15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Есептер шығару"
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Қаратөбе ауылы
№229 жалпы орта мектебінің бастауыш пәні мұғалімі
Макулбекова Сулукул
Пәні: Математика
Таным: Білім беру саласы
Тақырыбы: Есептер шығару
Мақсаты: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыра отырып, есептер шығару арқылы балалардың білімдерін тиянақтау
Дамытушылығы: Баланың тілін, ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, магнитті тақта, суреттер, карточкалар
Іс-әрекет бөлімдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қызығушылық
Ұйымдастыру Іздестіру
Қорытынды |
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Барша адамды құрметпен Бас иеміз біз! -Рахмет, балалар! Отырыңдар. Сонымен, балалар бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Бүгінгі сабағымыз ашық сабақ, яғни есігіміз қонақтарға ашық деген сөз. Бүгінгі сабақта біз сендермен сыйлықтар жинаймыз. Жолдағы әр бекетте тапсырмалар әзірленген. Тапсырмаларды дұрыс орындап отырсаңдар әрі қарай жылжып, сыйлықтар еліне келеміз. Онда бізді тосын сыйлықтар тосып тұр. Ендеше поездға міну үшін 3 топқа бөлініп аламыз. 1 вагон. Үйдің тұңғыштары 2 вагон. Үйдің ортаншылары 3 вагон. Үйдің кенжелері
Сәт сапар тілеу 1 бекет «Білім». Бұл «Микрафон» әдісі арқылы өткен сабақтарды еске түсіріп пысықтау. Балалар біз 1-ден 10-ға дейінгі сандарды санап үйрендік. Ендеше 1-ден 10-ға дейін тура және кері санату. (орыс тілінде, ағылшын тілінде) -Өте жақсы! Сонымен балалар, әрі қарай жылжиық. 2 бекет «Шапшаңдық». Осы бекеттің тапсырмаларын шапшаң орындап жіберейік. Топтық тапсырмалар «Көршісін тап» -«Санды сурет» тапсырмасы -Өте жақсы тапсырмалар дұрыс орындалды -Поезд әрі қарай өзінің кестесі бойынша жылжиды 3 бекет «Суретпен жұмыс». Есептер құрастырып шығару. /карточкалар арқылы есептер шығару/ 4 бекет «Демалыс». Балалар біз бұл бекетке де келіп жеттік. Сегігіп алайық. «Санау әні» /топпен қимыл жасап орындайды/ 5 бекет «Жазу». Бұл бекетте дәптермен жұмыс жасаймыз. 1 топ 2 топ 3 топ 4+4=8 4+3=7 4+2=6 10-7=3 9-4=5 8-5=3 Тақтаға жаздыру. 6 бекет «Дүкен». «Жіпке кір жаю» әдісі арқылы бұл бекетте есептер арқылы өздеріңе ойыншытар сатып аласыңдар. /логикалық есептер/ 7 бекет «Сыйлықтар» Бұл аялдамаға да келіп жеттік, ендеше сыйлықтарыңды ала қойыңдар. Сабақ сендерге ұнады ма? Тілек ағашы Сабақты жақсы ұнаса жасыл стикерді, орташа ұнаса сары сикерді, ұнамаса қызыл стикерді ағашқа жабыстырыңдар. Мадақтау Күтілетін нәтиже: Нені білуі: Балалар 0-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санай білді Нені меңгерді: Суретке қарап есеп шығаруды, топпен және жұппен жұмыс жасауды меңгерді.
|
Балалар қолын кеудесіне қойып сәлемдеседі
3 топқа бөлініп алады. 1вагонға үйдің тұңғыштары 2 вагонға үйдің ортаншылары 3 вагонға үйдің кенжелері орналасады
1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санайды. (орыс, ағылшын тілінде)
«Көршісін тап» ойынын ойнайды Сандарды ретімен қосу арқылы сурет шығады
Сурет ақылы есеп шығарады. Сергіту сәтін орындайды.
Дәптерлеріне берілген есептерді шығарады
Ауызша логикалық есептер шығарады
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген