жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Фариза Оңғарсынова Әжетайым менің
Сабақтың тақырыбы: Әжетайым менің. Фариза Оңғарсынова. Әже Сүйікті әжем. |
Мұғалімнің аты-жөні: Күні: 16.10 |
||||||||||
СЫНЫП: 2 «Б»
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеумәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.2.1.2 - шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу 2.3.4.1 - мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету |
||||||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||||||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
||||||||||
Сабақтың жоспары |
|||||||||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||||||
Басталуы 3 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Тренинг: «Біз болашақтың гүліміз, Сәтті өтсін күніміз!» Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут |
1-топ: Жазушылар 2-топ: Сұхбат алушылар 3-топ: «Тапқырлар» |
|||||||||
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Оқулықпен жұмыс, Әр топтың алдында жатқан мақалдың мағынасын ашу; Күннің шуағы жылы, Ананың құшағы – жылы.
Венн диаграммасы бойынша жұмыс. Күн Ана. Күн жер бетін жылытады, ал ана үйді жылытады. Ал анадан кейін, сендерді күтетін, еркеліктеріңе көнетін тағы кім қымбат? Оны білу үшін мына жұмбақты шешіп көрейік. Дегенімді жасайтын, Қалған тағамымды асайтын, Ертіп алып жетектеп «Немерем», деп атайтын? Ол кім? (әже)
Жұмбақ шешіледі. - Балалар, бүгінгі сабақта Әже атты өлеңмен танысамыз. Бұл өлеңді де жазған Фариза Оңғарсынова апамыз екен. Өмірі мен шығармашылығы туралы Фариза Оңғарсынова - Халық жазушысы. 1939 жылдың 5 - желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл - әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. Нұрсұлтан Назарбаев. «Фаризада халықтық рух бар, ол — елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын. Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын. Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын» деген. |
Оқулық, мәтіндер. |
|||||||||
Негізгі бөлім 10 минут
Сергіту сәті 2 минут
10 минут
Қорытындылау, сабақты бекіту 2 минут
|
Қолдану Дәптермен жұмыс Талдау Анаға деген махаббат туған күніңнен - ақ басталады. Ана деген ардақты ат. Ананы құрметтеп, сыйлай біліңдер! Әже - әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын - ел анасы. Қазақ халқының заңы бойынша әжені әрбір адам танысын, танымасын оған сәлем беріп, құрмет көрсетуге тиіс. 4. Оқулықтағы “Әже өлеңін” мәнерлеп оқып беру; 5. Балаларға іштей оқыту. 6. Балаларға тізбектей оқыту 7. Сергіту сәті. Әжелер құрметіне «Асыл әжем» әнін орындап сергіп алайық.
Топпен жұмыс: 1 - топ. «Жазушылар», «Менің сүйікті әжем»тақырыбында эссе жазу. 2 - топ. «Сұхбат алушылар», Келген қонақтан сұхбат алу Сәлеметсізбе? Қалыңыз қалай? Сізбен сұхбаттасайық «Балалық шақтан бізге қызықты оқиғаңызды айтып беріңізші» Сұхбатыңызға көп рахмет! 3 – топ. «Тапқырлар» Берілген өлең шумағынан керекті сөздерді тауып кестені толтыру
Тентек, әжетайым
9. Шығармашылық жұмыс. Әр топқа алдын ала берілген өлең шумақтары: Жалғас: Әжем ұйықтар алдында Ертегі айтып береді, Еркелеп ойнап жатқанда, Ылғи ұйықтап қаламын. Алина: Әжемді жақсы көремін Өлең айтып беремін. Үлкен болып өскенде Бәрін алып беремін. Бекайдар: Аман болсын басыңыз Ағармасын шашыңыз Шөбере сүйіп әлі де, Жүзге жетсін жасыңыз. Дария: Шай қайнатып келейін, Шекер салып жан әжем Өзім құйып берейін Балдай тәтті бал әжем Ермахан: Әжем менің ақ әжем Ақыл беріп үйреткен Аппақ әжем, пәк әжем Мейіріммен тербеткен
10. Уақыт болып жатса, ситуациялық сұрақтар беремін, жауап аламын. Сен мектепте тәртіпсіздік істедің, әжеңді мұғалім мектепке шақырды. Сенің әрекетің? (Бәрін мойындап кешірім сұрау)
11. Қорытындылау. Балалар кімнің өлеңімен таныстық? Өлең кім туралы айтылған? Кім әжесін жақсы көреді? Кім әжесіне қандай сыйлық сыйлайды? Әже еңбегін қалай ақтар едің? түсіндіреді.
|
Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады. |
|||||||||
Бағалау 3 минут
Кері байланыс |
«Білім ағашы» кері байланыс
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады
|
|||||||||
Үйге тапсырма: 50 бет өлеңді жаттау |
|||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы Байланыс |
|||||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: сабақтың мақсаты 2: топпен жұмыс Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||||||
Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп
Ашық сабақ:
«Фариза Оңғырсынова Әжетайым менің.Әже»
2 «Б» сыныбы
Өткізген: Нуртазина А.Т.
Петропавл қаласы, 2019 жыл
1 - топ
«Менің сүйікті әжем» тақырыбында эссе
Сенің әжең кім?
Әжеңе қалай көмектесесің?
Әжеңді қалай жақсы көресің?
Сені қалай еркелетеді?
Әркімнің ең сүйікті әжесі бар. Сол сияқты менің де қатты жақсы көретін әжем бар. Әжемді мен сыйлаймын. Ауыр заттарын көтеруге көмектесемін. Әжем маған ұрыспайды. Күнім, жаным деп еркелетеді.
1 – топ
«Менің сүйікті әжем» тақырыбында эссе
2 – топ
Сәлеметсізбе?
Қалыңыз қалай?
Сізбен сұхбаттасайық
«Балалық шақтан бізге қызықты оқиғаңызды айтып беріңізші»
Сұхбатыңызға көп рахмет!
3 – топ.
Берілген өлең шумағынан керекті сөздерді тауып кестені толтыру
Ақын қолданған көркем сөздер |
Мағынасы
|
...
...
|
ренжіп, ашуланып
мақтап, шаттанып |
Ситуациялық сұрақтар:
Сен мектепте тәртіпсіздік істедің, әжеңді мұғалім мектепке шақырды. Сенің әрекетің?
(Бәрін мойындап кешірім сұрау)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген