400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ертегілер еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Ертегілер еліне саяхат».

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Адалдыққа, жылдамдыққа, ой-өрісін кеңейтуге тәрбиелеу. Балаларға асық арқылы түстерді ажыратуға және санауға үйрету. Ұлттық салт–дәстүрді балалардың бойына сіңіру. Балалардың асық арқылы ұсақ қол маторикасын дамыту. Асық арқылы ойынға қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер: Ертегі кейіпкерлері. Асықтар.

Әдіс-тәсілі: Саяхат, үйрету, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

I. Кіріспе бөлім.

Шаттық шеңбері:

Бала,бала,баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні бойы қызыққа

Батамызда қаламыз

II. Негізгі бөлім.

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қазір жылдың күз мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Күз мезгілінде үш ай бар.

Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Жапырақтар сарғайып түседі, құстар жылы жаққа ұшады.

-Балалар, бүгін біздің сабағым ерекше болайын-деп тұр. Сендерге саяхат жасаған ұнайма?

- Иа

- Ендеше бүгін ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ертегілер еліне бізді сиқырлы кілемше апарады. Ендеше бәріміз кілемшенің үстіне мініп сиқырлы сөзді айтайық.

-Міне балалар біз ертегілер еліне де келіп қалдық. Балалар сендерге ертегілер ұнайма? Сендер қандай қазақ ертегілерін білесіңдер?

-«Алтын сақа» , «Ер төстік», «Алдар көсе», т.б

-Жарайсыңдар балалар.

Осы кезде залға Ертөстік келеді.

-Саламатсыңдарма сендер кімсіңдер?

-Біз «Ақ бота» балабақшасының балаларымыз, ертегілер еліне саяхат жасауға шықтық. Ал өзін кім боласың?

-Мен Ертөстікпін . Менің алтын сақам көшкенде жайлауда қалып кетіпті.Соны іздеп бара жатырмын. Сендер маған алтын сақамды іздеуге көмектесесіңдерме?

-Әрине көмектесеміз.

-Балалар сендер асық туралы білесіңдерме?

-Әрине білеміз. Асық қой малының сүйегінен алынады. Асықпен түрлі ойындар ойнатылады.Түсуіне қарай атаулары болады.

-Сендер көп нәрсе біледі екенсіңдер.

Тәрбиеші: Ертөстік сендердің жайлауларың қай жақта ?

Ертөстік алыс емес келіп қалдық дейді.

-Балалар алдымыздан ну орман шықты.Бұрын бұл жерде орман жоқ еді. Мынау мыстанның бізге жасап жатқан кедергісі. Енді бұл кедергіден қалай өтеміз?

Осы кезде мыстанның дауысы естіледі. Ну орманнан өту үшін менің тапсырмаларым бар.Орындасаңдар өтесіңдер,орындай алмасаңдар алтын сақа менікі.Ахххааа мыстанның күлген дауысы естіледі.


Мыстанның 1-ші тапсырмасы; «Түстеріне қарай ажырат» (қоржындағы түрлі-түсті асықты түстеріне сай ажыратып салу)

-Жарайсыңдар балалар сендер менің тапсырмамды дұрыс орындадыңдар.

Мыстанның 2-ші тапсырмасы : «Кеңістікті бағдарлау және үлкен кіші ұғымын қалыптастыру»

Қызыл түсті кішкентай асықты кестенің оң жақ жоғары бөлігіне орналастыр.

Жасыл түсті үлкен асықты кестенің сол жақ төменгі бөлігіне орналастыр.

Көк түсті кішкентай асықты кестенің ортасына орналастыр.

Күлгін түсті үлкен асықты кестенің сол жақ жоғарғы бөлігіне орналастыр.

Сары түсті кішкентай асықты оң жақ төменгі бөлігіне орналастыр.

Жарайсыңдар балалар,сендер өте ақылды балалар екенсіңдер. Менің тағы бір тапсырмам бар

Мыстанның 3-ші тапсырмасы; « Асықтарды өсу ретімен қойыңдар»

(Асықтардағы сандарды өсу ретімен қойып шығады )

-Жарайсыңдар сендер менің тапсырмамды дұрыс орындадыңдар. Мен сендерге берген уәдемде тұрып алтын сақаны қайтарып берем.Бірақ мен оны байқаусызда құдыққа түсіріп алдым. Енді қалай аларымды білмей отырмын.

Тәрбиеші: Балалар сендер қалай ойласыңдар ,құдықтан асықты қалай аламыз.Шелекте жоқ?

Балалардың жауабы тыңдалады

Ертөстік: менің қалтамда магнит бар ,ал менің сақамның ортасына қорғасын құйылған.Магнитті жіпке байлап құдыққа түсіру керек.

Тәрбиеші: Ендеше тезірек жіпке байлап түсірейік.Сөйтіп құдықтан алтын сақаны алып шығады.

Тәрбиеші: Балалар біз асықты судан қалай алып шықтық? Магниттің темірден жасалған заттарды өзіне тартатын қасиеті бар екен. Асықтың ортасында қорғасын құйылғандықтан ол магнитке жабысып қалды,сөйтіп алып шықтық.

Ертөстік: сендер асықпен ойналатын қандай ойындарды білесіңдер деп сұрайды? Мен сендерге асық ату ойынын көрсеткім келеді.Кәне ортаға шеңбер сызып асықтарды тізіп қоямызда сақамен атамыз. Шеңберден шыққан асықтағы сандарды ,түсін атаймыз. Ойынға мыстан кемпірде араласады.

Мыстан кемпір: Сендермен асық ойнап бір сергіп қалдым. Менде мынадай сергіту әні бар. Сендер менің тапсырмаларымды дұрыс орындағандарың үшін осы сергіту әнін сендерге сыйлаймын . Кәне бәріміз бірге жасайық дейді мыстан.

Балалар біздің де балабақшамызға қайтатын уақыт болды. мыстан кемпір мен Ертөстікпен қоштасайық. Сау болыңыздар.

Ендеше сиқырлы кілемімізге мініп, сиқырлы сөзімізді айтайық.

-Міне балалар біз балабақшамызға оралдық.

Қорытынды;

-Біз бүгін қайда саяхат жасадық?.

-Ертөстік мыстанға не үшін бара жатты?

-Саған мыстанның қай тапсырмасы ұнады?

 











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі