400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ф дыбысы 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын әріптестеріммен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: Б.Сабитов


САБАҚ: Қазақ тілі

ТАҚЫРЫБЫ: 25-сабақ. Ф дыбысы

МЕКТЕП: «Шәмші Қалдаяқов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

КҮНІ:14.10.2019

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Тоғатаева Б



СЫНЫП: 3 «А»

қатысқандар саны:17

қатыспағандар саны:

ОҚУ


3.4.1.1 ф, əріптері бар сөздерді сауатты жазу;

3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мəтін/сөздік/ ызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын өздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.1.2.1 мəтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мəтіннің мазмұнын болжау.

МАҚСАТЫ:






САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:


барлық оқушылар жасай алады:

  • Ф əрпі бар сөздерді сауатты жаза алады.

оқушылардың көбі жасай алады:

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.



оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Алдыңғы білімдер

В дыбысы.

Жоспар

Жоспарлан- ған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)

2 минут

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады

Сыңғырлады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

Үнтаспа Көңілді əуен

3 минут

Топқа бөліну

«Бірігу» әдісі
І топ:
«Үнді дауыссыздар»
ІІ топ:
«Ұяң дауыссыздар»

ІІI топ: «Қатаң дауыссыздар»

Үй тапсырмасын пысықтау

«Жаңғақ" әдісі

1.Марат ,үйдесің бе?Қаратпа сөз не арқылы ажыратылады?

2.Қыстырма сөз дегеніміз не? Осының бәрін ол,әрине,жалғыз өзі істей алмайды?

3.Қаратпа сөз дегеніміз не?

4.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?Атап бер.

5.В дыбысы қандай дыбыс?
6.В дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?

Интерактивті тақта

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут)

8 минут

3.4.1.1 (МК; Ө; Ұ) Жұмбақты оқып, шешуін табу.

Қызығушылығын ояту

Жұмбақтар

-Қос бүйірін таянып,

Тұратұғын қай әріп?

-Қыста дем алып, жазда тынбайды,

Көкке атылып жерге құлайды.

-Өңкей сығай екі топта,

Таласып жүр бір допқа.

Жаңа сабақ

-Сонымен, бұл сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?

-Қандай дыбыс?

- Ендеше біз бүгінгі сабағымызда Ф дыбысымен және әрпімен танысамыз.
- Ф дыбысын хормен айтып көрейік. Қалай айтылып тұр?

Ф Бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі созылмай және кедергімен айтылады.
Айтылуына қарай қатаң дауыссыз дыбыс. Орыс тілінен енген дыбыс.
Ф дыбысы бар сөздер айтып көрейік.
Тақтамен жұмыс. (Суретпен жұмыс жүргізу)
- Оқушылар тақтаға назар аударамыз.
Мынау Ф әрпінің баспа түрі. Оны оқулықтардан, газет, журналдардан көреміз.
Ал жазба түрін жазу жазғанда қолданамыз.
- Ф дыбыс сөздің қай буынында айтылады?
- Футбол ойыны туралы не білесіңдер?
(оқушылардың жауаптарын тыңдау)

-Біздің қаламызда қандай футбол командасы бар? Кім бізде футболға қатысады.
Тақтадағы сөздерді оқып, мағынасын ашып түсіндіру.
Ферма - шаруашылық орталығы
Фирма - мекеме, жұмыс орындары
Фото - сурет
Факс - телефон арқылы жіберілетін хат
Телефон - сөйлесу құралы
Телеграф - телефон соғу орталығы.
Футбол - доппен ойнайтын ойын түрі
Әлфараби - адамның аты

Оқулық


24-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады (ф əрпі). Жұмбақтың шешуіндегі əріп қай дыбыстың таңбасы екенін анықтайды. Ол дыбыс туралы не білетіндерін айтады.


5 минут

3.4.1.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Дәптермен жұмыс: Өлеңді жаттап, жатқа жазу.
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ф әрпінің бас әрпі мен кіші әрпін жазу.
Ф әрпін ауада жазып көрсету.

Ф əрпі бар сөздерді сауатты жазу.

25-жаттығу. Оқушыларға өлеңді жаттатып, жатқа жазғызылады.

Өлеңді жатқа жазу қадамдары:

  1. Тақтаға/флипчартқа өлеңді жазып қою.

  2. Өлеңді оқу үлгісін көрсету.

  3. Өлеңнің тыныс белгілеріне назар аудару.

Оқулық


Shape1


  1. Өлеңді жаттау (3-4 минут).

  2. Жазған өлеңді тексеру.

Жұппен жұмыс жүргізіледі. Орындалған жұмысты өзара бағалау іске асырылады. Бір-бірінің қатесін тауып, түзету жұмыстарын жүргізе алу білігі бағаланады.


6 минут

3.2.5.1 (МК; Ө; Ұ) Өлеңдегі ф дыбысы бар сөздердің мағынасын дереккөздерден іздеу.

Өлеңдегі ф дыбысы бар фойе, фестиваль, Фатима, финал, флейта сөздерінің мағынасын дереккөздерден іздейді.

Флейтаның қандай аспап екенін талқылап, тағы қандай музыкалық аспаптарды білетінін айтады.

Ф дыбысы бар сөздер айтқызылып, бұл дыбыстың айтылу ерекшелігі байқатылады. Жасаған тұжырымдарын оқулықта берілген ақпаратпен салыстырып, ой қорыту жасайды.

Сынып бұрышы

1 минут

Ой сергек!

Саяхатқа барамыз

Дорбамызды аламыз

Эй! Бұл не?

Астынан да өте алмаймыз

Үстінен де өте алмаймыз

Бұл су – (бетті ұрады).

Саяхатқа барамыз

Дорбамызды аламыз

Эй! Бұл не?

Астынаң да өте алмаймыз

Үстінен де өте алмаймыз

Бұл құм – (қолды шапалақтау)

Саяхатқа барамыз

Дорбамызды аламыз

Эй! Бұл не?

Астынаңда өте алмаймыз

Үстіненде өте алмаймыз

Бұл тау – (қолмен тауды көрсетеді)


http://balapan.kaztr

k.kz

10 минут

Топтық жұмыс:

I-топ: Сөйлемдегі бос орындарды толықтыр.

1. … «Алматы кілем» … істейді.

2.Анам … шәйнекті күтіп ұстайды.

3. ... алдында сөйлеп тұрған Құралай екен.

Керекті сөздер: микрофон, фабрикасында,Фарида, фарфор.

II – топ:«Адасқан әріптер» ойыны

НЛЕФЕОТ – телефон

ОТБУЛФ – футбол

ҰФТАСМА – Мұстафа

АРАБФИК – фабрика

III- топ:Венн диаграммасы

Shape3 Shape2

Ф

В




Оқулық

2 минут

(Ө; Ұ; Қ) Топтық жұмысты бағалау.

Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мақсатында

«Бағдаршам» əдісі арқылы ұжыммен жұмыс ұйымдастырылады.

Бағдаршам түстері

ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)

3 минут





(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақ соңында оқушыларға рефлексия жүргізеді:

Кері байланыс.
«Бағалау терезесі»



Қосымша ақпарат

Дифференциация: Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау: Оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс: Денсаулық пен қауіпсіздік АКТ

Құндылықтар

қылау:

Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы болды ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-əрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым жəне неліктен?


Қорытынды бағалау: Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1.

2.

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сəт. 1.

2.

Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы жəне жеке оқушылар жайлы не білдім?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
3294
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі