400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ескі қорғандар сыры" әдебиеттік оқу 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып әдебиеттік оқудан ашық сабағының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Әуезов атындағы орта мектебі» КММ

34-сабақ. Ескі қорғандар сыры

Күні: 21.11.2019 ж

Мұғалімнің есімі: Ахметкалиева Г.Е.

Сынып 4

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.2.7.1 Шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану

4.2.9.1 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба


түріндекөрсету

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Дереккөздерден қажетті ақпаратты алып, өңдеп, тұжырым жасайды. Әдеби көркемдегіш құралдарды қолданады.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырып, жауабын табады.

Кейбір оқушылар: Сұрақ құрастырып, оған жауап беруде өз мүмкіндіктерін кеңінен аша алады.

Бағалау критерийлері:

Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтайды. Тапсырманың себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсетіп

үйренеді.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің

дамуына үлес қосу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Шығарманың мазмұнын түсініп оқып, нақтылау және себеп-салдарын

анықтау сұрақтарын қоя алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет

Ресурстар

Басталуы

Қызығушылықты ояту

(МК) «Атаулар туралы үш сурет» әдісі бойынша көне қорғандардың суретін пазл түрінде тарату. Пазлдан тұтас суретті құрау.

1-топ – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.

2 -топ – Тайқазан.

3-топ - Күлтегін.

Осы тарихи ескерткіштер туралы не білесіңдер?

Әр топ өз білгендерін айтып береді. Басқа топтар толықтырады. Топтар бірін-бірі бағалайды.

Үй тапсырмасын тексеру:

Жұптық жұмыс. Берілген критерийлер бойынша үйге мәнерлеп оқуға берілген Олжас Сулейменовтың «Ертегі» өлеңін оқу.

Бағалау критерийлар бойынша әр жұп бағаларын тыңдау.



Көне қала аттары жазылған қима қағаздар

Ортасы

Мағынаны тану

(МК)

І тапсырма: «Анықта» айдары бойынша

«Жұмбақ жазулар сыры» деген атпен ребустар шешу ұсынылады.

Әр шағын топ мүшелері өздері шешкен ребустағы заттардың құнды мұра екені туралы айтып береді.

Ребус жауаптары: құмыра, жүзік, айна, тостаған, алқа, тиын, айбалта.

  • Бұл заттар ғалымдар үшін неліктен құнды деп ойлайсыңдар?

  • Бұл заттар кімге, қайда тапсырылатыны туралы не білесіңдер?

Мақсаты: Ребустар шешкізу арқылы құнды заттардың атын есте сақтауға ықпал ету

Тиімділігі: Қызықтыра отырып, тапсырмаларды бірлесе шешу дағдыларын тереңдету

ІІ тапсырма: «Түсініп оқы» айдары бойынша

Байбота Серікбайдың «Археолог» өлеңін түсініп оқып, топта талдайды.

(Ұ)«Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша санатқа қосылу, оба сөздерінің мағынасын ашады.

Санатқа қосылу – есепке алыну

Оба –тастан, топырақтан үйіп жасалған әртүрлі төбешік, қорым.

ІІІ тапсырма: «Бағала» айдары бойынша












Ақпараттық- анықтамалық әдебиеттер. Конверттегі термин сөз



«Археолог мамандығы несімен маңызды?» деген сұраққа жауап іздейді.

Дескрипторы: Сұраққа қатысты өз көзқарастарын білдіреді.

ІV тапсырма Ойын: «Менің құрал-жабдығым»

деп архологтің рөліне еніп,партада тұрған заттарды өз топтарына жүгіріп апарады. Әр топ 5 зат жинау керек.

( партаға қалам, щетка, фонарик, кітап, очки, тб заттар қойылады)

Дескрипторы: заттардан археологке қажетті заттарды таңдап алып, себебін дәлелдермен негіздеп береді.

Мәнерлеп оқу сайысы. «Археолог» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Тақтаға мәнерлеп оқудың критерийлері ілінеді:

  1. Дұрыс оқу;

  2. Мәнерлілігі;

  3. Нүкте, үтірлерде кідіріс жасау;

  4. Дауыс ырғағы;

  5. Тыңдаған қызықты болды ма?

Әр топтан жюриға бір оқушыдан сайланады. Әр топтан екі оқушыдан оқиды; жюри бағалайды;

Оқушылар да бағалайды.

V тапсырма: «Керек дерек» айдары бойынша өз аймағындағы көне қала орны немесе ескерткіштер туралы шағын дерек айту.

Сайлаугазинова Айымның «Берел қорымы» туралы мәлімет тыңдау. Видео көру.

Дескрипторы:

  1. Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты тауып, өңдеп және тұжырым жасайды.

VІ тапсырма: «Анықта» айдары бойынша мұғалімнің көмегімен сипаттау сөздердегі көркемдегіш (теңеу, кейіптеу,эпитет, аллитерация, әсірелеу) құралдарды анықтау ұсынылады.

құм басқан жұмбақ;

белгісіз көне ғажайып қала

«Ырғызбай әулие» қорғаны туралы видео көру.

Оқушылардың білгендерін тыңдай отырып, Елеке сазы тауларында биыл қазба жұмыстарының өтіп жатқаны туралы айту; табылған көне заттардың суреттерін көрсету.


Аяқталуы

Рефлексия

(Ұ) «Қорытындыла» айдары бойынша

«Бүгінгі сабақтан өзің үшін қандай жаңалық аштың?» деген сұраққа 5 сөйлемдік эссе жазады.

ҚБ:«Ду қол шапалақ» әдісі бойынша дұрыс орындалған тапсырмаға қол шапалақтау арқылы қолдау көрсету жүзеге асады

Үйге тапсырма: Ауылдың маңындағы Бөдес ата қорғаны туралы мәлімет жинап келу.



Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?











ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР.








КРИТЕРИЙЛЕР



1

Мәтіннің атын, авторын атау



2

Сөздерді дұрыс оқу



3

Дауыс ырғағы мен

дауыстап оқуы



4

Үтір, нүкте тұрғанда кідіріс жасау



5

Мәнерлілігі




6

Тыңдаған қызықты болды ма?













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
14 желтоқсан
4419
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі