400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ер есімі-ел есінде!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілермен әдіс алмасуға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ер есімі-ел есінде!»

Мақсаты: Балалардың патриоттық сезімін ояту.


Балалар «Жеңіс күні» әнімен қолдарына жалаушалар ұстап залға кіреді. Әнұран орындалады

Жүргізуші. 9 мамыр елімізде жеңіс күні болып тойланады. Себебі дәл осы күні Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталады.Фашистік Германияны тас-талқан етіп жеңіп, әкелеріміз, ата-ағаларымыз осы күні бізге Ұлы Жеңіс күнін тойлатқаны естен кетпес оқиға. Балалар, бүгін осындай ұлы күнді тойлауға жиналып отырмыз.

Шекербек Нұрлыбектің 9 мамыр атты өлең шумақтарын тыңдаңыздар

«Егеменді ел» Алихан мен Жанасылдың орындауында әнді тыңдаңыздар.

Жүргізуші. «Ер есімі-ел есінде!» Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осы сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштерінеде қашалып жазылған. Халқымыздың зердесінде бұл дата 1945 жылдың 9-мамыры мәңгілік сақталады, ғасырлар бойы ұмытылмайды. Бұл Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталған күні. Бұл Жеңіс күні. Ортамызға өздерінің Жеңіс туралы өлең шумақтарын оқитын Бекнұрды, Нұрдәулетті, Ханболатты,Мадиярды ортаға шақырамыз.

Келесі «Марш» биін тамашалаңыздар

Жүргізуші. Сұрапыл соғыста жауынгер батыр атанған халық қаһармандары

1.Әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы-Бауыржан Момышұлы

2.Армия генералы, Кеңес одағының батыры Сағадат Нұрмағанбетов

3.Ұшқыш, екі мәрте Кеңес одағының батыры Талғат Бигелдинов

4.Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ батыры Рахымжан Қошқарбаев

Батыр ағаларымызбен қатар талай апаларымызда жаумен шайқасып, ерлікпен қаза тапты. Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова апаларымыздың ерлігін, батырлығын, қайсарлығын кейінгі ұрпақ мақтанышпен әңге қосып шырқап жүр. Әлия мен Мәншүк апамызды біз ешқашан ұмытпай есте сақтаймыз. Әлия мен Мәншүктің ерлігін әнге қосып шырқап жүреміз. Енді батыр апаларымызға арналған өлең шумақтарын тыңдаңыздар.

Аяна, Медина, Нұрдәулет, Нурислам. Келесі әнімізді Батыр апаларымызбен ағаларымызға арнаймыз.

Ордабаев Мадиярдың орындауында «Алатау» әні. Тақпақтар Әнел, Агахан, Асылзат.

Ән Нұрлыбек «Көк тудың желбірегені»

Тақпақтар: Ерасыл, Асылан, Ералы.

Би «Папури»

Тақпақтар: Айгүл, Асылан, Жанат,

Ән «Балалық шағым» Ордабаев Мерей

Тақпақтар: Жансая, Жеңіс, Р.Аружан

Ән «Жаңбыр» Балтабай Нұрдаулеттің орындауында.

Би «Орыс биі»

Тақпақтар:Жанаділ, Даниял, Айым, Аружан.

Ән:Шекербек Нұрлыбектің орындауында

«Ақ көгершін» әні

Оркестірдің Орындауында «Папури»

Ән: «Атамекен»

Асыланды ортаға шақырамыз

Ел қадірін назардан тасалаудан

Қай ел опа тауыпты?

Ия, ерлік жасамаудан

Бағаламау Әлдеқайда қауіпті,-деп Мұхтар Шаханов ағамыз айтқан екен. Олай болса:

Ажырамай балалардан бір елісіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз береміз құрметпен өзіңізге

Қонақтарға арналсын тілегіңіз,-деп сөз кезегін балабақша меңгерушісі Оразбекова Алма апайға сөз кезегін береміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
908
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі