Бекітемін:____________
МКҚК
№42«Айналайын» балабақшасы
Меңгеруші:
Шугаева Н.Г
«Ертегілер
әлеміне саяхат!»
«Күншуақ»
мектепалды тобы
Тәрбиеші:
Жусупова А.О
2026
оқу
жылы
«Ертегілер
әлеміне саяхат»
Тақырыбы:
«Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
Ертегілер
арқылы балалардың тілін дамыту.Тапсырма
беру арқылы қиялдауға, шешен
сөйлеуге,өз ойын еркін жеткізе білуге,жақсы
қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бізге
бүгін қонақ апайлар келіп отыр. Қанекей
балалар апайлар мен амандасып алайық!
«Сәлемдесу».
Дөңгеленіп
тұрайық,
Шеңберді
біз құрайық.
Қол
ұстасып бәріміз,
Ақ
тілекті жолдайық!
Қайырлы
таң, бақшамыз!
Қайырлы
таң, достарым!
Қайырлы
таң, апайлар!
Тәрбиеші:
Өте жақсы балалар,ендеше мен сендерге
бір жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ:
Суда
мұз бар,
Жерде
қар бар.
Боран
болып соғады,
Бұл
қай кезде болады?
Балалар:
(Қыс)
Тәрбиеші:
Балалар
сонымен қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
Қыс
мезгілі.
Тәрбиеші:
Қыс
мезгілінде неше ай болады?
Балалар:
3
ай болады.
Тәрбиеші:
Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер
болады?
Балалар:
Қар
жауады, боран болады, жер мұз болады.
Адамдар қысқы киімдерін киеді.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар
балалар.
Ғажайып
сәт.
Есік қағылады, қонаққа Қызыл телпек
келеді.
Қызыл
телпек: Сәлеметсіңдер
ме балалар!
Тәрбиеші:
Сәлем
, балалар қонаққа кім келген? Таныдыңдар
ма?
Балалар:
Қызыл
телпек.
Қызыл
телпек: Иә
балалар дұрыс таптыңдар.
Тәрбиеші:
Қызыл
телпек сен неге көңілсіз жүрсің? Мында
қайдан жүрсің?
Қызыл
телпек: Мен
сендерден көмек сұрап келдім.Менің
әжеме бәліш апаруым керек еді, маған
ертегілер әлеміне баруға көмектесіңдерші.
Тәрбиеші:
Жарайды
Қызыл телпек , балалар Қызыл телпекке
көмектесеміз бе?
Балалар:
Иә.
Тәрбиеші:
Иә,
олай болса ертегі әлемі алыста, біз
ертегілер әлеміне сиқырлы кілеммен
ұшып барайық. (Әйгерім
Қалаубаеваның орындауындағы « Ертегілер»
әнінің ырғағымен кілемге отырып ұшады
).
Тәрбиеші:
Балалар
қараңдаршы мұнда бірнеше жол бар екен.
Балалар біз қандай жолмен баратынымызды
білмейміз ғой.Енді нестейміз . Ой балалар
бұл кім?
Балалар
: Бауырсақ!
Тәрбиеші:
Сәлеметсің
бе бауырсақ! Балалар сендер бұл ертегі
кейіпкерін таныдыңдар ма?
Бауырсақ:
Балалар
сендер мұнда орманда нестеп жүрсіңдер?
Тәрбиеші:
Бауырсақ
сен бізге Қызыл телпектің әжесінің
үйіне барар жолды көрсетіп, бізге
көмектесші! Әжесіне бәліш апарып беруі
керек еді.
Бауырсақ:
Әрине,
көмектесемін. Балалар бірақ менің
сендерге тапсырмаларым бар. Сол
тапсырмаларымды дұрыс орындап берсеңдер
мен сендерге жолды көрсетемін.
Тапсырма.
Қызыл
телпек ертегісінің кейіпкерлерін ата
және ретімен орналастыр.
Тапсырма.Ертегілерді
ретімен пазл ретінде құрастыр.
Бауырсақ.
Жарайсыңдар
балалар! Енді мен сендерге жолды көрсетіп
жіберейін. Мында екі жол бар . Сендер оң
жақ жолмен жүріңдер.
Тәрбиеші:
Ендеше балалар, жолға шықпас бұрын
кішкене серігіп алайық!
Тәрбиеші:
Ой
балалар қараңдаршы біз тағы да адасып
кеткен сияқтымыз. Балалар бұл жер өте
қауіпті, аңдардың дауысы шығып жатыр.
(Аюдың дауысы шығады)
Аю:
Менің
мазамды алып, шулап жүрген кімдер?
Орманда нестеп жүрсіңдер?
Тәрбиеші:
Ой,
балалар аю ашулы сияқты оның ұйқысын
ашуға көмектесейік.
Музыкалық сергіту.
Тәрбиеші:
Сәлеметсіз
бе ? Балалар бұл кім? Бұл қандай ертегі?
Бұл ертегіні білесіңдер ме? Аю, біз Қызыл
телпектің әжесіне бара жатқан едік,
жолда адасып кеттік сіз бізге жол
көрсетіп жібересіз бе?
Аю:
Сендер
мені ұйқымнан ояттыңдар! Сол үшін сендер
менің тапсырмамды орындаңдар.
Орындамасаңдар мен сіздерді
ешқайда
жібермеймін!
Тәрбиеші:
Жарайды
қандай тапсырма берсеңізде орындаймыз,
солай ғой балалар.
Аю:
Ол үшін мына менің үйшігімнен тапсырма
аласыңдар.
1-тапсырма.
Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерін
ата және оларды ретімен орналастыр.
2-тапсырма.
Көлеміне қарай орналастыр.
3-тапсырма.Көршісін
тап
4-тапсырма.
Үйшік ертегісінің кейіпкерлерін атап
орналастыр.
5-тапсырма.Дауысты,
дауыссыз дыбыстарды ажырат.
Тәрбиеші:
Балалар
енді аюға қыстық азығын жинап берейік.
«Кім
жылдам ойыны»
Аю:
Ой
балалар, рахмет, сендер анау таңқурайдың
арасымен жүрсеңдер алдарыңнан әжейдің
үйі шығады.
Тәрбиеші:Рахмет
аю,сау болыңыз. Балалар мына таңқурай
арасынан шаршағанымызды басып, мына
жердегі кедергілерден қоян,аю, құс,
тәрізді жүріп өтейік.
Алдарынан
әженің үйі шығады. Әже мен Қызыл телпек
құшақтасады.
Тәрбиеші:
Сәлеметсіз
бе ,әже!
Әже:
Сәлеметсіңдер
ме, балалар!
Қызыл
телпек: Әже
маған достарым көмектесті.
Әже:
Рахмет
балалар,қызымды аман-есен жеткіздіңдер.
Тәрбиеші:
Ал
Қызыл телпек біз енді балабақшамызға
қайтайық.
Әже:
Тұра
тұрыңдар, балалар. Сендердің маған
көмектерің керек боп тұр. Мына кілемшемді
бітіре алмай жатырмын. Қыздар маған
көмектесіп жібересіңдер ме? Ал, ұлдар
сендер күшігімнің үйшігін бояп беріңдерші.
Тәрбиеші:
Әрине,
көмектесеміз.
«Кілемше
құрау» қыздар.
Үйшік
бояу ұлдар.
Әже:
Рахмет
балалар! Енді маған көмектескендерің
үшін мына бауырсақтарды алыңдар!
Әже:
Сау
болыңдар,балалар.
Тәрбиеші:
Сау болыңыз әже. Балалар енді кілемшеге
отырып балабақшамызға оралайық.
Қорытынды:
Балалар
бүгін біз кімге көмектестік? Қайда
саяхат жасадық? Кімдерді жолықтырдық?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Бірінші
қандай ертегіге кездестік? Екінші қандай
ертегіге кездестік? Үшінші қандай
ертегіге кездестік? Онда қандай тапсырма
орындадық?
Қоштасу
шеңбері:
Қол
ұстасып тұрайық
Шеңберді
біз құрайық
Көріскенше
күн жақсы
Сау
саламат болайық!