Сабақтың
тақырыбы:
«Ертегілер
еліне саяхат»
Мақсаты:
Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға
үйрету, сахналап беруге талпындыру,
кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру,
есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін
қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін
дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан
аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:
ертегі еліне саяхат
Әдіс
– тәсілдері:
әңгіме, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын,
практикалық.
Көрнекілігі:
ертегі кейіпкерлері суреттері, кеспе
әріптер, интерактивті тақта.
Сабақтың
барысы:
Психологиялық
дайындық.
Күндей жадырап,
Айдай
арайлап,
Күндей таза көңілмен,
Бүгінгі
күнімізді бастаймыз.
–
Балалар, ертегілер еліне саяхат жасауға
дайынсыздар ма?! (Оқушылар: иә!)
–
Бүгін біз ертегілер еліне саяхат
жасаймыз. Ертегінің аты «Бауырсақ». Бұл
ертегінің ішінде сендерге арналған
көптеген тапсырмалар бар. Тапсырмаларды
орындауға дайынсыңдар ма? Ендеше
әділ қазы алқасымен таныс болайық.
Ағылшын
тілі пәнінің мұғалімі:Аманова Индира
Айбекқызы
Орыс
тілі пәнінің мұғалімі: Изимова Сайда
Аскаровна
Әділқазы
алқасымен таныс болсақ,ертегімізді
бастайық.
Ертеде
бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір
күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып
бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына
суытып қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып
тұрып, бір кезде домалай жөнеледі.
Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа,
орындықтан еденге, еденнен дәлізге,
дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан
әрі, одан әрі домалай береді, домалай
береді.
Бауырсақтың тапсырмасы –
жұмбақ шешу.
1. Өзі жап – жас, мұрты
бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды
жылы үйді,
Түкті тонын шұп-шұбар.
(Мысық)
2. Ағайынды бәрі,
Шықса
– жасыл,
Түссе – сары. (Жапырақ)
Қиқу
салып бақырып,
Айқайлауды тауыпты.
Қыт-қыт
дейтін шақырып,
Кім біледі...?
(Тауық)
Лақтырып бөркін басынан,
Бүйірі
қызса, тасыған.
(Құман)
– Өте жақсы,
балалар! Бауырсақтың тапсырмасын жақсы
орындадыңдар! Бір кезде оған Қоян
жолығып:
– Бауырсақ, Бауырсақ! Мен
сені жеймін! – дейді.
– Қоян, сен мені
жеме. Мен саған өлең айтып беремін:
«Менің атым
Бауырсақ, Бауырсақ!
Қаймаққа иленгем, майға пісірілген
терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама,
ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян
саған да!»
Қоянның
тапсырмасы:
Сиқырлы
алма ағашынан әріптерді ата және дауысты,
дауыссыз дыбыстарды ажырат:
А, Р, О,
Л, Ш, С, У, Ы, Д, Т, М, Н, Ң, Ғ, Ж, І, Ә, Ө, Қ, К,
Е, Б, И, Й, Г.
– Өте жақсы, балалар!
Қоянның тапсырмасын жақсы орындадыңдар!
Содан бауырсақ қара жолмен домалап кете
барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да
жегісі келеді. Бауырсақ өзінің әнін
Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай
береді.
Қасқырдың тапсырмасы:«Көрініс»
көрсету.
Әр
топ ертегілерді сахналап көрсетуі үшін
оқушыларды ортаға шақырайық.
4
және 2сынып оқушылары «Қызыл телпекті
қыз»ертегісін сахналайды.
3-сынып
«Бауырсақ» ертегісін сахналап көрсетеді.
1-сынып
«Шалқан» ертегісін сахналайды.
– Өте
жақсы, балалар! Әртістік қабілеттерін
бар екен. Қасқырдың тапсырмасын жақсы
орындадыңдар! Содан бауырсақ қара жолмен
домалап кете барады. Оған Аю кездесіп,
оның да жегісі келеді. Бауырсақ өзінің
әнін Аюға айтып беріп, одан әрі домалай
береді.
Аюдың
тапсырмасы:
«Ақыл- жастан, асыл- тастан».
Ертегіден
алынған сөздерді оқимын, ал топтар қай
ертегі және кейіпкерлері кім екенін
атаулары керек.
1. Келші,
менің мұрныма отыршы, соңғы кезде менің
құлағым нашар естіп жүр. (Бауырсақ)
2. Әй,
шал, мен ханша болғым келеді, -деді
кемпір. (Алтын балық)
3. Үш
баласы өз оқтарын әр жаққа атып, сол
оқтармен бірге қалыңдықтарын алып келу
керек. (Ханшайым бақа)
4. Әжей,
сіздің мұрныңыз неге үлкен? (Қызыл
телпек)
5. Аю
аспаннан: - «Отырма, демалма, самсаны
жеме» деген дауысты естіді (Маша мен
аю)
6. «Менің
сақам қайда» - деп, жылады бала. (Алтын
сақа)
– Жарайсыңдар,
балалар! Аюдың тапсырмасын керемет
орындадыңдар! Содан бауырсақ домалап
кете барады. Оған жолдан Түлкі кездесіп,
оның да жегісі келеді.
Түлкінің
тапсырмасы: «Тез құра!»
-
Менде үш конверт бар, ішінде сурет бар,
соған байланысты қысқаша ертегі құра.
Оқушылар түлкініңде тапсырмасыннан
оңай құтылып кетеді.
Сайыс
соңында оқушылар марапатталады.
-
Балалар бүгінгі сайысымызға белсеніне
қатысқандарыңыз үшін рахмет!Осымен
бүгінгі «Ертегі әлеміне саяхат»атты
деген сайысымыз аяқталды. Топтардың
белсенді қызығушылықпен қатысқаны үшін
көп-көп рақмет!