Материалдар / Ашық сабақ. ерте жас тобы Музыкалық ойын-сауық Тақырыбы:«Көңілді алақандар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. ерте жас тобы Музыкалық ойын-сауық Тақырыбы:«Көңілді алақандар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда ерте жас тобында ән ырғағымен баланың саусақ жаттығуларын, өз бетімен орындауына дайындап, танымдық қызығушылықтарын арттыру жолдары және қол моторикасының қалыптасуын және саусақ қозғалысының еркіндігін меңгерту бойынша жұмыстар көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2021
1959
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Музыкалық ойын-сауық


Тақырыбы:«Көңілді алақандар»

Өткізілетін орны:Музыка бөлмесі

Мақсаты:

Ән ырғағымен баланың саусақ жаттығуларын, өз бетімен орындауына дайындап, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Қол моторикасының қалыптасуын және саусақ қозғалысының еркіндігін меңгерту.Балаларға ойын ойнатып, билетіп, ән айтқыза отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Белгілі бір ойын шартын орындау дағдыларын шыңдау. Әр баланың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру. Ұжымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.


Барысы:

Балалар тәрбиешімен бірге залға поезд болып кіреді.

Жүргізуші:

Қайырлы күн, балалар! Бүгін біз үшін ерекше күн!

Ұнайтын болса қол соғыңдаршы.

  • Қане, сендердің алақан дыбыстарын естілмей  тұр. Қаттырақ қол соғайық!

  • Міне, керемет! Ендеше, осындай көтеріңкі көңіл-күймен «Көңілді алақандар мерекесін» бастаймыз!

Флешмоб «Бала, бала балақан»

Бала, бала, балақан, (Саусақтардыашып-жұму)

Кәне қайсы алақан? (Алақандыкөрсету)

Саусақтарың әйбат, (Бас бармақпен әр саусақ ұшын алма-кезек түйістіру).

Былай-былай ойнат. (Саусақтарды айналдыру.)

Топ-топ, балақан,
Шапалақта алақан.
Топ-топ, балақан,
Шапалақта алақан.

Қоян самокатпен жүгіріп келеді.

Қоян:

Балалар, балалар, сәлеметсіңдер ме?

Жүргізуші:

Қоян, неге сонша асығыссың? Қайдан келе жатырсың?

Қоян:

Мен бар ғой, мен, мен зообақтан келе жатырмын. Ол жақтан көптеген жануарларды көрдім. Қандай жануарларды көргенімді айтып берейінші сендерге. Соны сендерге айтып, көрсетуге асығып жеткенмін.

Қоянмен бірге саусаққа арналған жаттығулар жасау.

Зообақта.

Саусақтар-ау ,саусақтар!

Сендер қайда бардындар?

Орманға бардық!

Кімді онда кезіктірдіңдер?

-Аюды, қасқырды,қоянды,түлкіні,тиынды!

Бәріне сәлембердік!

Бәріне сыйлық бердік!


Бәрі де алғыс айтты.

Алақанды еркін ашып-жұму.Басбармақты басқа саусақтармен түйістіру.

Қоян балаларға сыйлық әкеледі.Әр түрлі түсті алақандар.

«Жұптасқан алақандар» ойыны

Жүргізуші:

Ойын шарты: Қолдарыңыздағы алақаныңыздың түсі көрсетілген орындықты таңдап, отырыңыз. (Мыс:көк алақанмен орындық табу керек және т.б.". Көк, жасыл, сары, қызыл алақанды алған балалардан сұраңыз).

Сайқымазақ келеді.

Сайқымазақ:

—  Сәлем, менің көңілді достарым! Менің көңіл-күйімнің көтеріңкілігі сонша, сендермен ойын ойнауға асығып келдім. Менің қолымдағы не екенін білесіңдерме?

Балалар:

Доптар.

Сайқымазақ:

Ендеше, осы доптармен ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?

Балалар:

Келісеміз, ойнайық!

Ойын:«Түрлі-түсті доптар»    Мақсаты:Балаларға түстерді ажыратуға үйрету. Жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.

Шарты:Түрлі-түсті доптарды түстеріне қарай себетке жинау.

Сайқымазақ:

-Жарайсыңдар, балалар! Менде жинаймын деп шаршап қалдым ғой.

Жүргізуші:

Жарайсыңдар, балалар! Ойын ойнап шаршаған боларсыңдар. Ендеше бір тынығып алайық.

Саусаққа арналған жаттығулар орындау.

1.«Күзгі жапырақтар»

Саусақтарым қыдырып (Саусақтарды ашып-жұму )

Жапырақтар жинады. (Жерден жапырақ жинағандай қимыл көрсету)

Қызыл сары жапырақ (Жапырақтеру)

1,2,3,4,5 (Барлық саусақты біртіндеп біріктіру)

Біз нешеуін жинадық? (Алақанды жайып көрсету)

Күзгі жапырақтармен (Саусақ ұштарын айналдыру)

Біз көңілді биледік.

2.«Алма бағы»

Алма баққа барайық, Екі саусақ ұшымен жүру

Алма жинап алайық. Алма тергендей қимыл көрсету

Қол жетпесе алмаға, Қолды жоғарыға созу

Секіріп қол созайық.

Ең үлкенін дәмдісін, Саусақтарды ауада үлкенетіп дөңгелету

Әжемізге сыйлайық. Табыс ету

3.«Мөлдір су»

Сылдырлайды мөлдір су, Саусақтарды судың ағысына ұқсатып қозғалту.

Мөлдір суға қолынды жу. Қол жуғандай әрекет ету.

Жуынсаң сен әрдайым Сұқ саусақпен нұсқау






Таза бетің, маңдайың Бет, маңдайды ысқылау

Тазалықтың досы- Алақанды жаю.

Судегеніңосы.

4.«ДОП»

Он, тоғыз (алақандарымен шапалақтайды)

Сегіз, жеті (отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады)

Төрт, үш (алақандарымен шапалақтайды)

Екі, бір (отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады)

Доп ойнайық (алақандарымен шапалақтайды)

Кел, жүгір (қолдың біресе ішімен, біресе сыртымен көздерін жабады)

Тек білейік (әр сөз ырғағымен шапалақтайды)

Анық нық (әр сөз ырғағымен аяқтарын топылдатады)

Допты алып қашқан (отыра қалады)

Кім қумақ?

Жүргізуші:

-Балалар кане қоян мен сайқымазақпен би билейік.

Би: «Алақанды көрсет»

Сайқымызақ,Қоян:

-Сендер біздермен бірге бүгінгі күнді көңілді өткіздіңдер. Біздің сендерге арналған сыйлығымыз бар.Қош сау болыңдар!

Жүргізуші:

-Балалар сендерге көп-көп рахмет келесі кездескенше.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!