400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ерлік-елге мұра,ұрпаққа ұран"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік іс-шараны өткізуге мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»

Мақсаты: Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеп, жас ұрпақты ұмытпауға, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.
1 - жүргізуші:
75 жыл – бейбіт көктем таң атқалы
75- жыл – шуақты күн таратты әнін,
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ айтады әнді олар жайлы.
75 жыл жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.
2 - жүргізуші:
Соғыс өтті жалмап талай өмірді
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді
Соғыс аты естілгенде құлақтан
Елестетер қара тажал өлімді
Елестетем қанды кешіп жүргенін
Елестетем ең азапты күндерін
Талай жанды қиды ажал балтасы
Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы
Ел қорғаған аталардың арқасы
1 - жүргізуші: Отан - ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт
Қара бұлтты қақ жарайық деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
2 - жүргізуші:
Жеңіс күні адамзат аңсап күткен күн, айбынды күн. Ендеше жеңіс күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз (Гимн ойналады, ҚР - ның Мемлекеттік туы әкелінеді).
1 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар бүгінгі күн көптен күткен салтанатты күн. Зымыраған уақыттың қанатында міне жеңістің 75 - ші көктемі де келіп жетті.
Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл – көмей.
Абзал досым мүгедекті құрметтей.
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей! – демекші соғыс құрбандарын бір минут еске алайық.
2 - жүргізуші:
Ұлы отан соғысына Қазақстаннан 1млн 200 мың адам қатысты. Олардың 400 мыңы әйел. Қазақстаннан барған 500 жауынгер мен офицер, оның ішінде 100 - і қазақ ұлтының азаматтары Кеңес Одағының батыры деген ең жоғарғы атаққа ие болды. Олар біздің мәңгілік мақтанышымыз.
1 - жүргізуші:
Жеңіс күні – бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымның есіне мәңгі кетер ме?Иә, ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес! Олай болса видеороликке назар аударайық (нәзік әуен ойнап тұрады).
Бір кезде Советтік информбюросы: « Қымбатты бауырлар, 1941 жылы 22 июньде фашистік Германия хабарламастан Отанымызға шабуыл жасады! Олар бізді бостандығымыздан айырып, жерімізді таптамақ. Бірақ олай болмақ емес. Біз жеңеміз! Фашистерге өлім келсін!»
Соғыс қиратушы күш. Барды жоқ ететін, жұпты тұл ететін қасірет соғыста 70 млн адам құрбан болса, соның 27 млн Советтер Одағынан, ал 350 мыңнан астамы қазақ еді.
2 - жүргізуші:
Иә, Жеңіс күні – бұл еліміздің фашистік құлдықтан азат етілген күні. Көрінісі «Қара пима». Тамашалаңыздар.
Қатысушылар: әке, бала, ана, көршілер, дәрігерлер, соғысқа қатысқан жаралы жауынгер және фашистер..
1 - жүргізуші:
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». Адам ешқашанда анадан батыр болып тумайды. Айбындылық, батырлық, ерлік аспаннан түспейді. «Табандылықтың атасы – татымды тәрбиеден бастау алады» деген екен аты аңызға айналған халық қаһарманы батыр атамыз Б. Момышұлы.

2 - жүргізуші:
Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінге дейін ұмыттырар емес. Сол қаралы жылдардың жарасы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Сол жылдарды көз алдымызға елестетіп жыр тізбектермен өріп көрейік. ( тақпақтар).
2 - жүргізуші:
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. 4 жыл 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан аямай соғысты.
1 - жүргізуші:
1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москва бағытында Волоколомск тас жолында ұрысқа шықты. 1075 атқыштар полкінің 4 - ротасының 2 зводы тұрған бекініс жаудың 30 танкісін бөгеп тұрды. 316 - атқыштар дивизиясы Москва түбіндегі ұрыста ерен ерліктің үлгісін танытты. 28 батырдың 4 сағатқа созылған ұрысында жаудың 14 танкісін қиратты. 28 батырдың 22 - сі қазақстандықтар еді..
1 - жүргізуші:
Соғыс адамдардың көбін ең негізгі бақыт – ата - ана болу бақытынан айырды. Мені анам майданға шығарып салып, егіліп, бір кішкене түйіншек беріп тұрып, бұл түйіншекті қиналған сәтте ашарсың деп еді, сөйтсем ол туған жердің бір уыс топырағы екен деп еске алады майдангер. Майданға хат өлеңінен үзінді тыңдайық.

2 - жүргізуші:
Ұлы Отан соғысы тарихын айтып тауысу мүмкін емес. Дегенмен де соғыс батырларына шолу жасасақ.
1. Мәншүк Мәметова
2. Әлия Молдағұлова
1 - жүргізуші:
«Әлия» әні.
1 - жүргізуші:
Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүкті «шығыстың қос жұлдызы» деп мақтанышпен атайды. Олай болса, «Шығыстың қос жұлдызы» әні

2 - жүргізуші:
8 «А» сынып оқушыларына сөз кезегін береміз ( жеңіс туралы өлеңдер).
1 - жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін,
Есен - аман болайық,
Енді соғыс болмасын.
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел.
2 - жүргізуші:
Сен неткен Отан - анам ғажап едің!
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағымның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным – Қазақ елім!
«День Победы» әнін тамашалайық.
(ҚР - ның Мемлекеттік туы шығарылады).
1 - жүргізуші:
Жасасын Жеңіс,
Тәуелсіз елім гүлдей бер!
Болмасын соғыс,
Бейбітшілік кептерлер, – дей келе «Көгершіндер маршы» орындалады (барлық оқушылар шығады, хормен айтады).
2 - жүргізуші:
Бүгінгі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына байланысты «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты мерекелік кешін жабық деп жариялаймыз. Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 шілде
1236
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі