Материалдар / ашық сабақ «Ертегілер елінде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ «Ертегілер елінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Музыкалық іс әрекеттер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың есту,есте сақтау,ырғақты сезіну қабілеттері дамиды және шығармашылық қабілеттері артады. Түрі: саяхат сабақ . Қолданылатын көрнекіліктер;Әртүрлі тапсырмаларға сай алынған атрибуттар мен маскалар,балаларға арналған музыкалық аспаптар,тыныс алу жаттығуына арналған үрлемелі шарлар мен ырғақты сезінуге арналған дөңгелекшелер,балалрды ынталандыруға арналған бағалау сыйлықтары. Зал әсем тақырыпқа сай әсем безендірілген. Музыка ханшайымы балалармен амандасады: Сәлеметсіңдерме балалар,көңіл күйлерің қалай?Қанеки,бір бірімізбен ,келген қонақтармен амандасып алайықшы: Балалармен бірге: Дөңгеленіп тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Қол алысып кәнеки, Амандасып алайық. Сәлем күнге көктегі Сәлем гүлге жердегі. Сәлемімді жолдаймын, Балыққа да көлдегі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
602
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Муканова Л.И

31 «Күншуақ»

балабақшасының

музыка жетекшісі

Ақтөбе қаласы


«Ертегілер елінде»атты

ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Мақсаты:Музыкалық іс әрекеттер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың есту,есте сақтау,ырғақты сезіну қабілеттері дамиды және шығармашылық қабілеттері артады.

Түрі: саяхат сабақ .

Қолданылатын көрнекіліктер;Әртүрлі тапсырмаларға сай алынған атрибуттар мен маскалар,балаларға арналған музыкалық аспаптар,тыныс алу жаттығуына арналған үрлемелі шарлар мен ырғақты сезінуге арналған дөңгелекшелер,балалрды ынталандыруға арналған бағалау сыйлықтары.

Зал әсем тақырыпқа сай әсем безендірілген.

Музыка ханшайымы балалармен амандасады:

Сәлеметсіңдерме балалар,көңіл күйлерің қалай?Қанеки,бір бірімізбен ,келген қонақтармен амандасып алайықшы:

Балалармен бірге:

Дөңгеленіп тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Қол алысып кәнеки,

Амандасып алайық.

Сәлем күнге көктегі

Сәлем гүлге жердегі.

Сәлемімді жолдаймын,

Балыққа да көлдегі.

Музыка ханшайымы: Балалар тыңдаңдаршы,бір дыбыс шығады,кім болды екен?Ой, балалар, қараңдар,мына жерде бірмүйізді Құлыншақ тұрғой,басындағы мүйізі ағашқа қыстырылып қалыпты.Қанеки,көмектесіп бірмүйізді Құлыншақты босатып алайықшы.

Құлыншақты босатып алады.

Музыка ханшайымы: Бірмүйізді Құлыншақ,айтшы сен қайдан жүрсің бұл жақта?Бұл жерге қайдан келдің? Сен біздер жақта болмайтын едіңғой,мекенің қайда,үйің қайда?

Бірмүйізді Құлыншақ:Мен үйімнен үйірімнен адасып қалдым.Бұл жерге қалай келгенімді өзімде түсінбей тұрмын.Мен қайдамын балалар? Мен өзімнің мекеніме қайтқым келіп тұр.Балалар маған көмектесіңдерші,мені өз мекенімде іздеп уайымдап жатқан болар.

Жылайды.

Музыка ханшайымы:Жылама бірмүйізді Құлыншағым.Біз саған көмектесеміз,солайма балалар?

Балалар:Иә,көмектесеміз бірмүйізді Құлыншаққа.

Музыка ханшайымы: Балалар,бірмүйізді Құлыншақ өз мекенін қайда екенін білмей тұр.Біздің жаққа адасып келген ғой.Олай болса,Құлыншақтың мекенін тез табу үшін менде сиқырлы глобус бар.Осы глобустың көмегімен бірмүйізді Құлыншақтың мекенін теп тез тауып берейік.Қанеки балалар,бәріміз жер шарын аралап саяхатқа аттанайық.Жердің төртбұрышына барайық,бірмүйізді Құлыншақтың мекенін табайық.Бірмүйізді Құлыншақ,сен мына глобусты айналдыр.Қай жерге тоқталсаң,сиқырдың күшімен сол жерге барайық,сенің мекеніңді табайық.

Бірмүйізді Құлыншақ глобусты айналдырады.Бірінші болып солтүстікке тоқталады.

Музыка ханшайымы:Балалар, бірінші болып жолымыз солтүстікке Антарктидаға түсті.Ол жақтың негізгі тұрғындары кімдер? Иә,дұрыс айтасыңдар, ақ аюлар мен пингвиндер.Олай болса,келіңдер бізге оңай болу үшін барлығымыз пингвин болайық.Антарктидаға саяхатқа аттанайық!

Музыка әуеніне ілесіп,ырғақты қимылдар жасау арқылы балалар солтүстікке келеді.

Музыка ханшайымы:Бірмүйізді Құлыншақ,біз солтүстікке Антарктидаға келдік.Мына пингвиндердің өнерін тамашала.Мұқият қарап отыр,ішінде сенің туысқандарың барма екен,сенің мекенің осыма екен,жарайма?

Бірмүйізді Құлыншақ:Жарайды,қарайын.

«Қасықтар оркестрі».

Музыка ханшайымы:Пингвидердің өнері ұнадыма саған? Өзіңнің туыстарыңды таптыңба бірмүйізді Құлыншақ? Сенің мекенің осында шығар мүмкін?

Бірмүйізді Құлыншақ: Тоңдым,балалар мен тоңып қатып қалдым.Солтүстік деген қара мұздай суық екен.Менің мекенім мұндай суық емес еді.Бұл жер менің мекенім емес.Өзімнің мекеніме қайтамын.

Музыка ханшайымы:Жарайды ендеше ,сен тоңып кетсең басқа жерге барайық.Мына сиқырлы глобусты айналдыр.

Бірмүйізді Құлыншақ глобусты айналдырады.Глобус оңтүстікті көрсетіп тоқталады.


Музыка ханшайымы:Балалар, екінші болып жолымыз оңтүстікке Австралияға түсті.Ол жақтың негізгі тұрғындары кімдер? Иә,дұрыс айтасыңдар, кенгурулар,жирафтар,зебралар.Олай болса,келіңдер бізге оңай болу үшін барлығымыз кенгуру болайық.Оңтүстікке Австралияға саяхатқа аттанайық!

Барлығы кенгурудың маскаларын киіп ырғақты қимылдар жасау арқылы саяхатқа шығады.Оңтүстікке Австралияға келеді.


Музыка ханшайымы:Бірмүйізді Құлыншақ,біз оңтүстікке Австралияға келдік.Мына кенгурулардың өнерін тамашала.Мұқият қарап отыр,ішінде сенің туысқандарың барма екен,сенің мекенің осыма екен,жарайма?

Бірмүйізді Құлыншақ:Жарайды,қарайын.

«Аспаптар әні».

Музыка ханшайымы:Кенгурулардың өнері ұнадыма саған? Өзіңнің туыстарыңды таптыңба бірмүйізді Құлыншақ? Сенің мекенің осында шығар мүмкін?

Бірмүйізді Құлыншақ: Ыссылап кеттім,балалар.Оңтүстік деген өте ыстық екен.Менің мекенім мұндай ыстық емес еді.Бұл жер менің мекенім емес.Өзімнің мекеніме қайтамын.

Музыка ханшайымы:Жарайды ендеше ,сен ыссылап кетсең басқа жерге барайық.Мына сиқырлы глобусты айналдыр.

Бірмүйізді Құлыншақ глобусты айналдырады.Глобус шығысты көрсетіп тоқталады.


Музыка ханшайымы:Балалар, глобусты үшінші рет айналдырғанда жолымыз шығысқа қытай еліне түсті.Ол жақтың негізгі тұрғындары кімдер? Иә,дұрыс айтасыңдар,айдахарлар ,жыландар,панда аюлары екен.Олай болса,келіңдер бізге оңай болу үшін барлығымыз айдахарға айналайық .Шығыстағы Қытай еліне саяхатқа аттанайық!

Музыка әуеніне ілесіп,ырғақты қимылдар жасау арқылы балалар шығысқа қытай еліне келеді.

Музыка ханшайымы:Бірмүйізді Құлыншақ,біз шығысқа қытай еліне келдік.Мына айдахарлардың өнерін тамашала.Мұқият қарап отыр,ішінде сенің туысқандарың барма екен,сенің мекенің осыма екен,жарайма?

Бірмүйізді Құлыншақ:Жарайды,қарайын.

«Ырғақты соқ».Ырғақты сезінуге арналған қимылды іс әрекет.

Музыка ханшайымы:Айдахарлардың өнері ұнадыма саған? Өзіңнің туыстарыңды таптыңба бірмүйізді Құлыншақ? Сенің мекенің осында шығар мүмкін?

Бірмүйізді Құлыншақ: Жоқ, бұл жер менің мекеніме ұқсамайды екен,балалар менің қатты қарным ашып қалдым.Шығыста менің ішетін сүйікті тамағым жоқ екен.Менің мекенім мұндай жер емес еді.Өзімнің мекеніме қайтамын.

Музыка ханшайымы:Жарайды ендеше ,сенің қарның ашып кетсең басқа жерге барайық.Мына сиқырлы глобусты айналдыр.

Бірмүйізді Құлыншақ глобусты айналдырады.Глобус батысты Америкадағы Уолт Дисней мекенін көрсетіп тоқталады.


Музыка ханшайымы:Балалар, глобусты төртінші рет айналдырғанда жолымыз шығысқа батыстағы Америка еліне түсті.Ол жақтың негізгі тұрғындары кімдер? Иә,дұрыс айтасыңдар,ол жақта балалардың сүйікті мультфильмдерінің мекені Уолт Дисней қалашығы бар екен.Олай болса,келіңдер бізге оңай болу үшін барлығымыз бірмүйізді Құлыншаққа айналайық .Шығыстағы Қытай еліне саяхатқа аттанайық!

Музыка әуеніне ілесіп,ырғақты қимылдар жасау арқылы балалар батысқа Америкадағы Уолт дисней мекеніне келеді.

Ер балалар бірмүйізді Құлыншақ болып ,ал қыз балалар Түлкі болып киінеді.

Бірмүйізді Құлыншақ: Алақай,алақай, бұл менің мекенім.Міне менің достарым.Алақай, мен өз мекеніме келдім.Менің қатты қарным ашты достарым.Менің сүйікті тамағым қайда?Мен сүтті жақсы көремін.Кәдімгі сүт ішкім келіп тұр.

Музыка ханшайымы:

Бірмүйізді Құлыншақ,сенің мекенің осы екенғой.Біздер қуаныштымыз сенің мекенің туыстарың табылғанына.Ұзақ жол жүреміз деп біздің де қатты қарнымыз ашып шөлдеп кеттік.Бізге не бересің?

Бірмүйізді Құлыншақ: Мен сендерге өзім ұнататын сүтті бермекші болып едім.Осы маңда Түлкілер жүретін.Түлкілер ішіп кеткен жоқпа екен а? Оларда сүтті қатты жақсы көретін еді.

Сол уақытта Түлкілер келеді.

Айтыс: «Түлкі мен құлыншақ».

Ойын: «Сүт тасу» .

Музыка ханшайымы: Ал,бірмүйізді Құлыншақ,сен өз мекеніңді ,достарыңды таптың.Біздер енді елімізге өз балабақшаиызға қайтайық.Енді адаспа.

Бірмүйізді Құлыншақ:Рахмет сендерге балалар,сендер маған көп көмектестіңдер.Сендердің арқаларыңда өз мекенімді таптым.Мен енді адаспаймын.Үлкендердің көмегінсіз жалғыз ешқайда шықпаймын.Менің сендерге беретін сыйлығым бар,соны қабыл алыңдар.Сау болыңдар,балалар!

Сыйлықтарын балаларға береді.

Балалар қоштасып залдан шығып кетеді.

Соңы.










.








































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!