15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Есімдік. Жіктеу есімдігі"
Мектеп: «Қ.И.Сәтбаев атындағы жалпы орта» МКМ |
|
|
|||||||
Пәні: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су-тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен көлдер. |
Мұғалімнің аты-жөні: Мейірбекова Нұриса Құлымбетқызы |
|
|||||||
|
Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: |
|
|||||||
Сынып: 6 |
|
|
|
||||||
Сабақтың тақырыбы |
Есімдік. Жіктеу есімдігі.
|
|
|||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
6.2.1.1.- мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру. |
|
|||||||
Сабақтың мақсаттары |
Арал туралы кестедегі мәліметтерді талдайды, баға береді. |
|
|||||||
Бағалау критерийлері |
- кестедегі мәліметті талдай алады; - ондағы берілген мәліметтерге баға бере алады. |
|
|||||||
Тілдік мақсаттар |
Тақырыпқа байланысты сөздер: балық шаруашылығы, су қоры, тұйық көл, су айдыны. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің байқағаным,... Менің ойымша,... Мен ойлаймын... |
|
|||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
«Кәсіп – бақыттың шырағы, Еңбек – ырыстың бұлағы» бөлімі бойынша қалып- тасқан дағдылары мен білімдеріне сүйенеді. |
|
|||||||
Жоспар |
|
||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|
||||||
Сабақтың басы
5 минут
|
Миға шабуыл - Мына суреттерден ортақ нәрсе табуға бола ма? - Не себепті олай ойлайсыз? Ойыңызды дәлелдеңіз.
Оқушылар сурет бойынша Қазақстанның су ресурстары тақырыбына байланысты география пәнінен алған білімдері негізінде өз ойларын дәлелдеп жеткізеді. Миға шабуыл арқылы Сұрақ жауапты пайдалану. Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру. Өткен тақырыпқа арналған, үй тасырмасын қайталау ға сұрақтар жасалып, арнайы плакатқа жазылып тақтаға ілінеді, крассворд, карточкалар. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру. Топпен жұмыс жасау, жарыс арқылы сабаққа деген ынталары артады. 1.Есімдік дегеніміз не? 2.Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 3.Тіл білімі неше салаға бөлінеді? 4.Морфология нені зерттейді? 5.Синтаксис нені зерттейді? 6. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Мұғалім оқушылардың талқылауын қорытындылай келе сабақтың тақырыбын хабарлайды, сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. |
1-5-слайд
Қазақстанның су ресурстары |
|
||||||
Сабақтың ортасы
5 минут
12 минут
8 минут |
Айтылымға дайындық тапсырмасы. «Саяхаттаушы ақпараттар» әдісі Мұғалім «балық шаруашылығы», «су қоры», «тұйық көл», «су айдыны» деген сөздердің мағыналарын параққа жазып, қабырғаға іліп қояды. Оқушылардың қолдарына «балық шаруашылығы», «су қоры», «тұйық көл», «су айдыны» деген сөздерді карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы сөзге қатысты жауап парақты табады. Жауап парақтан карточкаға жазылған сөздің мағынасын бірлесіп талқылап түсініп алады. Дескриптор: - тақырыпқа байланысты сөздердің мағынасын анықтайды; - оларды сөйлеуде қолданады. Мұғалім 2-таратпасын пайдаланып, айтылым тапсырмасының алдында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романы туралы қысқаша мәлімет (2 минут) береді. Айтылым тапсырмасы. Оқушылар 3-таратпада тұтас емес мәтіндегі берілген ақпаратты пайдалана отырып, «Қазақстанның су ресурстары: - Арал теңізі» деген тақырыпта бүгінде тартылып қалған су айдынын сипаттап айтыңыз. Сөйлейтін сөзіңіз 40-50 сөз көлемінде болу керек.
Дескриптор: - кестеде берілген мәліметтерді оқиды; - Арал теңізін сипаттау үшін кестеден кем дегенде 4-5 мәлімет қолданады; - 40-50 сөз көлемінде сипаттау мәтінін құрастырады. Жақ Жекеше түрі Көпше түрі 1: мен біз,біздер 2. сен (анайы) сендер (анайы) Сіз (сыпайы) сіздер (сыпайы) 3. ол олар Бірінші жақ- айтушы,сөйлеуші жақ, Екінші жақ –тыңдаушы жақ.Бұлар –адмға байланысты атаулар,сордықтан кім? деген сұраққа жауап береді. Үшінші жақ бөгде жақ.Ол адамға,адамнан басқа да затқабайланысты бола береді. Сондықтан кім? немесе не?деген сұраққа жауап береді.мыс: Бір ағашта екі алма,мен(кім?) де алмаймын, сен(кім?)де алма. «Кім мықты» Топтар жарысы тапсырма мен сұрақтар арқылы. Бағдаршам түстері арқылы түсінген-түсінбегенін білдіреді. қ жасыл – жақсы. сары – қанағат Әр топқа жіктеу есімдігі жайлы тапсырма мен сұрақтар тарату, ұйымдастыру, әр топ өзінің шығарған есептерін көрсетеді Айтылымнан кейінгі тапсырма. «Синквейн» Арал теңізі туралы бес жолды өлең құрастыру. Оқушыларға 4-қосымшада берілген «Синквейн» үлгісі ұсынылады. 1. Зат есім немесе есімдік. 2. Тақырыпты сипаттайтын екі сын есім. 3. Тақырыпқа байланысты әрекетті білдіретін үш етістік. 4. Тақырыпқа байланысты автордың ойын білдіретін төрт сөзден тұратын сөйлем. 5. Тақырыпты қорытындылайтын бір сөзден тұратын атау (синоним). Дескриптор: - «Синквейн» талабын сақтайды; - Арал теңізі туралы өз ойын жинақтап айтады. |
6-слайд
1-таратпа
2-таратпа
http://kitap.kz/reader/qan_men_ter_i_kitap
Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» романы
3-таратпа
7-8-слайд
9-10-слайд
4-қосымша |
|
||||||
Сабақтың соңы
10 минут
Үйге тапсырма: |
Кері байланыс Мұғалім оқушылардың жауаптарына сындарлы кері байланыс береді: Мына ... оқушылардың жауаптарының мына тұстары ұтымды болды. Мына сұрақ бойынша әлі де ... жетілдіру керек. Рефлексия. «Табыс ағашы» Кестеден алған ақпараттары бойынша рефлексия жасайды.
195-жаттығу. Көшіріп жазып, жіктеу есімдіктерінің астын сызып, қай жақта, қай септікте тұрғанын айтуға беремін. |
11-слайд |
|
||||||
Қосымша ақпарат |
|
||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен
байланыс |
|
||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. |
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |
|
||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|||||||
|
|
||||||||
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
|
||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген