400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Есептің графикалық моделі"2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1сынып.Математика.ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика

№ 93

Мектеп: «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп-МДШО»КММ

Күні:03.03.17

Мұғалімнің аты-жөні:Омарова С.

Сынып: 1 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы

Есептің графикалық моделі

Оқу мақсаты

1.5.1.1 есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу; есепті шешу үшін тірек сұлбаны таңдау

Сабақ мақсаты

Санның графикалық моделін кесінді түрінде салуды үйрету;

Сызба арқылы есеп құрастыру

Жетістік критерийлері

есептің моделін оқиды;

кесінді негізінде есеп моделін құруды меңгереді

есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдейді; есепті шешу үшін тірек сызбаны таңдайды.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу,дүниетану,көркем еңбек

Тірек сөз

Сызба-чертеж

АКТ қолдану дағдылары

Флипчарт


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

/Ресурстар/


Басы

Психологиялық дайындық

Көңіл –күйлеріңіз қалай?

Керемет! (Қолдарын көтереді)

Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?

Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)

Ынтаңыз ше?

Ғажап! ( Қолдарын көтереді.)

Ендеше бастайық!

Жинақ

Ортасы


Өткен сабақта немен таныстық ?

Есеп неше бөліктен тұрады?

Қандай бөліктерден тұрады?

Тақтада есеп беріледі.Есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын анықтайды.

Бұл есептің шарты мәтін түрінде берілген

Бүгін біз сабақта есептің шартын графикалық модель (сызба)арқылы беруді және оқуды,графикалық модель бойынша есеп құрастыруды үйренеміз

(Т) Кіріспе

Оқушылар қағаз бетіне бір сызықтың бойына топта қанша ұл болса, сонша көк шаршыларды және қанша қыздар болса, сонша қызыл шаршыларды орналастырады. Шаршыларды желімдейді. Қанша­ шаршы шыққанын санайды.

Оларға ұзындығы барлық көк түсті шаршылардың жалпы ұзындығына тең қағаз жолақты кесуді және оны парақтың төменгі жағына желімдеуді сұраймын. Оқушыларға жолақтың қанша шаршы құрайтынын санап (бұл — ұлдардың саны), үстіне жазады. Содан кейін оқушылардан ұзындығы барлық қызыл түсті шаршылардың жалпы ұзындығына тең қағаз жолағын кесіп желімдейді.Оқушыларға қызыл жолақтың үстіне шаршылардың, яғни қыздардың санын жазуды, сосын топта қанша қыз, қанша ұл бар екенін сұраймын. Оқушыларға мәтін есептің моделі шыққанын айтамын.

Бағалау

-Балалар,барлығың тапсырманы дұрыс орындап,топтағы қыздар мен ұлдар санын графикалық модель арқылы көрсеттіңдер.Сондықтан бір-біріңе қошамет көрсетіп қойыңдар.

Оқулық бойынша жұмыс

(Т) Құстар

Үш топқа оқулықтағы үш есеп пен оның сызбасын талқылауды ұсынамын.

Төртінші топқа осы үш есептің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтауды ұсынамын

Бағалау:Әр топ өзінің есебін талдап болған соң «Басбармақ» арқылы бағалатамын

(Т)Сызба бойынша есеп құрастыр

Сызбада не белгілі?

Не белгісіз?

Есепте қандай сұрақтар болу керек?

Әр топ сызба бойынша есеп құрастырады

Бағалау:әр топ құрастырған есебін айтып болған соң,

«От шашу»арқылы бағалаймын

Шығарып көр

Есепті оқып,талдау

-Берілген модельдің алдыңғы модельден немен ерекшеленеді?

Сызбада неше жеміс белгіленген?

Осы сұрақтарға жауап беру үшін не істеу керек? Өз беттерінше есептейді

(Ж)Орындап көр

Сызба бойынша есеп құрастырады.Сурет пен сызбаның өзара байланысын анықтайды.Есепті шығарады

Бағалау:жұптар бірін-бірі бағалайды

Сергіту сәті

Қазақ халқы ежелден төрт түлік малды қадірлеп қастерлеген.Төрт түліктің ішінде ең ерекше орны алатын жануар қайсысы? Ендеше,«Тұлпарым»әні орындайық

Дәптермен жұмыс

1.Мәшинелер(өзіндік жұмыс)

Сызбаға сандарды жазады

2.Сызбалар мен теңдікті бір-бірімен қосады

3.Жемсалғыш

Есептің шартын қызыл түспен,сұрағын жасыл түспен сызады.есептің шешуін жазады

Бұл есепті тағы қалай шығаруға болады?

Қай тәсілі тиімді?

Бағалау: жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы”



Флипчарт









Қызыл,көк текше,қызыл, көк жолақ, желім
















Оқулық





























«Тұлпарым»

Минусовка




Жұмыс дәптері

Соңы

-Сабақта не үйрендік?

«Дұрыс,бұрыс» сигналдық карта

Егер тұжырымдама дұрыс болса-жасыл түсті көтереді

Бұрыс болса-қызыл түсті

— есепті сызба арқылы беруге болады(жасыл)

-есептің шарты,шешуі,жауабы болады(қызыл)Неліктен?

-есеп бойынша сызба құруға болмайды(қызыл)

- Менде екі алма және бір өрік бар.Бұл есеп(қызыл)Неге?

-есеп төрт бөліктен тұрады(жасыл


Қосымша мәліметтер


Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?


Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Мақтау,мадақтау

Дәптердегі 3 тапсырмада саралау жүргізу

Жетістік баспалдағы, «От шашу»

сигналдық карта, «Басбармақ»

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландың?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз ( оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
3317
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі