жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Етістік 4-сынып
Жамбыл облысы, Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кадырова Айсулу Ермековна
|
Мектеп: Төле би орта мектебі Пәні: қазақ тілі |
|||||
|
Сабақ тақырыбы: Етістік |
|||||
|
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Кадырова Айсулу Ермековна |
||||
|
Сынып: 4 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты |
4.2.6.1 – белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. |
||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру, мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау, оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстары жүргізу арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары жетілдіріледі. Көптеген оқушылар: тыныс белгілері үйретіледі, жасалу жолдары танытылады. Кейбір оқушылар:топтық,жұптық, жеке жұмыстарды орындайды. |
||||
|
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) |
Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру, мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау, оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстары жүргізу арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары жетілдіріледі. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Адамгершілік, еңбекқорлық. |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
«Мәдени мұра» лексикалық ортақ тақырыбы аясында қарастырылады. «Мәдени мұра дегеніміз не?», «Абайдың қара сөздері-ұрпаққа мәңгі мұра», «Мәдени ескерткіштер сыр шертеді», «Мақала жазамын» тақырыптарындағы мәтіндермен жұмыс «Дүниетану», «Музыкамен» пәнаралық байланыста жүзеге асыруды мүмкін етеді. |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Электронды тапсырмалар. |
||||
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Оқушылар алдыңғы сыныптарда көркем шығарма және ғылыми-көпшілік мәтіндермен таныс. Мәтін түрлері мен жанрын ажырата алады. Сөз мағынасымен жұмыс істеуде дереккөздерді дұрыс пайдалана алады. Аудио жазбалары арқылы ойын ауызша және жазбаша жеткізеді. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||
|
Басталуы |
І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу. Сыныптың назарын сабаққа аудару. Сергіту жаттығуы: «Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен - Әдемі, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен – Мәдина, барлығынан біліміммен асып түссем деймін, т.б. 2. Жаңа топ құру Топтарға бөлу. Асық арқылы бөлу Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады. Түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды. 1-топ: «Алтын асықтар» 2-топ: «Күміс асықтар» 3-топ: «Қола асықтар» 3. Жұмыс ережесін келісу
ІІ. Алдыңғы білімді еске түсіру (топтық, жұптық жұмыс)
Дескриптор:
Бағалау: «От шашу» әдісі |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
|||
|
Ортасы |
(Ө,Т) Мәтіналды тапсырма. «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі. Жаңа тақырып бойынша үш түрлі термин ұсынылады. Берілген терминдерге қатысты үш сұраққа жауап берулері тиіс. Етістік дегеніміз не? Мысалы қандай болады? Түсіндірме Етістік — заттың қимылын, іс-әрекетін, күй-жайын білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе? т. б. тұлғалардағы) деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, Көп ойнасаң, бала боласың (мақал), т.б. Берілген мысалда ойласаң, ойнасаң (сен не істесең?), боласың (сен не істейсің?) деген сөздер заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұр. Сондықтан бұл сөздер етістік болып табылады. Дескрипторы:
(оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстары жүргізу арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары жетілдіріледі) Бағалау: «Бағдаршам» әдісі
(Ж) Тақырып бойынша мәтін
құрастыру. Сызба арқылы әңгімелеу мәтінінің бөліктерін табу.
Дескрипторы: Әңгімелеу мәтінінің бөліктерін табады Бағалау: «Бас бармақ» әдісі |
Тапсырма ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
|||
|
Аяқталуы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ой толғаныс кезеңі. «Шығармашылық шеберхана» ұйымдастыруға болады. Оқушылар бұл сабаққа суреттер, тақырыпқа қатысты иллюстрациялар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жинақтап, постер жасайды. Өлең, эссе жазады. Түрлі формада блокнот, кітапшалар жасайды. Жұмысқа 15 – 20 минут беріледі. Топқа бөлініп, топтық жоба қорғау ұсынылады. (Практикалық жұмыс жасау барысында оқу кабинеті шығармашылық шеберханаға айналады. Сабақ соңында жасалынған өнімдерден көрме ұйымдастырылады. Негізгі мақсат бөлім бойынша білімдерін жүйелей отырып, топта тату жұмыс жасауды, сыныптастарының пікірін құрметтеу, ұжымдаса өнімдер шығару болып табылады) Қорыту. «3 түсті қорапқа салынған сұрақтар» әдісі. Көк, жасыл, қызыл (оңайдан күрделіге) Етістік дегеніміз не? Етістіктің қандай түрлері бар? Сөйлемді жазып, етістікті тап. Дара және күрделі етістікті ажырат. Неліктен етістікке не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақтар қойылады?, т.б. сұрақтар Рефлексия «Жұлдыздар шеруі» әдісі.
|
Тапсырма ны орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады. |
|||
|
Қосымша ақпарат. Imektep сайтынан қосымша ақпарат беру (бейнебаян) |
|||||
|
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
|
||||
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? |
|
||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
||||
|
Қорытынды бағамдау |
|||||
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2. |
|||||
абақта
бір-бірімізді сыйлаймыз,
тыңдаймыз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген