400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Энтропия

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Энтропия. Ә.Бөкейхан 10 сынып. 10.3.1.5 энтропияны жүйенің ретсіздік өлшемі ретінде түсіндіру және оны анықтамалық деректер арқылы есептеу. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады.Сонымен қатар өмір бойы оқытуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: 10.2B Термодинамикаға кіріспе


КҮНІ:


Мұғалімдердің аты-жөні, мектебі, ауданы:

1.Искакова Шайзада Картаевна, Жаңаарқа ауданы, «Б.Амалбеков атындағы ЖББМ базасындағы тірек (РО)» КММ

2.Молдабергенова Куралай Кабдуллаевна, Ұлытау ауданы, «17 Байқоңыр ЖББМ»

3.Жанайдарова Камария Ажибековна, Жезқазған қаласы, «Қаныш Сәтбаев атындағы 7 мектеп-лицей» КММ

4.Болатқызы Әйгерім, Ақтоғай ауданы, Қызыл-Арай ауылы, «Қызыларай ЖОББМ» КММ

5.Жетпісбаева Алтынгүл, Ақтоғай ауданы, «Ә.Бөкейхан атындағы (РО)» КММ

6.Жумажанова Камшат Кадровна Ақтоғай ауданы, «Қошқар тірек мектебі (РО)» КММ

СЫНЫП: 10


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Энтропия

Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты

10.3.1.5 энтропияны жүйенің ретсіздік өлшемі ретінде түсіндіру және оны анықтамалық деректер арқылы есептеу.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:Энтропия терминін түсінеді және анықтай алады;

Оқушылардың басым бөлігі:Энтропия өзгерісіне әсер ететін факторларды анықтайды;

Кейбір оқушылар:Реакцияның ΔS мәнін анықтамалық мәндерін қолдана отырып есептейді.

Бағалау критерийі

Білу

  • Энтропия терминін түсіне алады;

Түсіну

  • Энтропияға температураның әсерін түсіне алады;

Қолдану

  • Энтропия өзгерісін есептей алады;

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады.Сонымен қатар өмір бойы оқытуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алуы керек:

Химиялық реакциялар үшін энтальпия өзгерісін қалай есептеу керек екенін түсіндіру

Пәнге қатысты лексика және терминология

энтальпия, энтропия, Гиббстің бос энергиясы, Гесс заңы, жылу эффектісі

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Берілген реакцияның энтальпиясы……….. қосындысына /айырмасына тең

....... реакциялар энтальпиясы және ………..реакциялар энтальпиясы

Гиббстің бос энергиясы……

Реакцияның энтальпиясын есептеу үшін……………. қолданылады

Пәнаралық байланыс

Физика, Математика

Алдыңғы білім

8.2С Химиялық реакциядағы энергиямен танысу

8.3В Химиялық байланыс түрлері

9.1С Химиялық реакция жылдамдығы


Жоспар

Жоспарланған мерзімдер

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

5 минут

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру. «Ыстық алақан» арқылы психологиялық ахуал туғызу.

Мақсаты: Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, психологиялық ахуал тудыру арқылы оқушыларды бүгінгі сабаққа даярлау.

«Иллюстрация» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа ой шақыру.


Рисунок 1

Осы суретті сипаттаңыз.

1.Зат неше агрегаттық күйде болады?

2.Затты бір күйден екінші бір күйге қалай ауыстыруға болады?

3.ΔS мәні нені білдіреді?

БББ кестесін толтыру

Б (Мен не білемін?)

Б(Менің не білгім келеді?)

Б(Мен не білдім?)





Power point бағдарламасы бойынша жасалған презентация


Ортасы


20 минут










5 минут






























5 минут
























15 минут























10 минут












































5 минут


























10 минут


Сурет қиындылары арқылы 4 топқа бөлу:қатты, сұйық, газ, плазма.

Бейнекөрсетілімді көрсету.

(С) «Джигсо» стратегиясы арқылы оқушылар оқулықтан мәтінді түсініп оқиды, бірін-бірі оқытады, үйретеді. Тапсырманы алдымен жеке, сосын жұппен, топта талқылайды.

Кері байланыс: «Активатор 3-2-1» әдісі.

Активатор 3 – өзіне алған ақпарат.

Активатор 2 – үйренгенім.

Активатор 1 – мысал келтіру.


(Ж)1-тапсырма. «Шындық-жалған»


Тұжырым

Шындық

Жалған

Энтропиялық фактор жүйе энтропиясы өзгерісінің температураға көбейтіндісімен анықталады.



Температура жоғарылағанда заттардың энтропиясы кемиді.



Энтропияның өлшемі Дж*моль-1*К-1



Энтропияны «ретсіздік шамасы» деп атайды



(ҚБ)Мадақтау

Дескриптор

  • Энтропияның өлшем бірлігін біледі;

  • Энтропияны «ретсіздік шамасы» екенін түсінеді.

  • Энтропияның температураға тәуелділігін анықтайды.


(Ж)2-тапсырма. «Семантикалық карта»


Анықтама

Формула

Балқу энтропиясының өзгерісі балқу жылуына тең.

ΔS= ΔQ/T

Энтропия өзгерісін қайтымды процестер үшін жалпы жылу мөлшері өзгерісінің абсолюттік температураға қатынасы.

S=klgW

Энтропия жүйенің термодинамикалық ықтималдық күйінің ондық логарифміне пропорционал болады.

ΔS0реакция = ΔS0өнім - ΔS0баст.

Энтропияның өзгерісі

ΔS= ΔHбалқу/Тбалқу

(ҚБ)Жұлдызша

Дескриптор

  • Энтропия жүйесінің анықтамасы мен формулаларын сәйкестендіреді.


(Жж) 3-тапсырма. «Think! Pair! Share!» әдісі

Think! Pair! Share!» әдісін қолдана отырып, оқушылар энтропия түсінігі жайлы видео көреді, видеодан алынған ақпаратты жұпта талқылап, кейін мына кілтті сөздерді қолданып, бір-біріне видеоны түсіндіреді:

«Энтропия, реттілік/ретсіздіктің артуы/азаюы, ықтималдылық, қоршаған орта, жүйе, газ/сұйық/қатты заттардың энтропия мәні»

Кері байланыс: «Стоп кадр» әдісі.

Осы әдіс арқылы оқушының тыңдалым және айтылым дағдылары арта түседі.

Энтропия деген не? Газ/сұйық/қатты заттардың энтропия мәні, яғни ретсіздік деңгейі қандай болады? Неліктен? (әр жұп бір-бірімен талқылап болған соң, жауаптарды тыңдау)

Мұғалім: сонымен, қандай өзгерістер спонтанды түрде жүреді? (оқушылар: Реттілігі жоғары күйден реттілігі төмен күйге ауыса жүретін физикалық немесе химиялық өзгерістер)

(ҚБ)Мадақтау



(ТЖ) 4-тапсырма. «Серпілген сауал» әдісі


Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы, “Сен бұл пікірге қосыласың ба? Сипатта! Неліктен? Дәлелде!».


а )Суреттегі зат күйлерінің (ΔS>0 ΔS<0) айналымындағы процестерді сипаттаңыз?

________________________________________________________________________________________

б)Неліктен газдар арасындағы энтропия жоғары?

________________________________________________________________________________________


с) Осы процестер арасындағы энтропия өзгерісін дәлелдеңіз?

________________________________________________________________________________________

(ҚБ)Мадақтау

Кері байланыс: «Бір минуттық кідіріс» әдісі.

Мұғалім тапсырманың негізгі идеясын анықтап, оқушылармен кері байланыс жасау үшін бір минуттік кідіріс береді.

Мен ………. процестер туралы білдім.

Мен …………. процестер арасында энтропия өзгерісін түсіндім.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
30 наурыз
11658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі