жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Ертегілер еліне саяхат
АШЫҚ САБАҚ
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
«Еркетай»ортаңғы топ
Тәрбиеші: Таурбаева Жулдыз.Толеутаевна
Ұйымдастырылған оқу әрекетінің картасы
Білім беру саласы : «Таным»
Бөлімі /Раздел / : «ҚМТҚ»
Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау.»
Апта тақырыбы: «Өзім туралы»
Тақырып : «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты : 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау,
балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет
дағдыларын меңгерту, ойлауға, геометриялық пішіндер туралы
ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым-қатынас, көмек
көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа,
ізденімпаздылыққа
тәрбиелеу.
Міндеттері: 1. Геометриялық фигураларды /үшбұрыш, тіктөртбұрыш,, шеңбер,
шаршы/ ажырата білуге үйрету.
2. Берілген сұрақтарға толық жауап беруге және қол маторикасын
дамыту.
3. Бір-бірін тыңдай білуге, көмектесуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: геометриялық фигуралар.
Билингвальді компонент: шеңбер-круг, шаршы-квадрат, тіктөртбұрыш-
прямоугольник, үшбұрыш-триугольник.
Құрал-жабдықтар : суреттер , шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш,
тіктөртбұрыш,
сандар, үлестірмелі материалдар
пайданылады
№ |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардын іс-әрекеті |
||
1 Кіріспе бөлім. |
Сәлеметсіңдер ме балалар! -Қазір жылдың қай мезгілі болып жатыр? -Ауа-райы қандай? -Күз мезгілінде неше ай бар? -Қазір нешінші ай болып жатыр? Балалар бізде қазір математика сабағы болады. Сондықтан өткен сабақты еске түсірейік. 1-5дейін тура және кері санау./екі тілде/ Геометриялық фигураларды еске түсіру./үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, шеңбер/
|
Амандасады. Күз мезгілі, ауа-райы суық, қар жауып тұр. Үш ай бар. 3-ші ай қараша басталды. 1-5 дейін санау /тура және кері/
Геометриялық фигураларды еске түсіреді. Түсін, пішінінің екі тілде айтады.
|
||
2 Негізгі бөлім.
|
Сабақтың барысы: Балалар қараңдаршы мында бір шар ұшып келіпті және шарда конверт жапсырылған. Қалай ойлайсыңдар оны кімге және кім жіберді екен? Конвертті ашып оқып көреміз бе? Конверттің сыртындағы адресті оқиды. Балалар қалай ойлайсыңдар мына хатты не жазылған ? Балалар онда хатты ашып оқып көрейік. Біз ертегілер еліндегі аңдар боламыз, біз бір-бірімізбен ұрыспай тату –тәтті өмір сүріп жатқанбыз. Бірақта залым мыстан кемпір бәрімізді сиқырлап тастады, ертегі орманның іші көңілсіз. Сондықтан біз сендерден көмек сұраймыз. Балалар енді не істейміз? Аңдарға көмектесуіміз керек. Ол үшін ертегілер еліндегі орманға барып, мыстан кемпірді жеңіп аңдарды босатуымыз керек/ Қалай ойлайсыңдар мыстан кемпір бізді орманға жайдан жай жібере қоймас. Мыстан кемпір жолда бізге көптеген кедергілер келтіреді. Балалар мен сендерге бір құпия ашайын. Егерде біз тапсырмаларды дұрыс орындап отырсақ онда мыстан кемпірдің сиқыры азая бастайды, сонда ормандағы аңдарға көмектесе аламыз. Ал енді балалар тапсырмаларды орындап, аңдарға көмектесуге дайынсыңдар ма? Балалар орманға немен барамыз? Ендеше сендермен сиқырлы құрақ көрпе құрастырып, сонымен ұшып барамыз. 1-тапсырма: Құрақ көрпе құрастыру. М/ты: балалардың ойлау, есте сақтау қабылеттерін дамыту. Барысы: алдын-ала дайындалған паралоннан фигураларды құрастырады. 2-тапсырма:Санның құрамын табу. Барысы: балалар алдын ала дайындалған карточкадағы санды тауып қыстырғышпен қыстырады. Сергіту сәті: Аю, аю тұршы, Бет-қолынды жушы. Айнаға қарашы, Шашынды тарашы. Үстінді жөндеші, Енді орнына отыршы.
3-тапсырма: Дьенеш блоктарымен жұмыс. Барысы: алдын-ала дайындалған карточка бойынша фигураларды табады. Балалар тыңдаңдаршы мыстан кемпірдің дауысы ақырындап келеді.
Балалар біздер орманға келіп те жеттік,шынымен де мұнда көңілсіз екен. Мына ағашқа қараңдаршы мұнайып тұрған сияқты Бұл ағаш ормандағы сиқырлы ағаш болатын , бірақта оның жапырақтары барлығы түсіп қалыпты. Балалар ағашқа көмектесеміз бе? Балалар түстерге байланысты геометриялық фигураларды орналастырады. Балалар сиқырлы ағаш сендерге рахметін айтып жатыр. Мыстан кемпірдің күші мүлдем азая бастады. Д/қ ойын: «Сиқырлы ағаш» Мақсаты: балалардың есте сақтау қабылеттерін арттыра отырып, түстерді ажыратуға үйрету.
Ал енді балалар аңдарды іздеп табайық олар қайда екен? Тәрбиеші қара конвертті көрсетеді. Онда қыстырғыш қыстырылған. Балалар мынаған қараңдар мынау не? Мында аңдардың құлақтары, аяқтары көрініп тұр. / мыстан кемпір мұнда аңдарды жауып кеткен/ Оларды босату үшін не істеуіміз керек? Ол үшін сиқырлы фигуралардан аңдарды құрастырамыз. 4-тапсырма: Дьенеш блоктарынан аңдарды құрастыру. Мақсаты: балалардың қол маторикасын, зейінің, ойлау қабылеттерін дамыту. Керемет балалар аңдарды құрастырып, орманды мыстан кемпірдің сиқырынан құтқардық . Әр тапсырманы мұқият орындап Мыстан кемпірдің күші жойылды. Балалар ертегілер орманындағы аңдарға сыйлық жасасақ қалай қарайсыңдар, ол үшін менде мынадай шеңбер бар одан не жасауға болады. /күннің көзін/ Шеңберге қыстырғыштар қыстырып күннің көзін жасайды. Осы күннің көзін шторға іліп аңдарға көрсетейік, Балалар аңдардың барлығы біздің тығылып қалыпты, бірақта бізге мына ағаштың түбіне сыйлық тастап кетіпті. Ал ендеше балалар біздер балабақшамызға қайтайық. |
Балалар назарын шарға аударады. Олар әртүрлі жауап айтады.
Сыртында ренжіп тұрған смайлик бар екенін айтады.
Хатты жазылғанды мұқият тыңдайды.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалар тапсырмаларды орындауға дайын екендерін айтады.
Балалар карточкадағы санды тауып , оны қыстырғыштағы санмен сәйкестендіріп қыстырады.
Балалар сергіту сәтін қимыл қозғалыс арқылы көрсетіп жасайды.
Балалар назарларын ағашқа аударады, оның көңілсіз тұрғанын айтады. Ағаштың түсіне байланысты геометриялық фигураларды орналастырады.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
|
||
3 Қорытынды бөлім
|
Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қандай геометриялық фигураларды білеміз? Қандай тапсырмаларды орындадық? Аңдарды мыстанның сиқырынан құтқардық па? Сендер оларға қандай сыйлық жасадыңдар? |
Ия ұнады. Фигураларды атайды.
Қандай тапсырмалар орындағандарын айтады. |
Күтілетін нәтиже: 1.Жаңғыр-ды: 1-5 дейін тура және кері санауды, фигураларды
атай білуді;
2. Түсінеді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді,
фигураларды ажыратуды;
3. Қолданады : фигураларды көлеміне қарай /үлкен, кіші, жуан,
жіңішке/ салыстыруды;
Ашық сабақтан суреттер.
еттер

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген