400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Етістік туралы білетінімді еске түсіремін. 3 сынып. Жаңартылған бағдарламамен жазылған

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ өтетіндерге немесе етістік туралы ашық сабақ өткенге әдіс алмасуға пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы: Етістік туралы білетінімді еске түсіремін

Сынып: 3 «А»

Күні:15.02.2019ж

Мектеп: №130 жалпы орта мектеп

Мұғалім: Бұртай Ф.Н

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.4.2.4 зат есім/сын есім/етістікті анықтау.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар: етістікті анықтай алады, мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады

Оқушылардың көбі:

- сурет бойынша мәтін мазмұнын болжай алады;

Оқушылардың кейбірі:

-мәтін мазмұның сурет арқылы жеткізе алады

Бағалау критерийлері

  • етістікті ажыратады

- сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды

-мәтін мазмұның сурет арқылы жеткізеді

Тілдік мақсаттар

Құрманғазы, Дина, күйші, домбыра.

Талқылау үшін сұрақтар:

- Құрманғазының қандай күйлері бар?

- Егер, Сіз күй шығарсаңыз мазмұны не туралы болар еді?

- Қазіргі кездегі күйшілерді ата.

Құндылықтарды дарыту

Құрманғазының шығармашылығын бағалай білуге баулу

Алдыңғы меңгерілген білім

Етістік туралы біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

3-минут

Ұйымдастыру

Шаттық шеңберін құру. «Бәріміз біріміз үшін, Біріміз бәріміз үшін!» Түймедақ гүлінің күлтешелерінде жазылған сөздер арқылы топқа бөліну. (Күлтешелерге әр түрлі сөз таптарына жататын сөздер жазу)

1-топ: Зат езім

2-топ: Сын есім

3-топ:Сан есім

4-топ: Етістік



Қосымша №1


Гүл күлтешелері

Сабақтың ортасы


5-минут













(Ұ.Ж) 1-тапсырма «Блум түймедағы» әдісі бойынша үй тапсырмасын бекіту.

-Зат есім дегеніміз не?

-Зат есімнің сұрақтары қандай?

-Зат есім нешеге бөлінеді?

-Заттың қимылын білдіретін сөздерді не деп атаймыз?

-Етістіктің сұрақтары қандай?

-Өткен сабақта қандай күйшілермен таныстық?

-Күй тыңдату

Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру

ҚБ: ауызша мадақтау арқылы «Сөздік» бағалау








Дыбыс күшейткіш

Презентация







5-минут

(Ұ.Ж) «Кім жылдам?» әдісі арқылы 1-тапсырманы орындау

Керекті сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер. Етістіктерді тап, оларды дара немесе күрделі екенін айт.

-Динаның ұстазы кім?

-Құрманғазы кім?

-Домбырашы болу үшін не істеу керек?

-Құрманғазының ақыл-кеңестері Динаға қалай әсер етті?

Керекті сөздер: Құрманғазы, күй атасы, дыбысты сүйе білу, ерінбеу, құлағынан кетпестей

ҚБ: ауызша мадақтау арқылы кері байланыс жасау



8-минут

(Ұ.Ж) «Бірлесіп жазу» әдісі бойынша 2- тапсырманы орындау.

Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Күйші күй ... . Жыршы жыр ... . Ақын өлең ... . Дәрігер ауруларды ... . Мұғалім балаларды ... . Жылқышы жылқы ... .

ҚБ: ауызша мадақтау арқылы кері байланыс жасау

Оқулық



Жұмыс дәптері

3 минут

(Т.Ж) «Кім тапқыр?» әдісі бойынша тақтамен жұмыс .

3-тапсырма

Көп нүктенің орнына дара етістікті тауып жаз. Күрделі етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.

... – келе жатыр, келе бастады.

... – тарта алады, тартып жатыр, тартып жүр.

... – тоқи алады, тоқып отыр, тоқи бастады.

... – барып кел, бара кел.

ҚБ: топта бірін-бірі «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау.

Сергіту сәті: «Еден», «Төбе», «Мұрын» қимыл арқылы жасату

Кеспе қағаздар

12 минут

(Т.Ж) 4-тапсырма

Picture 2


Суретке қарап, мәтіннің тақырыбын болжа. Мәтінді тыңдату .

-Менің атым Дина, - деді қызғалдақ.

-Мерейлі бол, Динажан, мен – кек күйшісі Құрманғазымын. Тәрбиешім Махамбет ақын – Исатай ердің серігі, халық үшін жан берген. Сол ерлердің ұраны, сол күрестің дабылы мынау егіз ішекте. Мұрамды саған тапсырдым, халыққа жеткіз күйімді! - деп, қария қызғалдаққа үкілі домбырасын ұсынды.

- Егер де маған, атажан, шынымен сеніп тапсырсаңыз, кек ұрандас күйіңізді халыққа ойнап беруге ант етем! – деп, қыз бала тізерлеп отырды да, домбыраны қолына ұстап, сүйіп-сүйіп алды.

Әбу. Сәрсенбаевтан

Мәтінге ат қой. Келесі беттегі жоспарды толықтыр. Жоспар бойынша мәтінді мазмұнда. Мәтіннен етістіктерді тауып, олардың дара және күрделі түрін ажырат.

Топтық тапсырмалар:

1-топ: «Дауыстап оқу» әдісі бойынша оқиды.

2-топ: «Рөлдік ойын» әдісі бойынша сахналайды

3-топ: «Граффити» әдісі бойынша сурет салады

4-топ: «Бір минуттық әңгіме» әдісі бойынша дара және күрделі етістіктерді тауып ажыратады.

«Жас тілші» әдісі бойынша мәтін мазмұның түйіндеу

ҚБ: топтардың бірін-бірі бағдаршам түстері арқылы бағалауы.

Оқулық




А-4 қағаздары

Суреттер, түрлі-түсті қағаздар, түрлі-түсті маркерлер


Микрофон

Қосымша тапсырма

2-минут

Уақыт өлшеміне қарай «Семантикалық картаны» толтыру

Семантикалық карта

Сабақтың соңы

2-минут

Рефлексия

Бағдаршам түстері


Үйге тапсырма



Бағдаршам түстері

Қосымша ақпарат

Саралау


Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
денсаулық пен қауіпсіздік

  • Кейбір тапсырманы орындау кезінде саралаудың «Диалогқа түсу» әдісі арқылы жетекші сұрақтар қою арқылы кейбір оқушыларға қолдау көрсетемін. Семантикалық картамен жұмыс жасағанда кейбір оқушылар саралаудың «Қарқын» тәсілі бойынша жылдам жұмыс жасайды

  • Бағдаршам түстері , ауызша мадақтау сөздері арқылы және сабақ соңында арнайы дайындалған алқа тағу арқылы бағалау ұйымдастырып отырамын

Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
3373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі