жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ "Ерте,ерте,ертеде"
«Шұғыла» жалпы орта мектебінің жанынан ашылған шағын орталық
Ұйымдастырылған ашық
оқу-қызметі
Тақырыбы:
Ерте, ерте, ертеде...
Дайындаған: А.Орынбаева
2017жыл
Ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: «Балдырған» ортаңғы топ
Білім аумағы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».
Білім бөлімі: «Тіл дамыту», «Сурет салу», «Құрастыру», «Қоршаған ортамен таныстыру».
Өтілетін күні: 11.10. 2017 жыл.
Тақырыбы : «Ерте , ерте , ертеде»
Мақсаты:
-
Балалардың ойлау қабілетін,білімділігін, тіл байлықтарын дамыту,ойын ашық білуге дарынды,озық болуға тәрбиелеу.
-
Ғажайып сәттерді қолдана отырып,ұйымдастырылған оқу іс әрекеті жағымды эмоцианалдық қарым-қатынасын арттыру.
Міндеті: Балаларды аңғарымдылыққа дағдыландыру,берілген сұрақтарға ойланып жауап беруге дағдыландыру.Тіл байлығын ,шығармашылығын дамыту. Жабайы жануарлар мен үй жануарын ажыратуға машықтандыру, ұқыпты болуға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Слайд , үкі, торғай
суреті,түрлі қағаз
Алдын –ала жұмыстар:
Дидактикалық ойын «Табиғатты аялайық ». «Ойлан
да аяқта»
Инкюзивтік әлеумент:Айару мен Айбарды жақын тартып шығармашылыққа қызығушылығын арттыру.
|
Қызмет кезеңдері
|
Тәрбиеші қызметтері |
Балалар қызметтері |
|
Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі |
Шаттық шеңбері : Біз ерекше баламыз, Айтқан тілді аламыз. Достарымды көргенде, Қуана қарсы аламын Сәлем , сәлем достарым. |
Балалар шеңбер болып іс-қимылмен айтады. Жарты шеңбер жасап отырады. |
|
Ұйымдастыру-ізденушілік
|
Ғажайып сәт: Музыкалық әуенмен Үкі апай кіреді, ол айланып ұшып балалармен амандасады да орындыққа отырады. Үкі апай: - Балалар сендер мені таныдыңдар ма? Ақтан :Үкі апай бізге ертегі айтып бересіз ба? Әрине
Түлкі: Мен түлкімін , түлкімін Тұнып тұрған күлкімін Бұлаң- бұлаң құйрығым, Текке өтпейді бір күнім Бәрін маған жетпейді, Алдымнан кесе өтпейді Менен басқа қуың жоқ.
Қыстың суығынай жаурап келдім , нені алдасам екен, анау тұрған не екен соны алдап көрейінші?. Үкі апай: Түлкі ормандағы талдың үстіне отырған қырғауылды көреді. Түлкі : Сәлеметсіңдер ме қырғауыл Қырғауыл: Сәлеметсің бе түлкіжан. Түлкі: Талдың үстінде не істеп отырсың?. Құлағым естімей отырмын жерге түсші а а а . Қырғауыл: Жоқ – жоқ жерге түсуге қорқамын әртүрлі аңдар бар мені жеп қоюы мүмкін,сенде мені алдап жеп қоярсың. Түлкі: жоқ – жоқ сен заңды білмеуші ма едің. Қырғауыл: Ол қандай заң? Түлкі : Ол, ол ма қой мен қасқыр бірге жүрсін, м,м, м, тауық пен түлкі дос болсын деген иә дәл солай! Қырғауыл: Әй , түлкіжан, мақтанба Сиқырланып аттанба Күшің сенің көрейін Иттер келе жанқанда Иттердің даусын естімедің бе? Түлкі : Ит ,ит па ,ит па қой мен қашайын . Қырғауыл: Түлкіжан заңын қайда? Түлкі :(кетіп бара жатып сөйлейді) Олар заңды естімеген шығар! Үкі апай :Қырғауыл басқа орманға ұшып кетеді ,ал түлкі болса айласын асырамай қалады. Балалар сендерге ертегі ұнады ма?. Үкі апай:Балалар сендерге тапсырма алып келдім соны орындайсыңдар ма? . Жарайсыңдар балалар. Ендеше бәріміз экранға назар аударайық. Бұл жерде бізге «Адасқан жануарлар» ойынын беріліпті Бірінші бейне:Үй жануарлар екен. (Ат,сиыр,ешкі,әтеш, тауық,қаз.) Келесі бейне:Жабайы жануарлар. (Аю,бұғы,қоян, кірпі,тиын,) Үкі апай: балалар таратпа құралдардағы тапсырмам бар соны орындайсыңдар ма? Енді алдарыңдағы таратпа құралға назар аударыңдар. Ол жерде қызықты тапсырма беріліпті. Кірпіні таптыңдар ма? Ол суреттегі қай жақ бөлігінде орналасқан? Қоянда да таптыңдар ма? Кеңістіктің қай жерінде орналасқан? Түлкіні ше? Ол қайда орналасқан? Аю қай жерде орналасқан? Ал енді тиін қайда орналасқан? Балалар бұлар қайда мекендейді Үкі апай:Балалар сендерге қызықты тапсырма бар ол орыс тілінде . Тәрбиеші: Балалар экранға назар аудару Орыс тілінде бірінші айтып өтейін Эта лесные звери Эта волк Эта белка Эта кабан Эта заяц Эта ежь Эта олень Эта медведь Эта лиса Эта мышь. Кто большой медьвед мышь маленкий Кто большой волк ,белка маленкий Кто большой олень ,заяц маленький. Олень большой ,мышь маленький. Много белк,а волк одна,белк маленкий, а влок большой. Мышь много, лиса одна, мышь маленкий, лиса большой. Одна белк ,много белки,очень много белки. Одна мышь, много мышь, очень много много мышь. Одна заяц,много заяц, очень иного заяц. Үкі апай : Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер? Үкі апай: ал балалар сендер шаршадыңдар ма? Қане бәріміз бірігіп сергіту сәтін жасайық
Экранда мултимедиялық бейнеге қарап қимыл қозғалыстарын жасау. Үкі апай: Жарайсыңдар балалар сендердің өнерлеріңді көрейік, шығармашылық алаңға өтейік. 1.Табиғи материал –еменнің жаңғақтарынан және ермексаздың көмегімен үкі жасау. Ермексазды ауызға салуға болмайды,оны білеміз балалар Іске сәт. 2.Кеңселік қағаздармен жұмыс Балалар орманда құстардың да дыбысын естідік ,сол құсты кеңселік қағаздан құстың бейнесін жасау .Балалар сендер қайшымен жұмыс жасайсыңдар,қайшының ұшын абайлаңдар. Іске сәт. Үкі апай: Өте тамаша, өнерлі екенсіңдер,сендердің жасағандарыңды ормандағы балапандарыма үйретемін ,енді қайтатын уақыт болды .Балалар сендерге өте ризамын Сау болыңдар! |
Балалар таңырқай қарайды. Балалар Үкі апаймен үш тілде амандасады. Үкі апай орындыққа жайғасып көзілдірігін тағып ертегіні айтуға келіседі. Ортаға түлкі кейіпкер келіп өз сөзін айтады. Қысқы талдарда қырғауыл ұшып келеді Түлкі мен қырғауылдың бір – бірімен тілдесуі Сыртан иттің даусы естіледі.
Түлкінің қорқып қашыуы Үкі апайдың сонымен ертегісі аяқталуы Үкі апайдың балаларға арналған тапсырмаларын айтуға мүмкіндік жасау. Балалар назарын экранға аударуда. Балалар экранға қарап тапсырманы орындайды.
Балалар алдындағы таратпа құралды алып тапсырманы мұқият белгілейді. Кірпі кеңістіктің оң жағында,төменде. Кірпінің жоғарғы жағында,яғни оң жақтың жоғарғы жағында. Түлкі ортада. Аю сол жақтың төменгі жағында, Ал тиін сол жақтың жоғарғы жағында. Орманда мекендейді. Қане балалар қол көтеріп айтамыз. Аю – медьвед Қоян - зайц Кірпі –Ежик Түлкі – лиса\ Тиін - белка Балалар орыс тіліндегі тапсырманы муқият орындауы. Балалардың назарын экранға аудару. Олар бірі екіншісінен кіші екенін табады. Балалар біреу және көп ,және өте көп екенін айту Балаларды мадақтау! Ең соңында түлкі өз айласын бірде болмаса бірде орындайтынын білдіру . Балалар ертегіні жеке-жеке атайды.болған соң сергітуге ұсыныс жасау. Слайдтағы бейнеге қарап сергіту сәтін іс қимыл қозғалыспен орындау. Балалар шығармашылық . Шығармашылыққа келген балаларға, тәрбиеші түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жақсылап жасауына жағдай жасау. Балалар шығармашылық жұмыстарын болған соң ,қайта орындыққа жайғастыруын өтіну. Үкі апай балалардың орындаған тапсырмала рына риза болып рахметін айтады және балалардан үйренгендерін ормандағы балапандарына үйрететінін айтып қоштасады |
|
Жетекші жөндеуші
|
Осының бәрін біз қайдан үйрендік? Үкі апай бізге қандай тапсырмалар берді? Үкі апай бізге қандай ертегі айтып берді.? Балалар сендер қандай шығармашылық жұмыс орындадыңдар ? Балалар ертегі кейіпкерлермен бірге сендерді де смайлик пен марапаттаймыз! Балалар келген қонақ апайларға өздеріне алғандай алмамен марапаттауы, балалар өздері бергеніне мәз болып қалады. Балалар келген апайлармен қоштасуы. Осымен ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекетіміз аяқталды.Келген деріңізге көп-көп рахмет. |
Балалардың мәз мейрам болып қуануы. Балалар келген тәрбиешілермен қоштасуы. |
Білу қажет: Тірі табиғат иелеріне қамқорлық жасауды.
Қалыптасқан түсініктер: Табиғатты қорғау жұмысының қажет екенін түсінеді.
Орындаушылық қабілеті: Ойларын ашық жеткізе білді,сұрақтарға өз бетінше жауап берді,шығармашылық тапсырмаларында белсенділігі артты. .
|
Бала бақша бақұям Тәрбиесі ,тәлімін аямаған Алақанды әлпештеп аялаған Сан бөбектер сәнімен саялаған Балабақша бақұям – қымбат маған Ля-Ля-Ля-Ля Ля-Ля-Ля-Ля- қымбат маған Алғаш білім нәрін сусындатқан Өрендердің үрлеп жаққан Түлегіне тәмам жұрт таңдай қаққан Балабақша бақұям – сенсің мақтан Ля-Ля-Ля-ля-ля Ля-Ля-Ля –Ля -сенсің мақтан |
Бала бақша бақұям Тәрбиесі ,тәлімін аямаған Алақанды әлпештеп аялаған Сан бөбектер сәнімен саялаған Балабақша бақұям – қымбат маған Ля-Ля-Ля-Ля Ля-Ля-Ля-Ля- қымбат маған Алғаш білім нәрін сусындатқан Өрендердің үрлеп жаққан Түлегіне тәмам жұрт таңдай қаққан Балабақша бақұям – сенсің мақтан Ля-Ля-Ля-ля-ля Ля-Ля-Ля –Ля -сенсің мақтан |
|
Бала бақша бақұям Тәрбиесі ,тәлімін аямаған Алақанды әлпештеп аялаған Сан бөбектер сәнімен саялаған Балабақша бақұям – қымбат маған Ля-Ля-Ля-Ля Ля-Ля-Ля-Ля- қымбат маған Алғаш білім нәрін сусындатқан Өрендердің үрлеп жаққан Түлегіне тәмам жұрт таңдай қаққан Балабақша бақұям – сенсің мақтан Ля-Ля-Ля-ля-ля Ля-Ля-Ля –Ля -сенсің мақтан |
Бала бақша бақұям Тәрбиесі ,тәлімін аямаған Алақанды әлпештеп аялаған Сан бөбектер сәнімен саялаған Балабақша бақұям – қымбат маған Ля-Ля-Ля-Ля Ля-Ля-Ля-Ля- қымбат маған Алғаш білім нәрін сусындатқан Өрендердің үрлеп жаққан Түлегіне тәмам жұрт таңдай қаққан Балабақша бақұям – сенсің мақтан Ля-Ля-Ля-ля-ля Ля-Ля-Ля –Ля -сенсің мақтан |
|
|
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген