400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ертегілер елінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасайтын психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде

Нұралы Лаззат Қонақбайқызы,

Қызылорда облысы, Шиелі кенті,

№ 3 Облыстық балалар оңалту

орталығының психологы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Ертегі мазмұнын түсіндіру.

2.Түзете-дамытушылық: Қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, эмоционалды дамын арттыру.Қиялын дамыту.

3. Тәрбиелік: Ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқын келтіре білуге, кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреті.

Сабақтың барысы: Балалар бүгін бізде ерекше күн! Балалар бүгінгі іс-әрекетімізді бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып, жақсы тіліектерімізді айтайық.

- Деніміз сау болсын!

- Достарымыз көп болсын!

- Күніміз ашық болсын!

- Жүзіміз күлкіге толсын!

- Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?

«Қызыл телпек», «Мақта қызбен мысық», «Маша мен аю», «Шалқан» ертегісі.

-Жарайсыңдар балалар.

Қызыл телпек ертегісі. Бір күні қызыл телпек орманда тұратын әжесінің үйінге қонаққа бармақшы болады. Сөйтіп ормандағы әжесінің үйіне келсе есік ашық жатады.Қызыл телпек үйіне кіріп әжесін қараса, әжесі төсегінде жоқ екен. Әжесінің төсегіне қасқыр хат тастап кетіпті.Ол хатта қасқыр былай депті. «Қызыл телпек, егерде әжеңді құтқарғың келсе мына тапсырмаларды орында»

Ал балалар қызыл телпектің әжесін құтқаруға көмектесемізбе?

  • Иә

  • Ендеше қасқырдың тапсырмаларын орындайық.

1-тапсырма. Күзгі жемістерді жинау.

2-тапсырма.Пазлдармен жұмыс.

3-тапсырма.Жаңғақтарды теру.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Белімізді жазайық
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Біз тынығып алайық
Тынығып біз алған соң
Әсем сурет салайық

Аю мен қояндар ертегісі. Компьютерден көрсете отырып түсіндіру.

Ерте-ертеде бір орманда жалқау аю өмір сүріпті. Бір күні аю кішкентай қоянды ұстап алып, би билетіп, ән айтқызады. Мұны көрген үш қоян келіп, аю біздің досымызды жіберші, ол шаршады деп жалынады.Ал аю болса, егер сендер орманннан маған жидек теріп әкелсеңдер мен жіберем дейді.Қояндар орманнан жидек теріп әкеп аюға жегізеді.Аю қарнын сипап енді бал әкеліңдер дейді.Қояндар орманнан бал жинап әкеледі. Сол кезде аю бұл балды жейтін қасық керек, сендер қасық жасап әкеліңдер дейді. Қояндар үлкен етіп қасық жасап әкеледі.Аю үлкен қасықпен жей бергенде бал жерге төгіледі. Қояндар болса, қаша жөнеледі. Содан бері аю жалқау болмайтын болыпты.

Қимылды қайтала ойыны

Мақсаты: Зейінді дамыту, ойынға қызығушылығын арттыру.

Ойын ережесі: балалар музыка әуенімен билеп жүреді. музыка тоқтағанда педагог нұсқауы бойынша аюдың, қоянның қимылын қайталайды.

«Құрастыру» ойыны

Мақсаты:Балалардың танымдық қабілетін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.Ұсақ моториканы дамыту.

Ойын шарты: Балалардың алдына қоян, аюдың суреттері көрсетіледі.Бала осы аңдарды пазлдармен құрастырады.

«Ертегілер елінде» Раскраска бояу.

Мақсаты: Баланың көру арқылы қабылдауын, қиялын, зейінін, моторлық қабілеттерін дамыту.

«Күн мен жаңбыр» ойыны.

Ойын шарты: Балалар педагог нұсқауы бойынша күн деген кезде екі қолын жоғары көтеріп тұрады, ал жаңбыр дегенде қолшатыр астына жиналады.

Арттерапия.

Мақсаты: Баланың қиялын дамыту.Зейінін тұрақтандыру.

Шарты: Ертегі кейіпкерлері суреті раскраска түрінде беріледі. Берілген сурет үстіне дәндерді клеймен жапсыру арқылы ертегі кейіпкерін бейнелеу.

Бұл қай ертегіден үзінді?

Балаларға компьютерден ертегілерден үзінділер көрсетіледі. Бала суретке қарап қай ертегі екенін табуы тиіс.

Мақсаты: Көру арқылы қабылдауын, есте сақтау қабілетін дамыту.

«Аю мен қояндар» ертегісін рольде ойнау.

Мақсаты: Баланың эмоциональды қабілетін дамыту.

Дидактикалық ойын. «Аңдардың үйінің есігін жап»

Ойын шарты: Балаларға ертегі кейіпкерлері суреті беріледі.Аңдардың үйінің түсіне қарай балалар үйдің есігіне сәйкес келетін түсті таңдап есіктерін құрастырып жабады.

Қорытынды.

Тілектер шоғыры. Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі