400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Еңбекқор ара" 5 сынып Т1

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің бұл сабағым жаңартылған білім бойынша жасалған және жаңа әдіс-тәсілдермен өткізілген. Менің бұл сабағым жас мамандарға әсіресе жаңартылған білім бойынша сабақ беретін жас мамандарға үлкен көмегі бар. Менің бұл сабағымда араның түрлері, олардың қалай қоректенуі, еңбектенуі,пайдасы т.б туралы мәліметтер бар және мәтіндерден синоним,антоним және омонимдерді тауып талдау, т.б.жарияланған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Еңбекқор ара

Мұғалімнің аты-жөні: Абуова Ару

Күні: 18.11.2017ж.

СЫНЫП: 5


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.ӘТН3.Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Омоним, антоним, синонимдер



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Қызғалдақ, ара туралы мәліметті біледі

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут


Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Жәндіктердің суреттері арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларға конверт таңдап, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

1-топ:

«Ара патшасы»

2-топ:

«Бал арасы»

3-топ:

«Жұмысшы ара»

Жаңа білім

7 минут







Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Ара туралы тыңдалым тыңдалады

«Жариялау» әдісі

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы,жақсы мінез-жаман мінез,қисық ағаш-түзу ағаш,  Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер мен көп мағыналы сөздер ұқсас болып келеді. Омоним болудың негізгі белгісі сөздердің арасында мағыналық байланыс болмайды, яғни омоним сөздер әртүрлі мағынада қолданылады, ал көп мағыналы сөздердің арасында мағыналық байланыс болады, көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болып, бір негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары көтеріп, аяғыңды жылдам бас деген сөйлемдегі бас сөзі омоним, себебі бірінші бас сөзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін, заттық ұғым атауы болатын зат есім, екінші бас сөзі – не істе? деген сұраққа жауап беретін қимыл-әрекет атауы болатын етістік. Ал Талдың басына қарлығаш ұя салыпты. Жолаушылар бұлақтың басына келіп демалды деген сөйлемдердегі бас сөзі – көп мағыналы сөз, себебі 1) бір нәрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр; 2) екеуі де бір сөз табынан зат есім болып тұр.

Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер синонимдер деп аталады. Синонимге тән негізгі белгілер: 1) синоним сөздер әртүрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз табынан болады. Мысалы, Апатты аймаққа көмекші, жәрдемші топ келді деген сөйлемдегі көмекші, жәрдемші сөзі бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз табынан болған синоним сөздер. Тілімізде синоним сөздер зат есімдерден, сын есімдерден, етістіктерден және үстеулерден кездеседі.





Аудио



Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







Қолдану

Мәтін талдау. Мәтіннен синоим, антоним, омонимді тауып айтады.

Бал аралары өте еңбекқор жәндік. Бал жинауда жыл мезгілі, ауа райы, ара ұясының күйі, өсімдік түрі және оның омартаға қашықтығы, шірненің бөліну дәрежесі маңызды рөл атқарады. Бал арасы балға қажетті гүл шірнесі мен тозаңын жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады. Негізінен бұл істі «жұмысшы» аралар ғана атқарады. Аралар жайылған кездері ондаған шақырымға дейін алаңсыз ұшып кете береді. Және адаспай өз ұяларын тауып қайтады. Барлауға шыққан ара ә дегеннен шырынды гүл мен шүйгінді шөпті іздейді. Тапқан кезде өздеріне тән белгілермен кейінгілерге хабар береді.

Әр ара өзінің «қоржынына» өз салмағының жартысына жететіндей шірне жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араларға жеткізеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады. Іле қанаттарымен желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Араның бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан әсіресе көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары бағаланады. Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен.

Ара ұяшықтары. Бал арасына тамаша ұя жасау қабілеті берілгендігін де байқаймыз. Олар ұясын алты бұрышты геометриялық пішінде жасайды. Математиктердің есептеуінше, бал ұяшығын алты бұрышты етіп жасауда үлкен тиімділік бар екен. Алты бұрышты ұяға материал өте аз жұмсалып, балдың сыйымдылығы мейлінше артатын көрінеді. Яғни, бұл өте тиімді ұя жасау тәсілі. Бал ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданатын тәсілі де таңғаларлық. Аралар бұл іске бірден екі-үш жерден бастап кіріседі. Бәрі бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды кейіннен бір-бірімен біріктіріп әкеліп бал ұяшықтарын тоқиды. Сонда барлығы бір жерден шығады екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен шебер жымдастырылғаны сондай, әрбір қабырғаның бөлек тоқылғандығын байқау өте қиын. Ұяларындағы тазалық, бұзылған жерлерін жөндеу, жас араларды қоректендіру жүйелі түрде іске асады. Егер ұяның іші қапырық тартса, қанаттарын қағып жұмыртқаларын салқындатады. Ал суық болса жұмыртқа­ны жан-жағынан көлегейлеп жылытады.

Бал арасының үш тобы

Ара – ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш жай, екі күрделі көзі болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы үш буынды, ор-та буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ қанаты бар. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4-ке дейін келген қара белдеулер бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады. Бауыр жағында төрт түп балауыз пластинкасының ішіндегі балауыз безі балауыз бөліп шығарады.Ара патшасының денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею органы ерекше жетілген. Еркек ара жұмысшы сәл үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. У безі және шанышқы инесі болмайды. Ара патшасы мен еркек араның ауыз қуысы кішкене келеді. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай – ақ балауыз шығаратын балауыз безі болады.

Ара топтасып тіршілік етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он мың-даған жұмысшы аралардан құралады. Ара патшасының бірден бір міндеті – жұмысшы араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығарту, ұя салдыру, балапан құрттарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау сондай – ақ, қорғау міндетін атқарады. Араның бөліп шығаратын балауызы, улы сұйық-тығы, балы дәрілікке жасалады. Жинау мен өңдеу – жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған балды алу әдістері бойынша сауып алады. Дәрілікке жасалатын балды отқа жылытып, сұйылған сүзгіден өткізіп әзірлейді. Бал ақ және сарғылт түсті болады. Жаз, күз мезгілдері тұнық өсімдік майы тектес сұйықтау болып, қыс мезгілінде қоюланып, шекер өңдес іріткі кристаллға айналады. Балы – тәтті, дәмді, усыз болады.

«Ара» сөзін естігенде адамдардың көпшілігінде шамамен бірдей ассоциация туындайды. Кейбіреулерде балалық шағында   ұқыпты  май жағылған ақ нанның үзігі, тәтті әрі дәмді балмен байланысты позитивті ойлар болады. Басқалар балдың миллиондаған пайдалы қасиеттерін және оны суық тию, баспа және ауырған азғаның жағымсыз жағдайларында қолданудың мыңдаған тәсілдерін есіне түсіреді. Үшіншілер үшін ара шағып алады деген қорқыныш тудырады.

Сонымен қоса, бүгінде біздің экожүйемізді бұл жәндіктерсіз елестету қиын. Олар гүлдейтін өсімдіктерді тозаңдандыруда маңызды роль атқарады. Апологиямен айналысатын адамдардың пікіріне қарағанда, аралар туралы ғылым дәл осылай аталады, бүгінде аралардың 20 мың түрі бар екен. Олар біздің ғаламшарымыздың барлық бұрыштарында мекендейді, әрине, Антарктидадан басқа. Аралар шірне және тозаңмен қоректенеді. Аралардың жалпы құрылымы, олардың сыртқы түрі туралы біз биология бойынша мектеп сабақтарынан, сонымен қатар жазғы бақтағы қарапайым бақылаудан білеміз. Сонымен қатар бұл керемет жәндіктер түрлерінің абсолюттік көпшілігі өте аз зерттелген.

Аралар жоғары ұйымдастырылған жәндіктер болып табылады. Мысалы, қоғамдық аралар бір-бірімен хабарласа отырып тамақ, су іздейді, бірге жаудан қорғанады. Олар бірге ұя жасайды, ұрпағын өсіреді. Әрине, жеке өмір сүретін аралар да бар. Олардың ішінде патшайымдары, жұмыс аралары және арамтамақтары да бар.

«Салыстыру кестесі»

Ортақ тапсырма: Тақтада сызылған кестеге жауаптарын стикерге жазып жабыстырады немесе, маркермен жазады.


омоним


антоним


синонимдер









Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі.

Пазл қүрастыру:








Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер







«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті

2 минут

Логикалық сұрақтар

1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса? 

Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.

2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? 

Шешімі: Жанат - ұзын

3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? 

Жауабы: Медет

4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш



Аяқталуы

Сабақты бекіту

7 минут

Венн диаграмасы

Ара мен шыбынды салыстырып шығады


Бағалау


6 минут











Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс

Picture 5


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1142
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі