15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: "Ертегігіге құрылған иллюстрация" 4- класс М.Төлегенов атындағы орта мектебі
Ертегіге, көркем шығармаға құрылған иллюстрация.
Ашық сабақ
Пәні: Бейнелеу. Класы: 6
Сабақтың міндеті:
Балаларға арналған кітаптар бойынша жасалған ірі суретшілердің ертегілерге, көркем әдеби шығармаларға арналған суреттерінен өмір шындығын ертегі мәтініндегі кейіпкер әрекетін елестете білу,көркемідік талғамын қалыптастыру, жақсы қасиеттерін үйреніп, жаман қасиеттерінен жиреніп,ертегідегі кейіпкерлерге сүйіспеншілігі мен жанашаырлығын ояту.Ертегі , көркем шығармаға қатысты сюжетті құрып сурет салуға машықтану.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға ертегі, әдеби
шығармалар кейіпкерлері туралы мағлұмат
бере отырып әдеби көркем шығармаларды
иллюстрация арқылы қабылдауға үйрету.
Дамытушылығы: Өзіндік ой- қиялын дамыту,
ұшқыр ойлылығын, эстетикалық қызығушылығын
дамыту. Әдебиет , ертегі, көркем шығармаға
қызығушылығын арттырып, кітап тарихы,
кітапқа қызығушылығын оятып, оны оқу арқылы
сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелілігі: Көз алдына елестету,арқылы көркем
шығарма, ертегіден өмірді қабылдау жақсы –
жаманды айыру, Өмір мен айналадағы қоршаған
орта мен табиғатты тануға, ондағы әдемілікті
көре білуге халқымыздың ұлттық ертегілерін
сүюге , арман –тілегін, баға жетпес рухани
тәрбиесін ұрпаққа ертегі арқылы бере
білгенін сезініп , оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:
Әдебиет : Әдеби көркем шығармалар, ауыз әдебиетіндегі ертегілер, тақпақ, өтірік өлеңдер, мысалдар, т,б.
Биология: Тірі табиғат иелері мен адамдардың дене пропорциясы.
Эстетика: Әсемдікті ,елді, жерді сүю, жақсы –жаманды айыру.
Тарих: Батальдық көркем шығармаларды насихаттау.
Информатика: Көркем бейнені ақпараттық технология арқылы қабылдау.
Технология: Шығарманы бейнелеуде қол машықтығын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Аукцион , Көрініс,Сарамандық
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, мазмұнын , өз ойларын айту шығармашылық әңгіме,
шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі :
Мұғалім үшін:
Плакаттар , суреттер (А4) , «Айгөлек» журналы, ертегіге, көркем шығармаға құрылған сюжетті көшірмелі суреттер, көрініс сахнасы, ,кітаптар, плакаттар, карточкалар, т,б.
Оқушы үшін:
Альбом парақтары, «Айгөлек» журналы, қарындаш, түсті акварель, өшіргіш, қағаздар топтамасы, үй жұмыстары, су құтысы, т,б.
9
Сабақтың кезеңдері:
І Ұйымдастыру сәті:Құралдарын тексеріп, сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы:
Оқушы ұшқырлығы (Жеті пәннен жеті құпия сұрақ)
Жалпылама сұрақтар арқылы оқушылардың білімін және үйден орындап келген жұмыстарын тексеріп бағалау, мадақтау.
1.Бейнелеу. 1Кеңістіктегі нәрсенің біздің көру нүктемізден алыстаған сайын кішірейіп көрінуін қалай атаймыз ? (Перспектива.)
2.Технология. 2 Перспективаның үй ішін бейнелеу түрін қалай атаймыз? (Интерьер)
3. Тарих. 3 Тарих мұқабасындағы Әйгілі «Турксиб» картинасысындағы алыстап бара жатқан вагондар ше?Бұл кімнің жазған картинасы? (Ә.Қастеев)
4. Математика.4 Көше перспективасындағы әсем ғимараттардың нобайын неге ұқсатамыз?(Параллилипипед)
5. География. 5Әуедегі ұшқан құс, алып лайнер –ұшақтардың суретін салғанда перспектива заңдылығының қандай түрін қолданамыз? ( Ауа перспективасы)
6. Қазақ әдебиеті. 6 Мініп алып құртқа ,
Ұшып бардым бұлтқа.
Бұлттан сәлем жолдадым,
Жердегі бар жұртқа. – Қандай жанр? ( Өтірік өлең.)
7. Өзін –өзі тану. Мына суретке мақал құра.( Қыз – жердің көркі, Гүл – елдің көркі. )
ІІІ. Жаңа сабақ.1. Мағынаны таны. Сабақ мазмұны.
2. Көрініс. Сахналық қойылым.
ІҮ. Сарамандық жұмыс .
1.Ертегілерден бір тақырыпқа сурет салу. Ертегінің басты кейіпкерін жеке парақта іздеу.
2.Ертегі ішіндегі ең қызықты оқиғадан сюжеттік көрініс салу.
ІІІ кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
І Деңгей. Көркем суреттердегі әдемілік . Алдымызда тұрған «Қожанасыр туралы аңыздар» ертегілер топтамасына иллюстрация нобайын (Эскиз)жасау. Композициялық орталықты табатын - репродуктивті деңгей. Шығарманы әр бала өзі отырған жерден қарап қағаз бетіне оймен дұрыс орналастыру.
ІІ Деңгей. Қалыптасқан дағдысын пайдаланып , суреттің шешімін табу, негізгі түстік гамманы табу.Композициясын табатын тапқырлық- эвристикалық деңгей.
ІІІ. Деңгей.Оқушының білімін , білігі , дағдысы, қабілеті ерекше аңғарылып, жұмыс нәтижесі көрінетін шығармашылық деңгей. Шығарманы толық аяқтау.
Ү. Бекіту сұрақтары.
ҮІ.Оқушыларды үй тапсырмасы мен жаңа сабақты бірге қорытындылай отырып бағалау.
ҮІІ.Үйге тапсырма.
Жаңа сабақ. Мағынаны таны:
1,Балалар, ауыз әдебиетіне нелер жатады?
Осы аңыз әңгімелер , көркем әдеби шығармаларда, ертегілерде , өздерің сүйіп оқыған басқа да балаларға арналған кітаптарда алдымен қолға алғанда одан не байқадыңдар?
Қолыңа жаңа кітап түскенде алдымен оның суреттерін қарап шығасың.Егер суреттері ұнаса бірден сол кітапты оқып шыққың келеді. Демек бұл кітапты жақсы суретші безендірген. Ондай суретшіні безендіруші деп атайды. Ал кітаптың мазмұнына салынған суретті иллюстрация деп атайды.
Бұл латын сөзі екен, мағынасы «ЖАРЫҚТАНДЫРУ» деген мағынаны береді.
Иллюстрациялар тек кітапты безендіріп қана қоймай , оны оқырмандарға тартымды етіп, мағынасын ашып береді.
Сонымен қатар кітаптың мазмұнын , кейіпкерлердің мінез-құлқы мен бейнесін ашуда үлкен рөл атқарады.
Қолыңа кітап алып, оқымай- ақ иллюстрацияларын қарап шыққанда, не туралы екенін жобалап айтқан, ондағы басты кейіпкерді көз алдыңа елестеткен сәттерің есіңде болар.
10
2. Осы аралықта кітаптың шығу тарихына кішкене тоқтала кетейі. Бұл деректі оқуға оқушымыз Ғаббасқа және Еркежанға кезек берейік.
4. Енді біздің тақырыбымызға орай иллюстрацияға тоқталайық.
Табиғат күштерін қайткенде басқару жайын , әлемде туындап жатқан сансыз құбылыстардың мәнін қалай ұғыну, жағдайын адамзат сонау бағзы заманнан бері арман еткен, еркін еңбекті әділдікті, бақытты көксеген. Барлық елдердегі адамдардың арманы бір- біріне ұқсас болды. Алайда әр халық оны өзінше бейнеледі. Әрбір халықтыңүміт-тілегі , аңсаған арманымен бірге жасасып келе жатқан ғажайып ертегілер әлемі пайда болды. Яғни ертегі – адам қиялының қазынасы, халық шығармашылығының бір көрінісі. Ертегіден халықтың көркем творчествоға , өзінің шығармашылық ұшан- теңіз қиялын бейнелеп беруге деген суреткерлік дарынын аңғаруға болады. Ол өзінің тыңдаушысынан қанатты қиял мен шығармашылық елестету күшін талап етеді. Ертегінің шындыққа айналған кездері де бар.Мысалы аспанда ұшатын ұшақтың (сомолёттің) ертегіден алынғанын біле бермейміз. Бұдан бірнеше жүздеген
Жылдар бұрын жер бетінен бірде бір адам көтеріліп көрмеген заманда, адам қиялымен ертегілерде кілемге мініп ұшу болған. Ертөстіктің Самұрыққа мініп ұшуы, Толағайдың тау арқалауы да осы халқымыздың қиялының жемісі еді.
Ертегіні құруда жазушылардан А.С.Пушкин, Ершов, Некрасов, француз ертекшісі Перро, Дат ертекшісіАндерсен, неміс жазушылары Ағайынды Гриммдер , атақты Мюннхаузен, т,б, сөз зергерлері халық ертегілерінің негізі бойынша өз ертегілерін шығарды.
Ертегілерде қиял-ғажайып та, өмір шындығы да болады. Мұндай ерекшеліктерді суретшілер иллюстрациялық суреттерде де өте нанымды бейнелей алады.
Ертегі , көркем шығармалар бізге қазіргі заманда да қажет. Ол тыңдаушыларын еліктіріп, қызықтырып, көңілін ашады, сонымен қатар жақсылыққа , әділеттілікке деген сезімін туындатады. Еркін ой мен қанатты қиялға баулиды. Бұлар адамзат баласы үшін барлық замандағы кезде де , тіпті ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі заманда да адам баласына қажет құнды қасиеттер.
Сонымен сөзімізді қорыта келгенде әдеби көркем шығармалар мен ертегілердің мәтініне құрылған суретті – ИЛЛЮСТРАЦИЯ деп атаймыз.
Қазақтың ұлттық ертегілерін алғаш жинақтаушылар – орыс оқымыстылары: Радлов, Потанин, қазақтан Шоқан, шығыстық – Диваев, кейіннен ақын Ақылбек Сабалов, Мақыш Тәтімов, Т,б жинақтады. Ақын Абай да шығыстың аңызы –ертегісі -«Әли», «Әзімді» өлеңмен аударды.
Осы ертегілерге көркемдеп сурет салушылар – Бейсен Серікбай, А,Ысқақов, Бейсебек Ақанаев, С,Дүзелханов т,б.
Шығыс халықтарының ішінде Қазақ, Қырғыз,Өзбек, Түрік т,б, Азия елдерінің бәріне ортақ аңыз –ертегі , күлдіргі әңгіме - Қожанасыр және «Мың бір түн ертегісі»,»Тотының тоқсан тарауы» т,б, ертегілер әлі толық зерттеліп болған жоқ.
Қазір дүние жүзінің флоьклористері финдік Аарне Антти орыс ертегісінен 2136 ертегіні, шығысертегілерінен 915 тей ертегіні катологке енгізген. Бірақ қазақ ертегілері көп зерттелмегендіктен,
Ертегіні классификациялау әдісі әлі қолданылмай келеді . Біздің білетініміз Қожанасырды түркі халықтарынан Өзбек халқы «біздікі», Қырғыз халқы «біздің ертегі», Түрік халқы да «Біздікі» , деуіне қарағанда Қожанасыр Барлық түркі халқыныкі екендігі, ал Алдаркөсенің Қазақ халқыныкі екенін білеміз. Бұл деректер М.Әуезовтың ертегілерді зерттеу лерінен алынды.
2. Көрініс. Сахналық қойылым.
ІҮ. Сарамандық жұмыс .
1.Ертегілерден бір тақырыпқа сурет салу. Ертегінің басты кейіпкерін жеке парақта іздеу.
2.Ертегі ішіндегі ең қызықты оқиғадан сюжеттік көрініс салу.
11
ІІІ кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
І Деңгей.
Көркем суреттердегі әдемілік . Алдымызда тұрған «Қожанасыр туралы аңыздар»ертегілер топтамасына иллюстрация нобайын (Эскиз)жасау. Композициялық орталықты табатын - репродуктивті деңгей. Шығарманы әр бала өзі отырған жерден қарап қағаз бетіне оймен дұрыс орналастыру.
ІІ Деңгей.
Қалыптасқан дағдысын пайдаланып , суреттің шешімін табу, негізгі түстік гамманы табу.Композициясын табатын тапқырлық- эвристикалық деңгей.
ІІІ. Деңгей.
Оқушының білімін , білігі , дағдысы, қабілеті ерекше аңғарылып, жұмыс нәтижесі көрінетін шығармашылық деңгей. Шығарманы толық аяқтау.
Ү. Бекіту сұрақтары.
1. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата?
2 .Иллюстрация дегеніміз не?
3Халқымыздың аңыз , ертегілерінен жағымды кейіпкерлерді ата?
4. Балалар әдебиетінің көркемдеуші – сурешілерін ата?
5Қожанасыр қандай кейіпкер? Ол қай халықтың сүйікті кейіпкері?
ҮІ.Оқушыларды үй тапсырмасы мен жаңа сабақты бірге қорытындылай отырып бағалау. Аукцион арқылы оқушыларға жетон таратып, бағалау.
ҮІІ.Үйге тапсырма.
Қожанасыр туралы дерек жинақтап,
Суретті толық аяқтап келу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген