Тақырыбы: Ертөстік бізде
қонақта.
Сабақтың
мақсаты: Өткен білімдерін бекіту,
логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы математика
сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа
үйрету.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,
әңгімелеу
Сабақтың
көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд,
сандар, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, мұңлы әуен, логикалық
сұрақтар, сергіту сәті.
Сабақтың жүру
барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық
шеңбері.
Тәрбиеші: балалар сабағымызды бастамас
бұрын осы жүрек арқылы жүрегіміздің жылуын жеткізейік.
Балалар:
- Деніміз сау болсын
- Бәріміз бақытты болайық
- Мектебіміз гүлдене берсін
- Аспанымыз ашық болсын т.б.
Қызықтыру
сәті: Әуенмен Ертөстік келеді.
Мұңайып, көңілі жабырқап тұрады.
Ертөстік: Сәлеметсіңдер ме балалар?
Балалар амандасады.
Тәрбиеші: Бұл балалар Ертөстік
ертегісіндегі Ертөстік батыр емес пе, ол мұнда не мақсатпен келді
екен сұрайық?
Ертөстік: Балалар мен сендерден көмек
сұрағалы келдім, менің 8 ағам бар, ал мен 9-шы, яғни ең кенжесімін.
Осы ағаларымды Тау шатқалында мекен ететін Тасбол деген жауыз
сиқыршы сиқырлап қойыпты, енді не істерімді білмей тұрмын, қайтсем
ағаларымды құтқарамын балалар?
Осы кезде экраннан таудың
суреті көрінеді де, дыбыс
шығады.
Тасбол:- Мен сиқыршы Тасболмын.
Ертөстік мен сенің ағаларыңды тасқа айналдырып жібердім. Енді сен
жалғыз қалдың. Мен сені көріп тұрмын. Сен балалардан көмек сұрап
жүр екенсің ғой? Тапсырмаңды одан сайын қиындатайын.
Ха-ха-ха
Тәрбиеші: Балалар енді не істедік,
Ертөстіктің ағаларын Тасболдың сиқырынан құтқарамыз ба?
Ендеше балалар Тасбол Ертөстікке қандай тапсырма беріп жіберді екен
сұрайық.
1-тапсырма:Шыршаны безендіруге көмектес.
(шырша таратылады, шеңбердегі есепті шешіп,
бояу)
Ертөстік: балалар рахмет сендерге енді
екінші тапсырмада «Сандардың құрамын табыңдар» деп
аталады.
2-тапсырма: «Сандардың құрамын тап»
(3,6,7,10)
Сергіту
сәті.
3-тапсырма: 0-ден 10-ға дейін тура және
кері сана.
4-тапсырма: «Сандардың көршісін тап»
(0,2,5,7,9)
5-
тапсырма: Логикалық
есеп.
1. Орманда кірпі
келеді,
Саңырауқұлақ
тереді.
Кездесті міне,
керегі:
Екеуі қайың
астынан,
Біреуі терек
қасынан.
Қанша олар болмақ
есепте,
Тоқылған салса
себетке?
2. Он асықтың
үшеуін
Досың сұрап
алады.
Айтшы сонда
нешеуі
Өз қолыңда
қалады?
3.Үш қоянда неше құлақ
бар?
4. Бір жұдырықта неше саусақ
бар?
6-
тапсырма: Қоянға
көмектес.
Тасбол: Балалар сендер менің
сұрағыма мүдірмей дұрыс жауап бердіңдер Ертөстікке де көмектесіп өз
білімдеріңді көрсеттіңдер, Ертөстік ағаларыңды босаттым, қарсы
ал.
Ертөстік: балалар сендерге көп-көп
рахмет, сендер болмасаңдар не істер едім, міне бауырларымды
Тасболдың сиқырынан босап шықты, сендерге көп-көп
рахмет.
Қорытынды:Ал жақсы балалар, бүгін бәрің
сабаққа жақсы қатысып, Ертөстікке бауырларын құтқарып беруге
көмектескендерің үшін сендерге Ертөстіктің ата-әжесі рахмет
айтып,силықтар беріп жіберіпті. (Қоржынға салынған сыйлықтарды
жақсы қатысқан балаларға тарату. Сыйлықтарды тарату барысында
«Ертегілер» әнін қосып қою).
Бағалау.
Үйге тапсырма
беру.
Қонақтармен
қоштасу.