Материалдар / Ашық сабақ "Етістік" 2 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Етістік" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабаққа жоспары. Сабақ жоспары мұғалімге керек. Мұғалім сабақ жоспарына қарап өзіне жоспар жасайды. Ашық сабақ материалдарын пайдалануға болады. Ашық сабақ жоспарында тақырып нақты қамтыған.Сабақтағы тапсырмалар арқылы баланың ойы мен шығармашылығы артады, сабаққа қызығушылығы басым болады. Мұғалімдерге бір көмегі тиеді деп ойлаймын.Сондықтан осы ашық сабақ жоспарымды жариялып отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
455
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

пән: Қазақ тілі 2 сынып
Cабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: етістік туралы алған білімдерін кеңейту, сөйлемдерден етістікті табуға, сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылық: шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: сауаттылыққа, ұйымшылдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: пысықтау сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Cабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, ойын.
Көрнекілігі: кесте, слайд Етістік, ертегі Арыстан мен тышқан э/о, жүрекше, күн шуағы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық серпіліс
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біз де сәлем береміз.

Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын!
Сейсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!

Сабақ кезеңдері:

1-кезең Ой бөлісу отауы
Үй тапсырмасын тексеру. 361-жаттығу

Жұмбақтың шешуін табады.
Түнде жортады
Жарықтан қорқады. (Үкі)
2-кезең Сауал-бізден, жауап сізден Сұрақтарға жауап алу
Зат есім дегеніміз не?
Жалқы есім дегеніміз не?
Сөйлем дегеніміз не?
Етістік дегеніміз не?
“Жалғасын тап” ойыны
Оқысаң... сусын ішесің
Аяғың ауырса ... күн жылынады
Көп ұйықтасаң... қолыңмен сүртпе
Шөлдесең... басың ауырады
Көзің ауырса... көп жүрме
Жаз шықса... түсінесің

3-кезең Білгенге маржан
Бүгінгі күнді жазып, көркем жазу жаздыру.
Тез тауып, бөгелмей айт ойыны
Жел ... . Қоңырау... . Жаңбыр... .
Күн... . Сабақ ... . Гүл... .


4-кезең Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ
Оқулықпен жұмыс
362 -жаттығу. Етістіктерді қойылған сұрақтарына қарай екіге топтастырып жазу.
Не істеді? Не істейді?
Келді ұшады
оқыды жазады
көрді сауады
жинады байқайды
сүртті тарқатады
2. Ауызша сөйлемдер құрату.
5- кезең Сөз сыры

363- жаттығу Ұйқасын тап
Тастан тасқа секіріп,
Жем тереді кекілік.
Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы арыстан.

6-кезең Ертегі -әңгіме
364 - жаттығу. Арыстан туралы ертегіні электронды оқулықтан көрсету.
7-кезең Тынығайық сәл ғана...
Сергіту сәті
Шаршадым Уһ! дедім,
Ренжідім ТуҺ! дедім,
Қорықтым Ой! дедім ,
Өкіндім АҺ! дедім ,
Шарасыз ЕҺ! дедім ,
Таңырқап О! дедім,
Кейідім И! дедім,
Біліп ап Е! дедім ,
Қуанып Ха-ха-ха дедім.
366-жаттығу . Не істеді? сұрағына жауап беретін сөздерді не істейді? сұрағына жауап беретіндей өзгертіп жаздыру.
Көрді-көреді, боздады-боздайды, баптады-баптайды, емдеді-емдейді, ойнады-ойнайды, жазды-жазады.
8-кезең Ойын ой ұштар
Шығармашылық тапсырма
Сурет бойынша өлең құрастыру.
9-кезең Ойлан, тап!
1. “Ой толғаныс”стратегиясы

1.Табаныма байладым
Қос таяқпен айдадым.
2.Зулап түсіп төменге
Шықпас менсіз төбеге
3.Табанға тақтым
Жалпаң қақтым
Зырлап бақтым
4.Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады.
“Сезімнен шыққан өлең”
стратегиясы

Қар жауады _____________
___________ жүр шапалақтап.
Балалар ______________ киеді,
________ беттен сүйеді
( Оқушылар өз ойларын айтады.)
10-кезең Шыққан шыңымыз
Сабақты қорытындылау Өлеңге етістіктерді қояды.
Мен гүлдерді ... .(жұлмаймын)
Торғайларды ... . (қумаймын)
Айтқан сөзді ... . (тыңдаймын)
Анашымды... . (сыйлаймын)
Оқушыларды бағалау: Бағаға талдау жүргізу.
Үйге тапсырма: 365- жаттығу
Сабақтан алған әсерлерін жүрекшеге жазып, күн шуағына жапсырады.





















Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 34 орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ашық сабақ
Тақырыбы:

Етістік




пән: Қазақ тілі

Бастауыш сынып мұғалімі: Бейсенова С.А.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!