400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ертегілер еліндегі ғажайып математика"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған,іс-тәжірибе алмасуда көмеші сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

№19 ЖОББМ шағын орталық «Ертарғын тобы»



Ұйымдастырылған ашық оқу- іс қызметі

Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі ғажайып математика»



Орындаған: Халекенова Б.Н















Орал қаласы 2019 жыл

Білім беру саласы Таным Тақырыбы: Ертегілер еліндегі ғажайып математика
Мақсаты: Білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санаутүсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: Сөйлеуді дамыту, математика, әлеуметтік орта, шығармашылық

Қос тілділік сыңары: қызыл-красный-рэд,сары-желтый-иеллоу,көк-синий-блу
Көрнекілігі: Геометриялық пішіндер, тура, кері санауға арналған сандар, санауға арналған қонжық маскалары, шығармашылық ойынға арналған пішіндер салынған кілемшелер, сиқырлы қорапша, ертегі кейіпкерлері, слайд.

Әдіс-тәсілдер:жылулық шеңбер,қызықты сәт,сұрақ-жауап,көрсету,түсіндіру,сергіту сәті,тапсырмалар,пішіндер туралы дақпақтар,әңгімелесу

Сөздік жұмыс: құрсау

Алдын-ала жұмыс: сандар туралы дақпақтарын жаттау

Рефлексивтік-түзетушілік
Ұйымдастыру кезеңі :
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ісі ғой
Ал, кәнекей, бәріміз
Сәлем,- дейік үлкенге
Қайырлы күн, қонақтар.
Қайырлы таң, балалар
Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші: Жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс айы
Тәрбиеші: Қыс айларын ата?
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тәрбиеші: Қымбатты балалар, қандай ертегі білесіңдер?
Балалар: «Маша мен аю», «Түлкі мен ешкі», «Қасқыр мен қоян»
Тәрбиеші: Олай болса,Бауырсақ ертегісінің қойылымын тамашалаймыз!
Балалар, бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып пішіндермен таныспақпыз. Ерте, ерте, ертеде бір әсем сарайда ата мен әже өмір сүріпті, ата әжеге бауыосақ пісіруін өтініпті. Әжей бауырсақты пісіріп терезе алдына суытуға қойыпты. Бауырсақ терезеден домалап,ормандағы ұзын жолға түсіпті. Домалай беріпті алдынан қоян шығыпты.

Қоян:-Бауырсақ, мен сені жеймін депті.

Бауырсақ:-жемеші мені

Қоян:-Олай болса менің тапсырмамды орында

Тәрбиеші:- 1-тапсырма Дидактикалық ойын: «Гараж»

Мақсаты: Машиналарды үш тілде тура,кері санай отырып гаражға санап кіргізу. Санамақ айту

Тәрбиеші:-Балалар тапсырманы жақсы орындап,бауырсақты қояннан құтқарып алдық

Аю:-Бауырсақ, мен сені жеймін депті. Бауырсақ:-жемеші мені

Аю:-Олай болса менің тапсырмамды орында

Тәрбиеші:-2-тапсырма Ойын: «Сиқырлы қорапша»

Мақсаты: Берілген пішіндерді үш тілде атау және суреттерді ұқсас пішініне қарай қорапшаға салу.

Тәрбиеші:-Балалар тапсырманы жақсы орындап,бауырсақты аюдан құтқарып алдық

Сергіту сәті «Пішіндер» әні (компьютерге қарап орындау) Қасқыр:-Бауырсақ, мен сені жеймін депті.

Бауырсақ:- жемеші мені

Қасқыр:-Олай болса менің тапсырмамды орында

Тәрбиеші: 3-тапсырма Топтық жұмыс «Қанша пішін?»

Мақсаты: Берілген пішіндерден ұжым болып, бір зат құрастырып жапсырмалау және атын атау Тәрбиеші:-Балалар тапсырманы жақсы орындап,бауырсақты қасқырдан құтқарып алдық Түлкі:-Бауырсақ, мен сені жеймін депті.

Бауырсақ:- жемеші мені

Түлкі:-Олай болса менің тапсырмамды орында

Тәрбиеші:- 4-тапсырма Ойын: «Тез ойла,көп ойла»

Мақсаты: 5 көлеміндегі сандарды ауызша қосып,азайту.

Балалар алдарындағы тақталарын пайдаланып, пішінге ұқсас сурет салады.

Пішіндер туралы дақпақ айту.

Мадияр: Бұрыш жоқ менде ешқандай

Ұқсаймын мен табаққа

Қарбызға да,шарға да

Тауып көрші қандаймын

Дөңгелекті,доптаймын.

Айсезім: Менің досым бір сызық

Жан-жағы бар тік сызық

Қабырғалары бірдей

Оның аты-Төртбұрыш

Әли: Үш төбем бар сүйірлі

Тауға ұқсаймын сүйкімді

Кім табады кәнекей

Үш бұрыш деді бәріде

Тәрбиеші: : -Балалар тапсырманы жақсы орындап,бауырсақты түлкіден құтқарып алдық Сіздердің тапқырлықтарыңның,жақсы ойлап жауап бергендеріңнің арқасында бауырсақты аңдардан құтқарып қалдық.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:
Балалар геометриялық пішіндерді атап, ертегі кейіпкерлерін дұрыс атай білді,
Игеру керек: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту. Сандарды ажыратуды, кері тура санауды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді игеру керек.
Меңгеру керек: Геометриялық пішіндерді ажыратуды, ертегі кейіпкерлерін шатаспай меңгергендері байқалады.











.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
364
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі