400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: "Ертегі кейіпкерлерін қәуіпсіздік ережелеріне үйретеміз" ересек тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың үйдегі қауіпсіздік тәртіп дағдыларын қалыптастыру. Өртке қауіпті заттармен және құралдармен таныстыру. Оларды қолдану қауіпсіздігін үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Таурбаева Жанат Батыргалиевна


Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім-бөлімінің №40 бөбекжай-бақшасы» МКҚК


Ересек «Б» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Тәрбиеші: Таурбаева Ж.Б.
Өткізілген күні:13.04. 2020 ж.

Білім беру саласы: «Денсаулық» ҚМҚН

Тақырыбы: «Ертегі кейіпкерлерін қауіпсіздікке үйретеміз»

Мақсаты: Балалардың үйдегі қауіпсіздік тәртіп дағдыларын қалыптастыру. Өртке қауіпті заттармен және құралдармен таныстыру. Оларды қолдану қауіпсіздігін үйрету.Жеке қауіпсіздік білімі көмегімен, қауіпті жағдайдын алдын алуды үйрету. Балаларды аяқ астынан қауіп төнген кезде құтқару қызметіне хабарласу керектігін, үйрету. Шешім шығару қабілетін дамыту. Қауіпті заттар туралы, түрлі жағдайларда қауіпсіздік тәртіп ережесі туралы балалардың білімін бекіту. Айналасындағыларға қауіп төнген кезде көмектесу ынтасын тәрбиелеу.

Әдістер: Көрсету, иллюстрацияларды қарау, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: құтқару қызметі, электрқұралдары.

 

Іс-әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші балаларға аудиожазба тындатады. Аудиожазба: «Сәлеметсіңдерме, балалар!Мен сендердің ертегілерді жақсы көретіндерінді білемін. Менің ертегі елімдегі ертегілер кейіпкерлеріме қауіп төніп тұр, өйткені олар түрлі қауіпті жағдайларда өздерін дұрыс ұстауды білмейді. Оларға көмектесіңдерші. Мен сендерге ертегі еліне аттанатын кілт жібердім. Ертегі Феясы». -Балалар ертегі кейіпкерлерін қауіп төніп тұр екен, көмектесемізбе оларға?

Балалар таңырқап тыңдайды.







Балалар ертегі Феясына

Көмектесетіндері туралы айтады.



-Иә, көмектесеміз.

Ұйымдастыру-шылық ізденісі

-Мына конвертте Фея беріп жіберген кілттін бөлшектері бар. Бірақ кілтті Зұлым сиқыршы сиқырлап қойыпты. Ал бұл кілтсіз біз ертегі еліне бара алмаймыз.Бұл кілттін бөлшектерін жинау үшін қауіп төніп тұрған кейіпкерлердің қай ертегіден екенін табу керек.Дұрыс тапсаңдар, кіллтін бөлшектерін жинап ертегі еліне аттана аламыз. Тәрбиеші ертегі бойынша сұрақтар қояды.

  1. Бұл кейіпкерге өзі жалғыз, үлкендерсіз қыдырып кеткені үшін қауіп төнді.

  2. Бұл ертегіде олар есікті ашқаны үшін, оларды жеп қойды.

  3. Бұл ертегіде оны түлкі ұрлап кетті, өйткені ол танымайтын аңмен сөйлесті, бірақ оны мысық құтқарды.

  4. Ал бұл кейіпкер өтірікші мысық Базилио мен түлкі Алисаға сеніп қалды.

  5. Бұл ертегі кейіпкері қасқырмен сөйлесіп, әжесінің қайда тұратынын айтқаны үшін қауіп төнді.

  6. Бұл ертегіде әпкесі інісін қараусыз тастап, ойнап кетеді.

-Жарайсыңдар, балалар! Бізде енді ертегілер елінің кілті бар, енді ертегілер еліне аттана аламыз.

1,2,3 көзімізді жұмамыз, айналамыз, ертегі елінен тап боламыз.

-Балалар ертегі елінде бізді күннің көзі жарқырап қарсы алды.

Көзге арналған жаттығу.

-Күннің көзі бұлттармен тығылмақ ойнайды.

-Сұр бұлттар, көк бұлттар

-Екеуі жеңіл, екі бұлт ауыр

-Бұлттар тығылып қалды, бұлттар жоғалып кетті

-Күннің көзі аспанда жарқырап шықты.


Өрттің дыбыс естіледі.

Видео «Мысықтың үйі» ертегісінен үзінді : Мысықтың үйі жанып жатқанын көрсету.

-Балалар бұл қандай ертегі?

-Балалар өрт қайдан шықты?

-Өрт болғанда қайда хабарласу керек?

Балалар қане көрейікші сендер өрт болған жағдайда қалай көмек шақыра аласыңдар?



Көрініс: «Егер қауіп төнсе»

Балалар өрт болғанда, мына жануарлар күйіп қалыпты.

Оларға қандай алғашқы жәрдем көрсетейікші.







Аудиожазба: Золушканың өлең айтқанын есту.

-Балалар мынау өлең айтып жатқан кім?

Суреттен«Золушканын үй сыпырып жүргенін көрсету»

-Балалар біз қандай ертегіге келдік?

Балалар қараңдаршы Золушка үй сыпырып шаршаған соң,жұмысты тез істесін деп, оған мейірімді Фея жаңа электрқұралдар сыйлапты.

Бірақ Золушка олармен қалай қолдану қауіпсіздігін білмейді.

-Балалар қандай электрқұралдарын көріп тұрсыңдар?

Балалар мында тағы да суреттер бар екен.

-Сендер Золушкаға қауіпті және не қауіпсіз екенін айтып беріндерші?

Воскобович коврографы дамытушы ойыны: «Қауіпті, қауіпсіз»


Сергіту сәті: Золушка туралы.



Экраннан «Ұйқыдағы ару» ертегісін көрсету.

-Таңыдыңдарма бұл кім?

-Неге ол ұйықтап қалды?

-Ал сендер қандай қауіпті заттарды білесіңдер?


Лулия ойыны: «Қауіпті заттар»



«Айболит» ертегісін көрсету.

Тәрбиеші балаларға Африкадағы аңдардың іші ауырып қалғанын айтады.

-Балалар неге аңдардың іштері ауырып қалды?

-Дұрыс, жемістерді жемес бұрын не істеу керек?

Балалар Айболит сендерге алғыс айтып,таза, жуылған жемістер беріп жіберді.


Ертегі Феясы сендер ертегі кейіпкердеріне көмектескендерін үшін алғыс айтады,ал біз сендермен топқа қайтамыз.

1,2,3 көзімізді жұмамыз, айналамыз, топқа ораламыз.

Балалар қызығушылық тудырады.





Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.



Балалар сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады.

Бауырсақ ертегісі.



Жеті лақ ертегісі.



Мысық, әтеш, түлкі ертегісі.



Буратинанын саяхаты





Қызыл телпек ертегісі.

Аққу-қаздар ертегісі.





Балалар қуанады.

Шеңберге тұрып, көздерін жұмып, айналады.

Көзге арналған жаттығуды жасайды.

(көздерін дөңгелете айналдырады) (солға, оңға қарайды) (жоғары , төмен қарайды ) (көздерін жұмады) (көздерін ашып, жұму)



Балалар дысысты естіп таңырқайды, видеоны қарайды.

Мысықтың үйі ертегісі. Мысықтың үйінде қонақтар болды, олар пештің есігін ашық қалдырды, от кілемге түсіп, өрт шықты.

Бір бала құтқару қызметінің бас киімін киіп орындыққы отырып, телефонға жауап береді.

Қалған балалар өрт сөндірушілер номерін теріп, не болғанын айтады.

Балалар жануарлардың жарақатын бинтпен байлап алғашқы көмек көрсетеді.

Золушка өлең айтып жатқанын айтады.

Золушка ертегісіне.

Балалар қандай электрқұралдарын сыйлағанын айтады. Балалар қалай қолдану керек екенін айтады.



Картинкаларды қарап қауіпсіздік туралы өз ойларын айтады.

Қауіпті және қауіпсіз суреттерді орнына іліп, ойынды қызығушылықпен ойнайды.



Золушкамен бірге билейді.

Ұйқыдағы ару ертегісіндегі ару.

Өткені ол каролді тындамады, ұршықпен қолын шаңшып алды.

Қауіпті заттарды айтады. Балта, дәрі, ине, шеге, ара т.б.

Ойынды ойнайды.


Бұл Айболит.

Балалар өз ойларын айтады.

Жемістерді жемес бұрын қолды жуу керек. Жемісті жуып барып, жеу керек.

Балалар жемістерді көріп қуанады.



Балалар ертегі кейіпкерлеріне көмектескендеріне риза болады.

Көздерін жұмып, топқа оралады.

Рефлексивті коррекциялаушы

-Балалар сендерге саяхатымыз ұнады ма?

-Мысықтың үйшігі ертегісінен сендер қандай қауіпсіздік ережесін үйрендіндер?

-Золушка ертегісінен ше?

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Күтілген нәтиже:
Айналасындағыларға қауіп төнген кезде көмектесу ұғынады

Қауіпті заттар туралы, түрлі жағдайларда қауіпсіздік тәртіп ережесі туралы

түсінеді

Жеке қауіпсіздік білімі көмегімен, қауіпті жағдайдын алдын алуды; балаларды аяқ астынан қауіп төнген кезде құтқару қызметіне хабарласуды қолданады.


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
512
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі