Ашық сабақ "Есептік және реттік сан есім"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Есептік және реттік сан есім"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі:

Шаймарданов Т.Л. Дюсюпова Ж.С.

_______________ ______________

25.04.2018 ж. 25.04. 2018 ж

















Есептік және реттік сан есім.

Ашық сабақ









Бастауыш сынып мұғалімі:Ибраева Б.С.

3 сынып





Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім. Сабақтың мақсаты:а) Білімділік:Сан есім туралы бала ұғымын кеңейту, есептік, реттік, дара, күрделі түрлеріне ажырату,сөйлем ішінен сұрақ қоя білуге үйрету; ә) Дамытушылық :Ой - өрісін кеңейту, танымын арттыра отырып, жылдам ойлауға, пікірін жеткізе алуға, дұрыс шешім қабылдай білуге бағыттау, өз ойын дәлелдей алуына мүмкіндік туғызу,логикалық ойлау жүйесін дамытып, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру; б) Тәрбиелік Балаларды бірлікке, ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа,өз беттерінше ізденуге,шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу; Сабақтың түрі: бекіту сабағы ( білімді меңгеру деңгейін байқау) Сабақтың әдісі: сайыс,ой қозғау,сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс,сынау сұрақтары,топтастыру. Сабақтың көрнекілігі: сандарға қатысты тірек сызбалар,семантикалық карта,тест тапсырмалары, ребустар. Пән аралық байланыс: математика,ана тілі. Сабақ барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық. Туған күндері арқылы топқа бөлу.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал,кәнеки бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме қонақтар.

-Балалар,әр адамның алдына қойған мақсаты болады.Сол мақсатқа жету үшін адам аянбай еңбек етеді.Сол сияқты сендердің де алдарыңа қойған мақсаттарың бар деп ойлаймын.Кім айтады,сендердің мақсаттарың не?

(Білім алу) Олай болса, біз бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде өтеміз. 1-топ Ұраны: « Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар баламыз» 2-топ Ұраны: «Он саусағы майысқан, шебер бала боламыз» 3-топ Ұраны: «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар баламыз»

4-топ Ұраны «Біліміміз барда, жүреміз тек алда»(әр топтың топбасшыларын сайлайды)

(Сигналдық карта арқылы оқушылардың сабаққа дайын ,дайын емес екендерін анықтау.)

ІІ. Үй жұмысын тексеру
Тапсырма 2 түрлі болатын:
1) Сан есімдері бар мақал-мәтелдер жазып, жаттап келу.
2) Сан есімдері бар жұмбақ, жаңылтпаштарды жазып, жаттап келу.
ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау. 1.«Кім көп біледі?» ойыны.
1 минуттың ішінде: 1 –топ дара сан есімдерді жазу
2 –топ реттік сан есімдерді жазу. 3-топ есептік сан есімдерді жазу.

4-топ күрделі сан есімдерді жаз (жазған сөздерді санап, ұпайға қосу)



2. «Ассоциация» «Сан есім» Ережелерге тоқталып өту. Shape1

Shape2 Shape4 Shape3 Дара күрделі есептік

Shape5 Сан есім

Реттік

3. «Ой қозғау». Сан есімді пысықтау мақсатында семантикалық картамен жұмыс


Сан есім

Дара

Күрделі

Есептік

Реттік

Сан есім зат есім

Төрт






тоғызыншы






Алпыс бес






Жиырма






Жүз






Бесінші






Қырық дәптер







Оқушы:___________________


III. Жаңа сабақ : Есептік және реттік сан есім. Дәптерге бүгінгі күнді жазу.

а) Шағын диктант. Мен үшінші сыныпта оқимын.Сыныпта он жеті

оқушы бар. Тоғыз қыз бала және сегіз ұл бала бар. (сан есімді табу,қай түрі екеніне тоқталу)

ә) Оқулықпен жұмыс. 26-жаттығу. Сан есімдерді оқы. Реттік сан есімдерге-көптік жалғауларын, есептік сан есімдерге III-жақтың тәуелдік жалғауларын қосып айт.

б) Релаксация . Музыка ырғағының астында дем алу.(қонақтарға да айту)Өзімізге ыңғайлы етіп, дұрыс отырып, көзімізді жұмып, денені бос тастау. (елестету)Көктемнің жайма шуақ бір күні,сен табиғат аясына дем алуға шықтың. Айнала қандай әсем! Құлпыра өскен қызғалдақ, түрлі –түсті көбелектер айнала ұшып жүр. Сен бір ағаштың басында отырған бармақтай құсқа көзің түсті. Оны шошытып алмайын деп ағаштың түбіне жақындап келіп,әлгі құстың даусын тыңдадың. (Құстың даусын қосу) Ол – бұлбұл екен. Сен бұлбұлдың әуенін жадыңда сақтап қалдың. (Шапалақ соғу,көзді ашу)



в) Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрау. (Әр топтан шығару)

Бес,екеу, бірінші, отыз екі.



ғ) Өзіндік жұмыс. 27-жаттығу. Сан есімдерді тап. Бұлар қандай сан есімдер.

д) «Ой толғаныс» «Киелі сандар» Балалар, 3,5,7 киелі сандар деген ұғым бар екен.

Солар жайлы не білеміз?

е) (Оқушылар жауап беріп болғанша, топ басшыларына ребус үлестіру)



7 санына байланысты байламдар:

ҚАЗЫНА; АПТАНЫҢ КҮНІ; АТА, НАУРЫЗ КӨЖЕНІҢ ҚҰРАМЫ;

Үш санына байламдар:АРСЫЗ(ұйқы, тамақ, күлкі);БӘЙТЕРЕК(сәкен сейфуллин, бейімбет майлин, ілияс жансүгіров);БИ;

Бес санына байламдар: АРЫС( ахмет байтұрсынов, шәкәрім қ, мағжан ж, жүсіпбек а, міржақып д.);ПАРЫЗ;УАҚЫТ НАМАЗ;

ж) Шығармашылық топтық жұмыс. (2минут уақыт беру)

1-топ. ҚАС сөзінің бір әрпін өзгерту арқылы бірнеше сөз шығару.

(қар,қап,тас)

2-топ. ҚАРЛЫҒАШ сөзінен бірнеше сөз жасау.

3-топ. Сан есім мен зат есімнен жасалған сөз тіркесін жазу.

4-топ. 5,9,6,3,12,64 сандарын реттік сан есімдерге айналдырып жаз.

з) Логикалық тапсырма:

1-топ:107-ге дейінгі сандардың ішінен 7-саны неше рет кездеседі? (қай топ шешсе,ұпай сол топқа бұйырады) (жауабы: 21 рет)

2-топ:Үстел үстінде үш стақан шие тұр.Марат бір стақан шиені жеп қойды.Неше стақан қалды? (жауабы:3 стақан)

3-топ:Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы тұр.Бірінші не жағасыз?(жауабы: шырпы)

IV.Сабақты қорытындылау:

Тест тапсырмалары:

1.Сан есім деген не?

а) заттың қимылын білдіретін сөздер.

ә) заттың санын білдіретін сөздер.

б) заттың сынын білдіретін сөздер.

2.Сан есім қандай сұраққа жауап береді?

а) қандай? Қанша? ә) қанша? неше? нешінші? б) не? нешінші?

3.Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар.

Ер ... рет өледі, қорқақ ... рет өледі.

а) бір,бесінші ә) бір, көп б) бір, мың

4.Жұмбақты шешіңдер:

Бір үйде тұрады екен елу батыр,

Үй сыртына сүйкенсе-ақ өліп жатыр.

5. –ыншы жұрнағы қай сөзге сәйкес келеді?

а) алты ә) үш б) он

Орындаған оқушы:________________________



V.Үйге тапсырма: 28-жаттығу. Ребусты шеш.

VI. Оқушыларды бағалау. Смайликтер арқылы оқушыларды бағалау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2019
1102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі