400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Есту арқылы есте сақтау қабілетін жетілдіру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабағымды жариялап отырмын .Бастауыш сынып мұғалімдері өздеріне керегін алады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Логика

Күні: 12 11 19ж

Сынып: 3-Д сынып

Мектеп: №12 бастауыш мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Жағалбай Рысгул Сүлейменқызы

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Есту арқылы есте сақтауды жетілдіру

Сабақ мақсаттары

Сөздерді есте сақтау арқылы жазу .Пішіндерді салыстыра отырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата білуге үйрету.Берілген сандардан мәні 100 ге тең болатын өрнектер құрастыру

Бағалау критерийлері

• Пішіндерді салыстыра отырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата біледі.Берілген сандардан мәні 100 ге тең болатын өрнектер құрастыра алады.


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика , дене тәрбиесі,музыка

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Есту арқылы есте сақтауды дамыту

Сабақтың барысы

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру..

Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);

- Табыс (сұқ саусақ);

- Тапқырлық (ортаңғы);

- Ұшқыр ой (атаусыз);

- Шапшаңдылық (шынашақ);

- Сәттілік! (алақанын тигізеді).

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.




Ой толғаныс

Ширату сұрақтары(тез жауап бер) Әр топқа екі сұрақтан беріледі.

Орнынан қозғалмай өтетін не?(уақыт)

«Күн» мен «түн» немен аяқталады.(н әрпі)

Футбол ойынының екі кезеңінің ұзақтығы қандай?

Қуаныш пен шаттыққа бөленген салтанатты күн қалай аталады?

Жер бетіндегі еғ үлкен жануарды білесің бе?

Жемістің тәтті суы қалай аталады?

Абай Құнанбаев кім? Абай Құнанбаевтың қанша қарасөзі бар? Әбіш Кекілбаев неше жасқа толды?


Сұрақтарға жауап береді






Сабақтың ортасы














































































Кері байланыс

Тапсырмалар Ұ.Ж (М.К) №1 Мұғалімнің айтқан сөздерін мұқият тыңдап, есіңде сақта. Осы сөздердің ішінен жасыл түсті заттың атын жазу. Айтылған сөздердің ішінен қай сөз бас әріппен жазылады?Жазыңдар








Қарама қарсы сөздерді тауып жазады




Өрнек құрастырады












Пішінді төрт бөлікке бөледі





Екі үшбұрыштың суретін салады







Үшбұрыштың санын табады







Пішіндерді салыстыра алады,суретін салады




Қимылмен көрсетеді




Сандар заңдылығын анықтайды






Ауызша жауап береді










Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі

Ұ.Ж №2Мақалдарды толықтырып жаз

Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас

Білгенің -бір тоғыз

Білмегенің -тоқсан тоғыз

Ашу- дұшпан,ақыл -дос

№3 Топтық жұмыс

Берілген сандардан мәні 100-ге тең болатын өрнек құрастыр


111 -11=100 33х3+3:3=100 5+5+5+5х5=100


Қосындының мәні 99 болатындай етіп сандардың орнын ауыстырмай,кейбіреулерінің арасына қосу таңбасын қой.


1 2+ 3 +4+ 5 6 +7 +8+9=99 1 +23 +45+6 +7+8 +9= 99


Топтық жұмыс

I-топ

Әр бөлікте бір сұр пішін болатындай етіп,суретті төртке бөл








II-топ

5 кесіндіден 2 үшбұрыштың суретін сал





III-топ


Мына суретте қанша үшбұрыш бар? 18







Ж.Ж №5 2 Қатарға 2 дөңгелектің және 5 үшбұрыштың суретін сал. Дқңгелектің оң жағындағы үшбұрыштың саны сол жағындағыдан біреуі артық болсын.






Сергіту сәті

Заңдылығын тап

Сұрақ белгісінің орнында тұрған санды тап

9; 10; 12; 15; ? 19


2, 20, 40, 400,? 600, 6000

3 ,30, 60, 600,? 900, 9000


16

15

17

14

?18

32

33

31

34

?30


Логикалық есептер

Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? (12)


100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді? (1кг)


Адам есектен неге құлайды? жерге


Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? 16

“Білім ағашы” әдісі


Сабақтың соңы

ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау


Оқушылар өзін- өзі бағалайды





















































Есту арқылы есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге арналған тест тапсырмалары

 

Балаға әр түрлі он сөз дауысталып оқылады,  оқылған сөздерді бала қайталап айтып отыруына болады. Сөздер оқылғаннан кейін баладан қандай сөз есінде қалғаны сұралады. Бала 5 сөзден жоғары есінде сақтаса, есте сақтау қабілеті жоғары деп есептелінеді.

Екінші тіркес сөзді есте сақта.  Тәрбиеші алдымен төмендегі сөз тіркестерді оқиды. 1-нұсқада бала бірінші сөзді өзі айтады, екінші сөзді бала айтады. 2-нұсқада екі сөзді де бала айтады. 3-нұсқада психолог қосарланған сөзді ауыстырып оқиды, балалар қатесін түзетеді.

Қағаз –кітап

Мата – шалбар

Ұн – нан

Ағаш – орындық

Уақыт – сағат

Күн – жылы

Мал – сиыр

Жиһаз –диван

Орман – гүлдер

Сүт – құрт.

Сиқырлы дорба

Ойын жүргізушінің қолында  сыңарымен және сыңары жоқ ұсақ заттар салынған сиқырлы дорба болады ( екі қасық, түймелер, ұсақ ойыншықтар, екі қолғап, моншақтар т.б.) Ойын жүргізуші бір ойыншыны шақырып, қолын дорбаға салып, қандай заттар бар екенін және олардың сыңарларын ұстап көру арқылы анықтайды. Ойын жүргізуші сиқырлы дорбадағы заттарды үстел үстіне шығарып, ойыншының жауабын тексереді. Келесі ойынға дорбаға басқа заттар салынады.

Бір сөзбен ата

Бұл ойынға суреттер көрсетпей-ақ сөзбен айтуға да болады. Ойын жүргізуші бірнеше заттардың атын атайды да, бір ойыншыдан бір сөзбен қалай атауға болатынын сұрайды. Мысалы:

  • Автобус, машина, трактор, ұшақ.

  • Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш.

  • Қара, қызыл, сары, көк, жасыл.

  • Қарлығаш, торғай, қарға, сауысқан, тырна.

  • Сиыр, жылқы, түйе, ат, қой.

  • Сарымсақ, сәбіз, қызылша, пияз.

  • Қоян, арыстан, тиін, қасқыр.

  • Теледидар, үтік, шаңсорғыш, тоңазытқыш.

  • Қарағай, емен, шырша, қайың, терек.

  • Англия, Германия, Түркия, Қазақстан, Ресей.

  • Тоқаш, нан, құймақ, шелпек, бауырсақ.

  • Көйлек, жейде, шалбар, жемпір.

  • Айран, ірімшік, сары май, қаймақ, құрт.

  • Сызғыш, қарындаш, дәптер, өшіргіш.

Қарама-қарсы сөзді тап

Ойыншылар жағалай тізіліп отырады. Ойын жүргізуші бір сөзді немесе сөйлемді  атап допты бір ойыншыға лақтырады. Ойыншы допты ұстап алып, сол сөзге қарама-қарсы сөз айтып, допты кері лақтырады. Қарама-қарсы сөз айта алмаса, ойыннан шығып отырады. Ойын соңында қалған ойыншы жеңімпаз аталады. Қарама-қарсы сөздер:

  • Ащы- тәтті

  • Жақсы- жаман

  • Қара – ақ

  • Күн – түн

  • Қыс –жаз

  • Жұмсақ – қатты

  • Биік – аласа

  • Тар – кең

  • Жер – аспан

  • Үлкен –кіші

  • Кең – тар

  • Жоғары – төмен

  • Асты – үсті

  • Дос- қас

  • Есте сақтау – ұмытып қалу

  • Көңілді – көңілсіз

  • Батыр бала – қорқақ бала

  • Күн шықты –  күн батты

  • Таң атты – кеш батты

  • Қайрлы таң! –  Қайрлы түн!

Байқап қал!

Балалар екі топқа бөлінеді. Ойын жүргізуші үстел үстіне 10-15 ұсақ заттарды (қалам, қарындаш, түрлі ойыншықтар, суреттер т.б.) қойып, бетін шүберекпен жабады. Ойыншыларға бір минут қаратқаннан кейін заттардың беті жабылып, әр топтан үстел үстінде көрген заттардың аттары сұралады. Қай топ заттардың аттарын көп атаса, сол топ жеңеді.





Адамның күнделікті өмірінде кездесетін ақпарат көлемі төрт жыл сайын  көбейіп отыратыны дәлелденген. Оқушылар күнделікті сабақта, интеллектуалды және шығармашылық шараларда, теледидардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан жаңа мағлұматтар алып отырады. Оқу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларында әсерлі есте сақтаудың дағдылары қалыптасып, есте сақтау қабілеттері дами түседі. Сондықтан бұл ұсынылатын жаттығулар мектеп психологтары мен бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегін тигізеді.

«Жоғалған зат» ойыны.

Үстелдің үстіне бірнеше зат қойылады. Бала оларға мұқият қарап алған соң, теріс қарап тұрады. Үстелден бір зат алып тасталынады. Оқушы қай заттың жоғалып кеткенін табу керек. Заттардың санын ақырындап өсіруге болады.

«Мен 10 заттың атауын білемін…» Бұл топтық ойын

. Оқушылар шеңберге отырғызылады. Допты шеңбер  бойынша бір-біріне бере отырып, әр оқушы бір сөзден айтады: «Мен… ағаштардың… 10… атауын… білемін… қайың – бір, самырсын – екі, емен – үш» деп ары қарай жалғастырады. Жалғастыра  алмаған оқушы ойыннан шығады. «Қайтала» сіріңке шиімен ұйымдастырылады Бұл ойынды оқушылар жұптарымен ойнайды. Әр балаға сіріңкенің 6 шиінен беріледі. Екеуінің біреуі сол шилерден қандай да бір затты құрайды. Екіншісі бірнеше секунд көлемінде қарап алады да, оны қайтадан жасауға тырысады. Содан кейін оқушылар орнын ауыстырады, екіншісі көрсетеді, біріншісі қайталайды.

«Сөздер тізбегі» ойыны

Оқушылар шеңберге отырғызылады. Бірінші оқушы кез-келген бір заттың атын атайды. Мысалы: «ірімшік». Екіншісі алдыңғы айтылған сөзді атайды да, өзі бір сөз қосып айтады. Осылайша жалғаса береді. Әрбір келесі ойыншы алдында айтылған барлық сөзді ретімен атап шығады да, өзінің сөзін қосып отырады. Кім шатасады, сол ойыншы ойыннан шығады. Ал ең соңында қалған оқушы жеңімпаз атанады.

«Есте сақта және тап»

3-4 картинада берілген суреттерді есте сақтап, оларды атау қажет. Содан соң балалар сол бейнелерді 10-12 дана ұқсас суреттердің арасынан табу керек.  Бұл жаттығуды сандар мен әріптерден де жасауға болады. Ол үшін арнайы әріптер мен сандар кассасын пайдалануға болады.

«Шатаспай есте сақта» Әр баланың алдына әртүрлі заттар бейнеленген 10-15 карточка қойылады (алма, троллейбус, шәйнек, ұшақ, қалам, машина, ат, әтеш т.б.) Психолог: «Қазір мен сендерге бірнеше сөздерді атаймын. Алдыңдағы суреттерге қарап, мен айтқан сөзді есте сақтауға көмектесетін бір затты таңдап ал да, оны бөлек жерге қой», — деп нұсқау береді. Бірінші сөз оқылады. Бала алдындағы суреттен таңдаған соң, екінші сөз және ары қарай осылайша оқылады. Бала психолог айтқан сөзді қайталап, өз заттарының ішінен байланыстыратын суретті алып, есінде сақтауы қажет. Мысалы: өрт, зауыт, сиыр, орындық, әке, отыру, мейірімділік т.б.

«Қиял арқылы сөздерді есте сақтау» Балаларды логикалық байланысы жоқ сөздерді есте сақтауға үйретеміз. Сөздер: ағаш, үстел, буғыш, себет, тарақ, сабын, кірпі, өшіргіш, кітап, күн. Осы сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру қажет. «Көз алдарыңда әдемі жасыл ағаш өсіп тұр деп елестетіңдер. Ол тақтаға қарай өсе бастады, тақтадан төмен қарай аяқтары түсті, сонымен үстел пайда болды. Үстелге жақындай қарадық, үстелдің үстінен төмен қарай аққан шалшық су көрдік. Ол үлкен өзенге айналды. Өзеннің ортасында ожау пайда болды, одан ол себетке айналып кетті. Одан кейін себет жағаға ұшып кетті. Оған жақындап себеттің бір жағын сындырсаңыз, тарақ пайда болды. Оны қолыңызға алып шашыңызды тарай бастадыңыз, содан кейін басыңызды сабынмен жудыңыз. Сабын көпіршіктері ағып, кірпідей үрпиіп шашың қалды. Сізге өте ыңғайсыз, буғышты алып шашыңызды жинадыңыз. Буғыш буғанға шыдамай үзіліп жерге түсті. Жерге түскенде төңкеріліп, кітапқа айналып кетті. Кітап бетін ашсаңыз оның ішінен көзіңізге шағылысып күн түсті. Алдымен балалар біздің құраған әңгімені елестетуге тырыссын, содан кейін өздері (басқа сөздерді пайдаланып) құрап бір-біріне айтып дағдылансын. Қорытынды бөлімде біз сөздер тізбегін оқимыз, ал олар өз беттерімен байланыс құра отырып, тізбектеп айтылғандарды есте сақтайды.

«Кезек» ойыны Сурет, карточкаларды немесе қандай да бір затты кезекке тұрғызу. Мысалы, тіс дәрігеріне, шаштаразға. Балалар артқа қарап тұруын сұраймыз да, қандай-да бір затты алып тастап, қайтадан «Кім кезектен қашып кетті?» — деп сұраймыз. Қайтадан ары қарап тұруын сұраймыз, карточкалаардың орнын аууыстырып, «Кім кезегін шатастырып алды?» — деп сұраймыз. Содан кейін карточкаларды төңкеріп, «Көбелек қайда ұйықтап жатыр?», «Піл қайда ұйықтап жатыр?» және т.б сұраймыз. «Шкафқа жасыру» ойыны Сірінкенің бос қорабынан шкаф жасаймыз. Ең қарапайым шкаф: үш қорапты бір-біріне жабыстыру. Ең күрделі шкаф: 6 қорапты тігінен орнатып және 5 қорапты жалпағынан орнату. Қандай да бір кішкентай затты, мысал үшін моншақты баланың көзінше кез-келген қорапшаға саламыз. Содан кейін шкафты айналдырып, балалардан сұраймыз: «Моншақ қай сөресінде жатыр?». Жаттығуды игеру үшін түрлі-түсті заттарды  әр сөреге салуға болады. Сұрақтар: «Жасыл шар қай сөреде?», «Көк түйреуіш қай сөреде?» т.б. «Басынан баста» ойыны Жұпсыз суретті карточкалар топтамасы жоғары алынады. Бірінші ойыншы карточканы алып ауызша атап, суретімен төмен қарай қояды. Екінші ойыншы келесі карточканы алып, бірінші карточканы атап, содан кейін өз карточкасын атап, бірінші карточканың үстіне қояды. Келесі ойыншы келесі карточканы алып, бірінші және екінші карточкаларды атап, өзінің алған карточкасын екінші карточкасының үстіне қояды. Осы ретпен барлық ойышы ойынды жалғастырып, есінде сақтауға тырысады. Ойынға екі не одан да көп ойыншы қатыса алады. Кім де кім карточка ретінен жаңылысса, ойыннан шығарылады.

«Түйме» ойыны Балалар жұптасып ойнайды. Олардың алдарында екі бірдей түйме жинағы жатыр. Әрбір ойыншыда өз ойын алаңы бар – ол тор көзге бөлінген текше. Ойынды бастаушы өз алаңына  үш түйме тастайды, екінші ойыншы оны қарап, әрбір түйменің орналасуын есте сақтап қалуы керек. Осыдан кейін бірінші ойыншы өзінің алаңын қағазбен жасырып, ал екінші ойыншы өз алаңында бірінші ойыншының түймелері орналасуын бұлжытпай орналастырады. Ойында қаншалықты тор көз бен түйме көп болса, соншалықты ойын күрделене түседі.

«Алфавит» жаттығуы Алфавитті дұрыс және керісінше ретпен айтып еске түсіру керек. «Қанеки, есіңе түсір!» Оқушыларға сұрақтар қойылады. Мысалы: «Бұл ғимаратта неше қабат бар?», «Дәліздегі перделердің түсі қандай?» «Бүгін Мәди не киіп келді?» т.б. Бәріне нақты жауап берген оқушы жеңімпаз атанады. Бұл ойын бір жағынан баланың зейінінің артуына да көмектеседі.



Көздің жаттығуы. Егер адам баласы күн сайын таңертең кӛзді оңға, солға, жоғары,тӛмен қаратып 30 секундтай жаттықтырып тұрса, есте сақтау қабілеті 10 пайызға кӛтеріледі. Бұл – дәлелді қажет етпейтін факт. Ми қабатының екі бӛлігі де бірбірімен тығыз байланыста болып, есте сақтауға ӛз әсерін тигізеді.

Сондай ақ Александр Пушкин, Н.Преживальский, Шыңғысхан сияқты есте сақтау қабілеттері жоғары дәрежеде болған адамдарды айтып өткім келеді. Әрине, бұл кісілердің есте сақтау қабілеттері табиғаттан берілген сый. Бірақ есте сақтау қабілеттері төмен, не орташа адамдарға не істеу керек? Әрине, үнемі жаттығу жасау арқылы, есті дамыту.

Енді бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында біраз жаттығулар дайындап келгем. Сол жаттығулар:

Көру арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жаттығу.

Нұсқау: қазір сіздерге мынадай сандар көрсетемін. Сендер 30 секунд уақыт зейін салып қарап, есте сақтауға тырысыңыз.


12


69


75


15


84


82


35


45


48


Талдау: 8-9 сан есте сақталса, онда есте сақтау қабілеті жылдам, жақсы болған екен.

6-7 сан есте қалса, онда орташа

5-6 сан есте қалса, онда төмен дәрежеде.

Есту арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жаттығу.

Нұсқау: қазір сіздерге мынадай сөз тізбектері оқылады. Сіздер мұқият тыңдап, естеріңізде қалдыруға тырысыңыздар. Мен 2 рет оқып, қайталап, содан есте қалған сөздерді алдарыңыздағы қағазға жазуды сұраймын.


Терезе


Дәптер


Гүл


Ақша


Кітап


Етік


Парта


Компьютер


Тағам


Орындық


Есік


Телефон

Сергіту сәті: джунглидағы жаңбыр.



Нұсқау: балалар қазір бәріміз орнымыздан тұрып, біріміздің артымызға біріміз тұрып, қолымызды созғанда бір-біріміздің арқамызға жететіндей етіп тұрамыз. Мен айтқанда, қолымызбен массаж жасауға кірісеміз. Енді бізді мұқият тыңдаймыз. Джунглидамыз. Күн ыстық. Быраздан соң ақырындап жел соға бастады. Ол жел күшейе бастады. Бір кезде себелеген жаңбыр жауа бастады. Ол жаңбар күшейіп, селге айналды. Бұршаққа жалғасты. Бұршақ қайтадан селге, сел жаңбырға, одан дауылға, дауыл желге айналып барып басылды. Күн шығып, ауа райы орнына келді. Осы жаттығуды екі-үш рет қайталаймыз.

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ережелер:

Shape7 Shape6 Shape13 Shape12 Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
6258
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі