жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Еріндік және езулік дауыстылардың жіктелуі 6 сынып
Сабақ: қазақ тілі |
Мектеп: С.Кәттебеков атындағы жалпы орта мектебі |
|||
Күні: 22.11.19ж. |
Мұғалімнің есімі: Ақжарова Ласмин |
|||
Сынып: 6 «ә» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
Сабақ тақырыбы |
Еріндік және езулік дауыстылардың жіктелуі |
|||
Сабақтың мақсаты |
Еріндік, езулік дауысты дыбыстардың жасалуы мен айтылуы жолдарын түсіндіру |
|||
Күтілетін нәтижелер |
Берілген тапсырмаларды түсініп орындайды, ауызша тілі дамиды, пікір білдіруді үйренеді, шығарманың идеялық мұратын түсінеді, өзін-өзі тәрбиелеуге мүмкіндік алады |
|||
Оқыту әдістері |
«Қарама - қарсы шабуыл» әдісі, «Санаға саяхат» әдісі, «Артығы қайсы?» әдісі, «Дыбыстар елінде» әдісі, «Сөз асылы» әдісі, « Бес қадам» әдісі. |
|||
Жоспар Қысқа мерзімді сабақ жоспары. |
||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурс тар |
||
Сабақтың басталуы 2 мин
3 мин
Сабақтың ортасы 5 мин
5 мин
5 мин
10 мин
8 мин
|
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, танысу. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. «Қарама - қарсы шабуыл» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді. • Фонетика нені зерттейді ? • Тіл дыбыстары қалай жасалады? • Ашық, қысаң дауыстыларды атаңдар? • Дыбыс дегеніміз не? • Қазақтың төл дыбыстарын ата. • Дауысты дыбыстар қалай жасалады? • Жуан, жіңішке дауыстыларды ата.
Жаңа сабақ Дауысты дыбыстардың жасалу кезіндегі ерін мен езудің қалпына қарай олар еріндік және езулік болып бөлінеді. 1.Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз. Олар: о,ө,у,ұ,ү 2. Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз. а,ә,е,э,ы,і,и. Сөздің алдыңғы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындағы езулік дауыстылырға әсер етеді. Оны өзіне қарай бейімдеп еріндік дауыстыға айналдырады. Мысалы: құлын сөзі - құлұн болып айтылады.жазудағы нормасы құлын болғанымен, айтудағы нормасын сақтап айту керек. Себебі, сөздерді дұрыс айта білуде – тіл мәдениетінің бір шарты.
1-тапсырма. «Санаға саяхат» әдісі арқылы төмендегі жұмбақтың шешуін тауып, еріндік, езулік дауыстыларды ажырату. Құмайда бар Биікте бар Әнде бар Суда жоқ Ойда жоқ Күйде жоқ Тұманда бар Киікте бар Сәнде бар Буда жоқ Қойда жоқ Биде жоқ (ұ) (и) (ә)
2-тапсырма. «Артығы қайсы?» әдісі арқылы артық әріптерді табу. 1-топ. Еріндік дауыстылар: о,ө,и,ұ,ү,у,е,й. Ашық дауыстылар: а,и, у, ә, е, э, ү, ц, о, ө.
2-топ. Езулік дауыстылар: о,ы,и,ұ,ү,у,е,й, а. Жіңішке дауыстылар: ә,ө,ү,а,ы,ұ,і,е,и,г,у.
3 топ. Жуан дауыстылар: ө,ү,ұ,о,а,ы,и. Қысаң дауыстылар: ы,і,о,и,а,у,ұ,п,ү.
3-тапсырма. «Дыбыстар елінде» әдісі арқылы көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, еріндік және езулік дауыстыларды ажырату.
1 - топ. Ақ...л мен қайрат ж...л табар Қашқ...нға да қ...ғанға. Әділ...т, шапқат к...мде бар, Сол ж...расар туғ...нға. ( Абай )
2 - топ. Тот... құс түсті к...белек, Жаз с...йларда г...лемек. Б...йшешек солмақ, к...йремек, Көб...лек өлмек, с...ремек. ( Абай )
3 – топ. Қаз...қ тілі – өз тілім, ана т...лім, Абай, Мұхтар с...йлеген дана т...лім. Қаст...рлейді ұл - қызың м...ңгі сені, Болаш...ғым, бақытым дара т...лім.
4 -тапсырма. «Сөз асылы» әдісі кезінде ұсынылған мәтіндер ішінен еріндік және езулік дауыстылардың астын сызу І топ 1.Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. 2. Ескі қыстаудан әрі ұзамай, қалың ағаш сиреп, дала көріне бастады. ІІ топ 1. Кеше мектепке дәрігер келді. 2. Сыйға –сый, сыраға – бал. ІІІ топ. 1.Нан – қасиетті тағам. 2. Окопта бір бала ұйықтап жатыр.
|
Стикер, смайлик
Кеспе қағаздар, смайлик
Кеспе қағаздар
Кеспе қағаздар |
||
Аяқталуы 2 мин |
Сабақты бекіту. «Бес қадам» әдісі арқылы әрбір бесінші оқушы сұраққа жауап береді.
Үйге тапсырма: ереже жаттап келу. |
Смайлик
|
||
Авторы: Ақжарова Ласмин Хусенбаевна
Түркістан облысы Шардара ауданы Алатау батыр ауылы С. Кәттебеков атындағы жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген