400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Етістіктің шақтары" 4сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған, яғни 4сыныптағы қазақ тілі пәнінен "Етістіктің шақтары" тақырыбындағы ашық сабақ. Ашық сабақ топқа бөлініп өткізілген сабақ. Ар топтың тапсырмалары анық. Топ ережесі жазылған. Әдіс-тәсілдер арқылы берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ Тақырыбы: «Етістіктің шақтары» 4сынып

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға іс-әрекеттің орындалатынын,орындауға тиістілігі,орындалғанына байланысты үш шаққа бөлінетіндігін ұғындыру.

Дамытушылығы: Қазақ тілінің байлығы арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту,олардың сабаққа деген белсенділігін,іздену, шығармашылық ойлау,талдау,салыстыру,топтастыру қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі: Оқушылардың сауатты,көркем жазу дағдыларын кеңейту. Еңбекқорлыққа,

ұйымшылдыққа баулу.Өнегелі,ұлағатты аталар сөздерін есте сақтап үлгі алу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,топтастыру,шығармашылықпен жұмыс, топпен жұмыс, «Шар ұшыру» ойыны, Жұппен жұмыс, «Іздер» әдісі, «Бас бармақ» әдісі

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, кәмпиттер, шарлар, іздер, житондар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 

-Бүгін сыныбымызға кімдер келіп отыр? Ұстаздар.

-Қонақтармен амандасып алайық.
1. Оқушылар амандасу. топқа бөлінбестен бұрын
Бәрі: Саламатсыздар ма 1т– Здраствуйете 2т– Халлоу 3т-Ни-хау

Біз бірден топқа бөлініп отырдық. 1-топ, 2-топ, 3-топ.

Сабағымызды бастамас бұрын бойымызды бір серпіліп алайық.

Психологиялық жаттығу.

Тіл арқылы биіктерге жетеміз,

Тіл арқылы қиындықтан өтеміз.

Ана тілді қастерлесек қадірлеп,

Болашақта самғай ұшып кетеміз.

-Біз сабағымызды қандай өлеңмен бастадық? Не туралы?

-Біз тіл туралы мақалдар білеміз бе?

Тіл туралы әр топ бір мақалдан айту.

1-топ:

Мал басынан байланады, 
Адам тілінен байланады.  Жарайсыңдар қол соғу.

2-топ:

Тіл – тас жарады, тас жармаса да бас жарады.  Жарайсыңдар қол соғу.

3-топ:

Туған ел – тұғырың, 
Туған тіл – қыдырың.  Жарайсыңдар қол соғу.

Біз топқа бөлініп отырдық. Сіздерді топ ережесімен таныстырып жіберейін.

Топ ережесі

  1. Тыныштық сақтау.

  2. Бір-бірін тыңдау.

  3. Қол соғу.

  4. Ойды ашық айту.

Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын тексерместен бұрын айтып жіберейін. Сабаққа дайын отырған оқушы қолдарындағы қызыл сары жасыл житондарды көтеріп жауап береді. Және де тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушы алдарындағы кәмпиттерді бір-бірлеп алады. Сабақ соңында оқушыны және топты балын есептеп бағалайтын боламыз. Түсінікті ме оқушылар.

1-2кәмпит----Төмен деңгей

3-4кәмпит----Орта деңгей

5-тен жоғары кәмпит----Жоғары деңгей

20-жаттығу. 1.Мәтінді түсініп оқы.

2.Мәтін не туралы? Мәтінге ат қой. Етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын айт. Қол соғу.

Өткенді қайталау

«Шар ұшыру» ойыны өткенді қайталау. Ой қозғау.

1-топ:көк шар

-сөз таптарын ата. зат есім дегеніміз не? сұрағын ата. Мысал келтір. 1 Қол соғу.

-септік жалғаулары дегеніміз не? қазақ тілінде неше септік бар? септіктерді ата. 2 Қол соғу.

-зат есімнің септелуі дегеніміз не? 3 Қол соғу.

2-топ:қызыл шар

-атау септік пен ілік септігінің сұрағын жалғауын ата. Мысал келтір. 1 Қол соғу.

-барыс септік пен табыс септігінің сұрағын жалғауын ата. Мысал келтір. 2

-жатыс септік пен шығыс септігінің сұрағын жалғауын ата. Мысал келтір. 3

3-топ: жасыл шар

-көмектес септік сұрағын және жалғауын ата. Мысал келтір. 1 Қол соғу.

-зат есімнің неше жақта жіктелетінін айт. Дәрігер сөзін жікте. 2

-етістік дегеніміз не және етістіктің жіктелуі дегеніміз не? 3

Жаңа сабақ"Әріптер сөйлейді"ойыны Шар. Ана. Құрбы

-Шақ дегенді қалай түсінеміз?

Шақ дегеніміз-мезгіл, кезең. Мысалы: Балалық шақ Жастық шақ Кәрілік шақ

Шақ – іс – әрекетті, қимылды білдіреді. Өріктің сүйегін шақ. Ара аюды шақты.

Аслан хат жазып отыр. Асан ертең нағашы атасына бармақ.

Мен жазда Астана қаласына бардым.

Әр суретке сөйлем құрап, іс-әрекеттің қай мезгілде болғанын анықтау.

Ереже: Етістіктер іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді.

Етістіктің үш шағы болады: Осы шақ Өткен шақ Келер шақ

Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.

Жаттығу жұмысы. Дәптермен жұмыс.

23-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз. Шешуін тап.

Жаңа туған айды алып, о ш

Саптадық та қайрадық. ө ш

Енді егінді орамыз, к ш

Пісіп тұрған сарғайып. о ш

шешуі: ара -шарауашылық құралы Қол соғу.

Сергіту сәті:

Жасыл - құшақтау

Сары - қол алысу

Қызыл - басынан сипау Осы түстерді көбіне қайда қолданады?


Тақтмен жұмыс.

24-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Етістікті теріп жаз. Қарамен жазылған сөздің мағынасын түсіндір. Болған оқушыға оқытамын. Балын алады.

Ұзақ қыс-қыстың ұзақтығын, уақытын білдіріп тұр. Ұзақ құс-құс атауы болып тұр.


25-жаттығу. Берілген етістіктерді өзгертіп үш жақта жаз. Болған топ қол соғады.

1-топ: Оқы 2-топ: Біл 3-топ: Көр.


Үлгі: Осы шақ Өткен шақ Келер шақ

айтып отыр айтты айтады

Болған оқушыға оқытамын. Балын алады.


Жұппен жұмыс болған жұп житондарын көтереді

26-жаттығу. Суреттегі зат атауларын қатыстырып сөйлем құра. Қай шақта тұрғанын айт. Ауызша

Постер жасау. Аққу бұл не? Арыстан бұл не? Қайық бұл не?


27-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Етістіктің астын сыз, оларға сұрақ қой. Қай шақта тұрғанын айт. Болған оқушыға оқытамын. Балын алады.


Сабақты қорыту. Кері байланыс


Қолдарыңызда үш шақтың аты жазылған житондар бар. осы шақ келер шақ өткен шақ.

Мен сөздер оқимын сол сөз қай жақта тұр деп ойлайсың соған сәйкес қолдарыңдағы житондарды көтересіңдер.


Жүрді. Өткен шақ. Қонып тұр. Осы шақ. Айтады. Келер шақ. Күліп отыр. Осы шақ.


Жазады. Келер шақ.


«Іздер» әдісі

Етістіктің неше шағы бар?

Осы шақ дегеніміз не?

Өткен шақ дегеніміз не?

Келер шақ дегеніміз не? Шыққан оқушыға тобы қол соғады.

Бағалау.

Оқушыны бағалау. Топты бағалау. Жарайсыңдар! Керемет! Тамаша!


Рефлексия

«Бас бармақ» әдісі































Жаңа тақырыпты үш тілде айтқыз. Етістік. Ош, өш, кш.

Күннің жадысын


Житондар жасау. Қызыл жасыл сары.

Шарларға сұрақтар жаз


Іздер жасау.


Етістіктің үш шағын сурет. 23-25-жат. Плакатқа жазу.

Постер жасау. Не екенін айту. 26-жаттығу суретін ілу.


Мақалдарды жазып жіберу. Жаттауға.


Конфеттер алу.


Ән жазу.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1068
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі