400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Есептер және математикалық модель

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Математикалық модельдеу


Күні:

Сынып: 2

Мектеп: № 95 мектеп-гимназиясы

Мұғалімнің аты-жөні: Ибраева Гульзия Майдабековна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Есептер және математикалық модель

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.5.1.7 Екі амалмен орындалатын есептерді (санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеу және шығару.

Сабақмақсаттары

Барлық оқушылар:

Екі амалмен орындалатын есептерді (санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеуді және шығаруды біледі.

Көптеген оқушылар:

Екі амалмен орындалатын есептерді (санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген жай есептердің түрлі комбинациялары) моделін анықтайды және шығарады.

Кейбір оқушылар:

Екі амалмен орындалатын есептердің (санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген жай есептердің түрлі комбинациялары) моделін құрастырады, шешу жолын түсіндіреді.

Бағалаукритерийлері

Екі амалды есептердің моделін құрайды.

Екі амалды құрама есептерді шығарады.


Тілдік мақсаттар


Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз.

Атаулы сандарға амал қолдану әдісін түсіндіру.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жай есеп, құрама есеп, екі амал, заңдылық, есеп, есептің шарты


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Орындалған тапсырманың қандай есеп екенін айта аламыз ба?

  • Неше амалмен берілген?

Құндылықтарды дарыту

Топтасу жұмысы арқылы оқушылардың ұйымшылдық, жұптасу барысында сыйластық қасиеттерін дарыту. Мектепке деген құрметтерін арттыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, денешынықтыру


АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар планшеттерін пайдаланып, тапсырмалар орындайды.

Бастапқы білім


Қосудың терімділік қасиетін,тиімдіқосуүшінқосудыңқасиетінқолданудыбіледі.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтыңбасы



3 минут

Сабақ басында:

«Ширату» жаттығуы

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсатын анықтау үшін «Ақ сандық» деген тамаша ойынды ойнайық. Әр топтың алдында сандықтар бар, сол сандықтың ішін ашу үшін құлпындағы тапсырманы орындауымыз керек.

І топ тапсырмасы: (18-8)+10

94- (70+20)

ІІ топ тапсырмасы:7 +(11-2)

100 –(50+30)

ІІІ топ тапсырмасы:(4+16) - 8

(54-4) + 40

  • Жарайсыңдар, балалар, тапсырманы бірлесіп тамаша орындадыңдар.

  • Орындалған тапсырманың қандай есеп екенін айта аламыз ба?

  • Неше амалмен берілген?

  • Тамаша, ендеше «Ақ сандығымызды» ашайық. Сандығымызда бүгінгі сабақ мақсаты мен тапсырмалар тізбегі берілгін. Демек бүгінгі сабақта екі амалмен орындалатын есептерді модельдейміз және шығарамыз.



Қима қағаздар мен маркерлер

Сабақтың ортасы



30 минут











































































































7 минут

(Ұ.Ж) 1 тапсырма.Есепті оқы және шығар.

Әдіс:«Ойлан да, есепте» әдісі арқылы ойланып, есептің шешімін табады.

Саралау:оқушылардың жаңа сабаққа түсінігі қалыптасу үшін саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін қолданамын.

- Балалар, есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?

- Алдымен нені білу керек?

- содан кейін ше?

- неше амал орындадыңдар?

Нұсқаулық: Есепті оқы. Жүргізушіге балаларды санауға көмектес. Автобуста 5 қыз және 5 ер бала келе жатты. Аялдамадан олардың 6-ауы түсіп қалды. Автобуста неше бала қалды?

- Әрбір амал нені білдіретінін түсіндір.

- Есептің сұрағына жауап бер.

Негіздеме: Тапсырманы орындау барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамиды.

Қорытынды:

Шешуі: 1)5+5=10 (бала)

2)10-6=4 (бала)

Өрнек: (5+5) – 6=4(бала)

Жауабы:4 бала қалды.

- Жарайсыңдар, балалар, демек жай есеп бір амалмен, ал құрама есеп екі және одан да көп амалмен орындалады.

(ҚБ) Әр бала жауап берген сайын балалар бір-бірлерін «Бас бармақ» арқылы бағалалайды.

- Жарайсыңдар, құрама есеп пен жай есептің айырмашылығын ажырата алдыңдар.


(Ж.Ж) 2 тапсырма. Есепті екі амалмен шығарыңдар.

Әдіс: «Жұптасып орында» әдісінде жұптасып отырып, екі амалмен шығарылатын есепті меңгереді.

Саралау: Үлестірмелі қағаздағы тапсырманы орындауда саралаудың «Тапсырма» тәсілін жүзеге асырамын.

Нұсқаулық: Әр жұптың алдарына екі амалмен орындалатын есептері бар карточкалар таратылады.

- Балалар, карточкадағы есептің мазмұнын жақсылап оқып, жұптасып, бірігіп, есептің шешуін табамыз.


1)




2) Сыныпта 12 ұл бала, 8 қыз бала отыр. Бұлардан бөлек 4 бала сабаққа келген жоқ. Сыныпта барлығы неше бала?

Негіздеме: жұптық жұмыс барысында балаларды бір-бірлеріне түсіндіру, ойын жеткізу , коммуникативтік дағдылары қалыптасады.

Қорытынды:

2) Шешуі: (12+8)-4=16 (бала)

Жауабы: сыныпта барлығы 16 бала.

Демек, екі амалмен берілген құрама есепті, бір өрнекпен шығарамыз.

(ҚБ)Тапсырманы аяқтаған соң, оқушылар өзара бір-бірлерін «+» , «-» белгілерін қойып, дәптерлеріне смайликтер жабыстарады.

Сергіту сәті: «Бала, бала, балапан»


(Т.Ж) 3 тапсырма. Суретке қарап, екі амалмен орындалатын есеп құрастыру.

Әдіс: «Алғыр топ» әдісінде топтасып, суреттерге қарап есеп құрастыруда алғырлықтарын көрсетеді.

Саралау: есептің шартын құруда диалог алынып, қолдау көрсетіледі

- Есепті құрастыру барысында қандай қиындық болды?

- Құрама есеп пен жай есептің айырмашылығы неде екен?

- Есептің шешу жолын қалай анықтадыңдар?

Нұсқаулық: Балалардың мақсатқа қаншалықты жеткендерін білу мақсатында әр топқа құрама есеп құрастыру тапсырылады.

Топ алдына қима суреттер мен плакаттар, маркерлер таратылады. Суреттерге сәйкес есеп құрастырып, шешімін табады.

Рисунок 2 Рисунок 3

Мысалы: Мұғалім кітапханадан 2 қызыл тысты кітап, 3 жасыл тысты кітап әкелді. Сыныпта тағы екі кітап бар. Барлығы қанша кітап болды?

Негіздеме: Осы тапсырманы орындау барысында есепті шығару дағдылары дамиды..

Қорытынды: Оқушылар екі амалмен орындалатын есептерді құрастырып, шешімін табуды үйренеді. Мұғалімнің көмегінсіз шығара алады.

(ҚБ) Балалар топтарды «Ыстық алақан» әдісі арқылы бағалайды.

- Тамаша, балалар, топтасыптапсырманыкереметорындадыңдар.

(Ө) 4тапсырма. Өрнектердің мәнін тап.

Әдіс: «Жас математик» әдісі барысында оқушылар екі малмен орындалатын есептерді жылдам шығарып, сыныптастарымен жарысады.

Саралау: Саралаудың «Қарқын» тәсілі қолданылады. Өрнекті жылдам орындаған кейбір оқушылар топтағы үлгере алмай жатқан оқушыларға көмектесіп, тексеру жұмысын жүргізеді.

Нұсқаулық: Балалар смартфондарын немесе планшеттерін пайдаланып, өрнектердің мәндерін табады. Орындап болған сәтте нәтижесін бірден көреді.

6+4+5 100-(50+20)

6+4-5 60+(10-6)

7+3+8 94 – (70+3)

Негіздеме: Жарыс барысында өрнектерді шапшаң орындау дағдылары қалыптасады.

Қорытынды: Бірінші орындаған оқушы «Жас Математик» деген атаққа ие болады. Жаңа тақырыпты толықтай игергенін дәлелдейді.

(ҚБ) Сынып оқушылары бір-бірлерін «Отшашу» арқылы бағалайды.


(Ө.Ж) 5 тапсырма. ҚБ тапсырмасы

Оқу мақсаты 2.5.1.7 Екі амалмен шешілетін есептерді (барлық амалдарға берілген жай есептердің әртүрлі комбинациялары) модельдеу және шығару

Бағалау критерийі

• Екі амалды қарапайым есептердің моделін құрады және шығарады

Ойлау дағдыларының деңгейі – қолдану

Тапсырма

Есептің сызбасын толықтыр және шығар.

Б ір ағаштан 11 шелек шие, ал екіншісінен одан 3 шелек артық шие жиналды. Екі ағаштан барлығы неше шелек шие жиналды?




Дескриптор

- сызбаны қажетті деректермен толықтырады;

- есептің шешуін жекелеген амалдар немесе санды өрнек түрінде жазады;

- өрнектердің мәнін табады және шама атауларын

жазады;

- есептің жауабын жазады.



Оқулық,18 бет
































Үлестірме қағаздар,

Жұмыс дәптері


















Видеоролик

https://www.youtube.com/watch?v=744V_ESD7-Y



Суреттер мен плакаттар, желім, маркерлер









Ақ қағаздар















Смартфондары























ҚБ тапсырмасы, 65ет


.Сабақтыңсоңы

5 минут

Рефлексия: «Білім баспалдағы» әдісі.

Сатының 1 - ші баспалдағы: Мен.............. БІЛЕМІН,

Сатының 2 - ші баспалдағы: Мен.................. ТҮСІНЕМІН,

Сатының 3 - ші баспалдағы: Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы


(Ұ.Ж) 1 тапсырма.Есепті оқы және шығар.

Саралау:оқушылардың жаңа сабаққа түсінігі қалыптасу үшін саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін қолданамын.

- Балалар, есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?

- Алдымен нені білу керек?

- содан кейін ше?

- неше амал орындадыңдар?

(Ж.Ж) 2 тапсырма. Есепті екі амалмен шығарыңдар.

Саралау: Үлестірмелі қағаздағы тапсырманы орындауда саралаудың «Тапсырма» тәсілін жүзеге асырамын.

(Т.Ж) 3 тапсырма. Суретке қарап, екі амалмен орындалатын есеп құрастыру.

Саралау: есептің шартын құруда диалог алынып, қолдау көрсетіледі

- Есепті құрастыру барысында қандай қиындық болды?

- Құрама есеп пен жай есептің айырмашылығы неде екен?

- Есептің шешу жолын қалай анықтадыңдар?

(Ө) 4 тапсырма. Өрнектердің мәнін тап.

Саралау: Саралаудың «Қарқын» тәсілі қолданылады. Өрнекті жылдам орындаған кейбір оқушылар топтағы


Оқушылар мақсатқа жету барысында орындаған тапсырмалар критерийге негізделген тиімді кері байланыс арқылы, бағалаудың символдық әдістері «Бас бармақ», «+ - », «Смайлик », «Ыстық алақан», «Отшашу» бойынша бағаланады.


Сабақтағы сергіту сәті, видеоролик, ойындар оқушылардың сабақтағы көңі-күйін көтереді, ынтасын арттырады.


Сабақ бойынша рефлексия








Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
1514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі