Ашық сабақ Еріген заттың массалық үлесі 8-сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Еріген заттың массалық үлесі 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен дайын сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

8.3С Ерітінділер және ерігіштік

Педагогтің аты-жөні:

Битимбаева А. М.

Күні:

26.02.25.

Сыныбы:

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Еріген заттың массалық үлесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.3.4.5-еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу

Сабақтың мақсаты:

-еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептейді.

Құндылықтарды дарыту

Жұпта жұмыс жасау арқылы сыйластық, серіктестік, жауапкершілік сияқты құндылықтар дамиды

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Жағымды орта қалыптастыру



Ары қарай мұғалім жұптар ұйымдастырады



Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын хабарлайды.


Алдыңғы білімді тексеру мақсатында оқушылармен «Сәйкестендір» кестесі арқылы өткізеді


Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


Суреттер арқылы оқушыларды жұптастыру





Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды

1.Ерітінді

А)Берілген температурада зат әрі қарай ери алмаса

2.Су

Ә)Берілген температурада зат әрі қарай ери алатын болса

3.Еріген заттың массалық үлесі

Б)Ерітіндідегі еріген заттың мөлшері жоғары болса

4.Қаныққан ерітінді

В)Еріген заттың ерітіндідегі мөлшері аз болса

5.Ерігіштік

Г)Біршама инертті биологиялық еріткіш сұйықтық

6.Қанықпаған ерітінді

Ғ)Еріген зат массасының ерітінді массасына қатынасымен өлшенетін шама

7.Сұйылтылған ерітінді

Д)Еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті жүйе

8.Концентрлі ерітінді

Е)Берілген температурада 100 г еріткіште ери алатын заттың максималды массасымен анықталады















Жауабы:

1Д 2Г 3Ғ 4А 5Е 6Ә 7В 8Б

Дескриптор:

Терминдерді анықтамаларымен сәйкестендіреді

Бағалау критерийлері:

Әр екі дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі:

8 жауапқа-4 балл

6 жауапқа-3 балл

4 жауапқа-2 балл

2 жауапқа-1 балл

Интербелсенді тақта



Суреттер





Презентация






Таратпа қағаздар

Бағалау парағы

Сабақтың ортасы

15 мин.

Оқытушы: Ерітіндінің маңызды сипаттамасы – ертіндідегі еріген заттың массалық үлесі немесе концентрация. Ол еріткіштегі еріген заттың салыстырмалы құрамын көрсетеді.

Еріген заттың массалық үлесі - ерітінді массасына еріген зат массасының қатынасы. Массалық үлесі % өлшенеді :




W = [m (еріген зат)/m(ерітінді)] x100%, мұндағы

W – еріген заттың массалық үлесі

m (еріген зат) – еріген зат массасы (г, кг)

m (ерітінді) – ерітінді массасы (г, кг)

Ерітінді массасын төмендегі формуламен есептейді:

m(ерітінді)=Vp

m(ерітінді)=m(еріген зат) +m(су)

V – ерітінді көлемі (мл, л, м3)

p – ерітінді тығыздығы(г/мл, г/л, кг/м)

Түсіну сатысы

Оқытушы: Сіздің үстеліңізде сірке суы мен дәрілік заттары бар құтылар орналасқан. Затбелгісінде ерітінді аты мен пайыздық құрамы келтірілген. Сіздерге еріген заттың массасын есептеу керек. Оқушылар қысқаша есептің шартын жазып, есептеп шығарады.






















Дескриптор:

Ерітіндідегі еріген заттың массасын есептейді

Бағалау критерийлері:

Дұрыс жауап үшін 2 балл беріледі

Презентация






















Сірке суы, дәрілік заттары бар құтылар

Топтық жұмыс

6 мин


Топтық жұмыс

Қазір сіздер лаборант қызметін атқарады. Сынып стикер бойынша бөлінеді.


«Жұбыңды тап» ойыны

Фармацевттер тобына нұсқаулық

  1. Тұмау кезінде мұрынды шаю кезінде натрий хлоридінің 9% ерітіндісін қолданады. 100 мл суда еритін тұз массасын есептеңіз

Жауап:

Аспазшылар тобына нұсқаулық

  1. Қиярды тұздау кезінде 7% ас тұзын қолданды. 50г суда ерітетін тұз массасын есептеңіз

Жауап:

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Үш түсті маркерлер, стикер,


Жеке жұмыс

5 мин

Әр жұп тапсырмаларды анықтап, бір-біріне көмектеседі

Оқытушы әр жұптардың жұмысын бағалайды.

1. Жараны зарарсыздандыру үшін 5% марганцовка (KMnO4) ерітіндісін қолданылады. 200 г ерітінді даярлау үшін марганцовка мен судың массасысын есептеңіз?

2. Үй дәрі қобдишасында 3 %«жасыл дәрі» ерітіндісін табуға болады. 10,25 г ерітінді даярлау үшін спиртте ерітетін бояғыш зат массасын есептеңіз?

3. Терінің ақ және тегіс болуы үшін бет пен қолға тұзды монша қолданады. Массалық үлесі 1% және 500 г тұз ерітіндісін даярлау үшін тұз бен су массасын есептеңіз?


Үш түсті маркерлер, стикер,


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Рефлексия «Нені үйрендім»


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Оқушылар арасында өзара бағалау жүргізіледі. Оқушылар орындап болған соң, өз жауаптарды түсіндіріп, бағалау критерийлері бойынша бағалау жүргізіледі.

Үйге тапсырма

  • Презентациялық материалды қарау

Барлығыңызда үйде дәрі қобдишасы болады. Осы дәрі қобдишасынан ерітінді күйінде кездесетін дәрілік препараттарды табыңыз. Соған есеп құрастырып оны шығарыңыз

«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі