біз көңілді баламыз,

Сәлемдесіп аламыз.

Оқушылармен амандасу. Үш тілде қазақша, орысша, ағылшын тілінде айту.

Құрметті ұстаздар бүгінгі 3 «Д» сыныбының «Еңбекпен тапқан тиын» атты ертегі сабағымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр. Себебі көптеген қонақтар келіп отыр. Ол үшін сабаққа қатысуымыз керек. Алдымен сыныпты топқа бөліп аламыз.

1-топ «А» тобы 2-топ «Б» 3-топ «С»

Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды мынадай смайликтермен бағалаймын.


Үй тапсырмасын сұрау. Жекен Жұмаханов «Ер еңбекте сыналады»

1-2 оқушы сабақ айтады.


Үй тапсырмасын бекіту

«А» (Сұрақ қоюшы )

1.Құрылыс жұмыстарына қажетті қандай көлік түрлерін білесіңдер?

2. «Бәрін бітірген өзім» деп мақтанған қай көлік еді?

3. Көтергіш кранның жұмысы қандай?

4. Мақтаншақ машина қандай жағдайға тап болды?

5. Көтергіш кран қандай көмек көрсетті?

6. Мақтаншақ машинаға көтергіш кран қандай ақыл айтты?

«Б» (Жауап беруші)

1.Көтергіш кран, жүк машинасы, трактор, т.б

2.Зауыттан жаңа шыққан жүк машинасы мақтанғанда жер- көкке сыймайды.

3.Көтергіш кран бөренелер мен ағаштарды жоғары көтереді.

4.Жауын-шашыннан құрылыс маңайы лайсаң батпақ болып, сол жерге жүк машинасы батып қалады.

5. Кран ұзын мойнын бұрап келіп, шұңқырда тұрған машинаны жоғары көтеріп әкетті.

6. Жүк көтергіш машинаны дөңес жерге шығарып тұрып:

-Балақай, бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өенрі, өз орны бар. Бәріміз де тек құрылысшының көмекшісіміз деді.

«С» (Жинақтаушы)

«Ер еңбекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек.Өйткені әрбір тіршілік иесі

өзіне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен жасаса, жақсы нәтижеге

қол жеткізеді. Мақтаншақтықтан, ұқыпсыздықтан, жалқаулықтан айрылмайынша,

жұмысы алға баспайды. Сондықтан өзіне тапсырған істі мұқит, тындарымды етіп

орындау керек.


Қызығушылықты ояту

Венн диаграммасы

Жақсы әдет (кран) жаман әдет (жүк машина)

Күшті, еңбекқор, табанды, мақтаншақ, өзімшіл,шыдамсыз,

Сабырлы, қайырымды, жанашыр, сөзі көп орнықсыз

орнын біледі


Жаңа сабақ

Ертегі дегеніміз не? Ауызша жеткен халық шығармаларының бірі.

Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?

1.Қиял-ғажайып ертегілер

2.Жан-жануарлар ертегілер

3.Шыншыл ертегілер


«Ой қозғау»

Бейне ролик көрсету. Әке мен бала. Оқушылардан түсінгендерін сұрау.

  • Балалар ендеше бүгін біздер «Еңбекпен тапқан тиын» атты грузин халқының ертегісімен танысамыз. Тақырыпты орысша, ағылшын тілінде аудармасын айту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегідегі негізгі ойды ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың тілін, сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, үлкенді құрметтеуге еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Грузин елі туралы түсінік беру. Грузин елі 1991 жылы тәуелсіздігін алған. Бұрынғы совет одағының құрамындағы ел. Халқы -6,0 млн. Жер аумағы 70 мың шаршы км.

  • Мемлекеттік тілі грузин тілі, ұлтаралық тілдері орыс және армян тілдері. Халқы Қазақстан халқынан 2,5 есе аз. Бұл ел мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым- қатынас орнады.

  • Кітаппен жұмыс. Ертегіні оқып, түсіндіру. Оқушыларға тізбектеп оқыту.

  • Сергіту сәті

  • «Көңілді күн»

  • Дәптермен жұмыс. Күннің жады. Тақырыпты жазу.

  • Сөздік жұмыс

  • Кәрілік –қартаю, қарт

  • Тірнектеп –еңбектеніп

  • Ымырт жабылған –қараңғы түскен мезгіл

  • Бұлжытпай –екі етпей, айтқанын тыңдау

  • «Ой ашар»

  • Еңбек туралы мақал- мәтел айту.

  • Топтық жұмыс.

  • 1-топ Ертегі әрі қарай жалғастырып көр.

  • 2-топ Ертегіні сахналаңдар.

  • 3-топ Ертегіні рөлге бөліп оқу.

  • «Ой толғаныс»

  • «Еңбекпен тапқан тиын » ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?

  • -Шыншыл ертегі

  • Себебі, бұл ертегіде бала ақшаны өз еңбегімен тапқаны туралы айтылған.


Өткен сабақта оқытылған мәтін мен ертегіні салыстыру.

  • «Ер еңбекте сыналады» (Әңгіме) Жекен Жұмаханов мақтаншақ туралы

  • Ұқсастығы. Еңбек туралы.

  • «Еңбекпен тапқан тиын» ((Ертегі) жалқаулық туралы айтылған

  • Жаңа сабақты бекіту. Ойын. «Серпілген сауал»

  • -Ертегі кім туралы?

  • - Ертегі кейіпкерлерін ата?

  • -Кейіпкерлерге мінездеме беру?

  • -Қарт әйеліне не деді?

  • -Жаны ашыған анасы қандай әрекет жасады?

  • -Анасы баласына қандай кеңес берді?

  • -Ал, баласы анасының тілін алды ма?

  • -Әкесі баласына не деді?

  • -Бұл істің арты немен аяқталды?

-Әке-шеше, бала туралы мақал-мәтел айту.

  • Бүгін не үйрендік? Не білдік ? Не білгіміз келеді? Өз пікірлерімізді стикерге жазып,

  • тақтаға ілеміз.

  • Бүгін қандай ертегімен таныстық? «Еңбекпен тапқан тиын» Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды өте жақсы деп бағалаймын. Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.

  • Сау болыңыздар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
713
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі