жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Етістіктің шақтары 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары |
Мектеп: Теңіз негізгі мектебі |
||||||||||
Күні: 15.02.2019 |
Мұғалім: Сулейманова Гульдана Мукашевна |
||||||||||
Сынып: 4 «А» |
Қатысқан: 2 |
Қатыспағандар: |
|||||||||
Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар |
Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен, осы және келер шақ түрлерімен таныстыру. Танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Оқушыларға қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен маңызын нақты деректер келтіре отырып түсіндіру. |
||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар білуге тиісті: Тақырып туралы қосымша мәліметтер біледі. |
||||||||||
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Тақырып мазмұнын түсінуі тиіс |
|||||||||||
Кейбір оқушылар білуге тиіс: Ережемен жұмыс істей алады |
|||||||||||
Бұрыннан бар білімдері |
Тапсырмаларды сатылай кешенді талдауды біледі. |
||||||||||
Жоспар |
|||||||||||
Жоспарланған уақыттар |
Жоспарланған уақыт (жаттығулар) |
Ресурстар |
|||||||||
Басталуы
2 минут |
Ұйымдастыру кезеңі « Алақанның жылуы» Шеңберге тұрып бір-біріміздің алақанымызды жақындатамыз. Бүгінгі сабаққа жүректен шыққан жылы сөздерді алақандарымыздың жылуымен бір-бірімізге таратамыз.Қыздар мен сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік, өткен сабақтын шапшандығын, келер сабақтың тапқырлығын тілеймін. Қызығушылықты ояту Таныстырылым Оқушылар кеше мектептің почтасына біздің сыныпқа хаттар келіпті. Қане, хаттарды ашып көрейік кімнен келген екен. |
Почта жәшігі Хаттар (рефлексия) |
|||||||||
Ортасы
2 минут
3 минут
8 минут
2 минут
3 минут
5 минут
|
Жаңа сабақ 1-хат: Әріптер берілген сол әріптердің ішінен белгілі бір сөздерді тауып, біріктіріп жазу. ЙВСАЕТПЛДЖІСЖДМТІКЧФХДЖТІҢМВРОШАҚЧЯФРОТАРЫУКЕГИ. Оқушылар қандай сөз шықты (Етістіктің шақтары) демек бүгінгі біздің тақырыбымыз етістіктің шақтары. Оқушыларға алдын ала бағалау парақтары беріледі.
2-хат:
Мұнда бұлай жазылған мына нөмерлерді
терсендер белгілі бір сөздер шығады
делінген.
103-осы 27659-өткен 65458-келер Оқушылар 103-нөмеріне біз қандай жағдайда қонырау шаламыз? - жедел-жәрдем байланысы. Тыңдалым ( осы сәтте осы шақ, өткен шақ, келер шақ ережелері тыңдалады). Етістік іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Осыған байланысты бүгінгі біздің жаңа сабағымыз: Етістіктің шақтары деп аталады. - Алдымен, балалар шақ деген сөзді қалай түсінеміз? Шақ дегеніміз – мезгіл, кезең, Бақытты балалық шақ Шақ – іс – әрекетті, қимылды білдіреді. Өріктің сүйегін шақ. іс - әрекеттің нақты қазір болып жатқанын көрсетеді (осы шақ). іс - әрекеттің болып кеткендігі көрсетіледі (өткен шақ) іс - әрекет әлі жүзеге асқан жоқ, болашақта болатыны айтылады(келер шақ). 3-хат: Оқылым, Жазылым ( тақтада берілген жұмбақты оқиды, талқылайды, шешімін жазады.) Жаңа туған айды алып, Саптадық та қайрадық. Енді егінді орамыз, Пісіп тұрған сарғайып.
4-хат: Жеке жұмыс (24-жаттығу оқиды, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді) Ұзақ қыс-Қыста күн суық, қысқа, ал түн ұзақ. Қыс- өте әдемі, ақ қарлы, керемет кез! Ұзақ құс-қарға тұқымдас денесі кішілеу келген жыл құсы, ұзақ қарға.
5-хат: Жұппен жұмыс( плакатта етістіктер беріледі айт,оқы, біл, көр осы етістіктерді өзгертіп үш шақта жазу керек.) осы шақ өткен шақ келер шақ айтып отыр айтты айтады |
Оқулық, дәптер, үлестірмелі парақшалар, телефон (бағалау парағы)
(аудио тындалым)
АКТ
(плакат) |
|||||||||
Сергіту сәті 2 минут |
«Биле-биле» жаттығуы Етістіктің жіктелуі ретінде сергіту сәтің орындаймыз. Мен билеймін Сен билейсің Сіз билейсіз Біз билейміз Сіздер билейсіздер Олар билейді. |
Сергіту жаттығуы билеу (әуен) |
|||||||||
5 минут
3 минут
Сабақтың аяқталуы 5 минут |
6-хат: Жеке жұмыс (Әр оқушыға екі-екіден суреттегі зат атаулары беріледі сол сурет бойынша іс-әрекеттің бұрын болып кеткенін және алдағы уақытта болатынын білдіретін сөйлемдер құрау.)
Дескриптор Білім алушы -Суреттегі зат атауларына қарап сөйлем құрастырады. -Сөйлемді құрау барысында етістіктің шақтарын орынды қолданады. 7-хат: Оқулықпен жұмыс (27-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Етістіктің астын сыз, оларға сұрақ қой.)
« Ашық микрафон» әдісі.
|
Берілген тапсырманы орындайды Жеке кеспе қағаздар
(оқулық)
(микрафон рефлексия)
|
|||||||||
Үйге тапсырма: 29-жаттығу: «Біз бейбітшілікті сүйеміз» тақырыбына әңгіме құрау. (шығарашылық жұмыс) |
|||||||||||
Дифференциациялау оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалайша жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс – Дүниетану, Математика, Әдебиет,АКТ |
|||||||||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
|
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз?
|
||||||||||
Дифференциялау жоспарым жүзеге асты ма? Тапсырмалары сәйкес болды ма? Уақыт дәлдігі қалай болды? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім? |
БББ кестесі
|
||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |
|||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген