15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Физика патшалығына саяхат" 7 сынып

Урунбасарова А.К
Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, № 17 орта мектеп жоғары санатты физика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы » Физика патшалығына саяхат»
Сабақтың максаты:
Білімділік. Окушылардың 7 сынып физика және астрономия пәні курсы бойынша алған білімдерін жан-жақты тексеру, пысықтау,бекіту,жүйелеу, өзбетінше тұжырымдау дағдысын халықтық педагогиканы қолдана отырып қалыптастыру.
Дамытушылық.Өмірден,табиғаттан,техникадан,күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып,оқушылардың ойын , зандылықтарды салыстыра отырып, ажыратуға, формулаларын еске сақтау дағдысын дамыту.
Тәрбиелік. Әр оқушыны өз пікірін тиянақты, сауатты жеткізуге жаттықтыру, оқушылардың білімге , физика пәніне ғылымға деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру,ұжыммен жұмыс істеуге,еңбекке баулу,Отанды сүюге үйрету,өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Құрал-жабдықтар, көрнектіліктер: Физиканы Әр тарауына арналган плакаттар, қабырға газеттер,оқушылардың шығармашылық жұмыстары бойынша көрме , физика пәні жайында,ұлы физиктер жайында қызықты кітаптар көрмесі, физикалық құралдар көрмесі,оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі т.б.
Сабақ түрі; қайталау, саяхат сабақ
Әдіс-тәсілдері: пікірталас, сұрақ-жауап, сайыс, тәжірибе
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет,тарих,математика,дүние тану,жаратылыстану, география, орыс тілі, ағылшын тілі,бейнелеу.
I. ¥йымдастыру кезеңі:
А) Сабаққа қатысатын 7-ші сынып оқушыларына 7-ші сынып физика курсында өтілген такырыптар бойынша, оқушыларға физикалық терминдер мен шамалар ретінде бөліп берілген, әроқушы өзі жайлы түсінік беруге тырысады.
Ә) Сабақ өткізілетін орынды безендіріп, дайындайды.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сабаққа қатысушыларды сабақтың мақсаты және барысымен таныстырады, одан соң кезек оқушыларға беріледі.
1-бастаушы:
Қайырлы күн қымбатты көрермен!
Сөз бастайын термелеп өлеңмен.
Тәрбиелі , білімді боп әрқашан
Өс өркенде қанат жайып кемелден.
2-бастаушы:
Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер,
Бұл өмірден өтті дана шеберлер.
Ғалым демей кім деп оны айтарсың
Даналықтан мұра қалған өнерден
1-бастаушы:
Физик, ғалым, астрономдар өтіпті,
Қиялменен көкке самғап жетіпті.
Табиғаттың аясында тербеліп,
Даналығын бізге , мұра етіп кетіпті.
2-бастаушы:
Ой санамда болса да балалығым,
Ғылым сырын білемін, даналығын.
Физика заңдылығын меңгерген,
Зерделімін, білімдімін, саналымын!
1-бастаушы:
Физика патшалығы өмір сүрген
Заңдары ашылыпты дана тілмен!
Патшалыққа саяхат жасай жүріп,
Әр адам табиғаттың сырын білген.
2-бастаушы:
Қиыннан қиысады сөз сарасы,
Табиғаттың бар болар сан - санасы,
Физика патшалығының бір өзінде,
Бар екен дана, ғалым он баласы.
1-бастаушы:
Сөз кезегін беремін «патша» сізге
Бар екен сый-құрмет бізден сізге
Ұғынып біз көрейік сіз арқылы
«Физика» құдіреті осы неде?
Патша сөзі:
Уа, жұртым тыңдаңдар!
Кештен қалып қалмаңдар.
Патшалықтың әр саласы.
Мына ортада тұрғандар!
Табиғаттан нәр алған,
Адам болып жаралған,
Мына маған бағынып,
Білімді болып саналған.
Қозғалады бар әлем.
Мына маған бағынып
Қозғалады бар әлем.
Мына маған бағынып,
Айтылады ән- әуен!
Патшалығым қарыштап,
Жетер жері алыста,
Мына маған бағынып,
Ұшты адамзат ғарышқа!
Хабар алып алыстан,
Жеткен талай табысқа
Мына маған бағынып,
Атом мен адам табысқан,
Қарыштап ғылым дамиды,
Данаға сана дариды.-
Компьютермен қамтимын,
Толтырып әлі әр үйді!
Құдіретті күштімін!
Патшамын мен саналы.
Бөлімдерім сан-сала,
Әкелгем он баланы!
2-бастаушы:
Балалары сөз кезегін алады,
Таныс болып сіздерге сөз салады.
Әр баланың сөз өнерін көрейік,
«Молекула» саған кезек берейік.
Молекула сөзі:
Заты құрап ортаңызға оралдым,
Сүйікті ұлы патшаның мен боламын.
Жәй көзге ерекшемін көрінбейтін,
Қозғалуға ешқашан ерінбейтін
Заттардың ең кішкене бөлшегімін
Әр заттың көрінбейтін өлшемімін
Еншімді алар едім осы кеште,
Көрінуге еркіндік берсе бүгін.
1-бастаушы:
Бір сенен басталды өмір өзек
«Қозғалыс» саған енді келді кезек.
Қозғалыс сөзі:
Қозғалыс мен аталған бір баласы,
Зерттеген Ньютондай ер данасы
Бар әлем мен арқылы нұрланады,
Бар әлем мен арқылы қозғалады,
Қозғалу алға ұмтылу, қалмау кейін
Оқы үйрен заңдарды қойып зейін.
Ғарышқа барып кейін отырарсың,
Бұдан артық мен енді не тілейін.
2-бастаушы:
Келді кезек «Жылдамдық» бір өзіңе
Құлақ қойып тыңдайық әр сөзіне!
Жылдамдық сөзі:
Қозғалыс тездігін мен сипаттаймын
Өзімді мен әлсізге ұстатпаймын.
Желаяқ желдей ессе зымырайды
Шындасам «күш» өзіне ұстатпаймын
Шығады басқалардан асқақ әнім,
Уақыт пен жол дегенді басқарамын
1-бастаушы:
Өмірге жол бастайтын болып өзек,
«Жол» саған, міне, енді келді кезек.
Жол сөзі:
Мен патшаның ұлымын,
Он ұлының бірімін.
Жолың болсын жолаушы
Жол аталған ұғыммын.
Жылдамдық пен уақыт,
Сыйлайды маған мол бақыт!
Сәтті күні әрқашан
Маған сен де жолға шық!
Жол боламын атақты.
Патшаның бір ұлымын!
Жолың болар жолаушы,
Білсең жолдың ұғымын!
2-бастаушы:
«Уақыт» саған сөз бердім,
Сөз алып кәне, ерлегін.
Уақыт сөзі:
Өткені ешкімге де сезілмейтін,
Ұлымын уақыт атты білінбейтін.
Өлшемім сағат, минут, секунд болған
Көзіңе елес болып көрінбеймін.
Уақыт бос өтпесін, оқы достым!
Жасыңа әр жыл сайын бір жыл қостым!
Ғасырға қадам бастық мен арқылы,
Міне, менің құдіретім, осы достарым!
1-бастаушы:
Массаны енді тыңдайық,
Қоя тұрып басқаны
Ауырлау да мінезі
Масса асып саспады.
Масса сөзі:
Патшаның мен ардақты
Ұлымын міне жан-жақты,
Удеуге мені көбейтсең,
Білдіремін салмақты.
2-бастаушы:
Көлдей болған көлемнің
Бар екен, қандай өнері
Сөз кезегін алады
Ортаға барып салады.
Көлем сөзі:
Патшаның сүйікті қызы,
«Көлем» атым!
Қызыл тілім жасқанба,
Сөйле батыл!
Массаны тығыздыққа бөліп берген,
Көлемнің ерлігімен,
Шыққан аты
1-бастаушы:
«Тығыздық» тұр шыдамай
Айналаға ұнамай
Ал сөйлесін тығыздық,
Сөз төркінін қуалай.
Тығыздық сөзі:
Патшаның мен ұлы едім тығыздық атым,
Денені салыстырған салтанатым.
«Тығыздық» мен боламын ұғына біл!
Салыстырып әлемді шыққан даңқым.
Денең де тығыз болсаң, шымыр болсаң
Бұлшық ет бұлтиып бір күшке толса,
Тығыздық құдіретін түсінер ең, Басыңда физикалық білім болса!
2-бастаушы:
Патшаның «Күш» аталған құдіретті
Бар екен бір баласы ақ ниетті
Берейік сөз кезегін күш өзіңе,
Көрсетіп өз күшіңді сөйле епті.
Күш сөзі:
Патшаның баласы едім өзім епті,
Қозғауға барлық затты күшім жетті.
Мен арқылы қозғалып барлық дене,
Атандым әрі күшті, әрі текті.!
Мен арқылы тартылып барлық ғалам
Өрекпіп өр көңілім оттай жанам
Жететін маған кім бар, кел ортаға,
Жетілді білім алып , ой мен санам.
1-бастаушы:
Патшаның «Қысым» атты баласына
Сөз кезегі келіпті данасына
Қысым сөзі.
Патшаның баласы едім «Қысым» атты
Жалғайтын бабалардың дәстүр салтын,
Зерттеген Паскаль атты мені дана
Дарынды, ғажап неткен парасатты.
Мен едім қысым деген қызық атым,
Денелер еркін тұрмай қысылатын,
Көмегім бар екен-ау табиғатта
Қысымды көбейтуді ұсынамын!
2-бастаушы
Қымбатты оқушылар! Сіздер бүгін «Физика» атты патшалыққа саяхат жасағандай әсерде болып отырсыздар, Физика патшасымен және оның сан-саласы ретінде танысқан оның он баласымен жүздестіңіздер! Ендігі кезекте физика патшасының қазына- сынан кім көбірек енші алады деген ниетпен топ болып сайыс ұйымдастыра-йық.
1-топ- Мұра, 2-топ –Мирас деп аталып, әр топқа бес-бестен физика патшасының балалары қатысады.
Келесі тур
Тапқыр болсаң- тауып
көр!» деп
аталады.
Екі командаға бірдей физикалық жұмбақтар
оқылады, әр команда жарыса жауап береді.Бір жұмбаққа бір ұпайдан
беріледі.
Жұмбақ жасырылады, осы
жұмбақтың жауабын тауып, сол сөзге қатысты физикалық мағына айту
(1-2 сөзбен түсіндіру керек).
1 .Жылт – жылт етеді, жылғадан да
өтеді.
Жауабы: Су - заттың сұйық
күйі
2. Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді.
Жауабы: Күн мен ай – табиғи
жарық
4. Жәй көзге көрінбейді,
Қозғалуға ерінбейді? жауабы: (Молекула)
5.
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. жауабы: (Жол)
6
Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? жауабы: (Уақыт)
7.
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? жауабы: (Жылдамдык
9
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. жауабы: (Күш)
10.Күш көбейсе артады,
Аукадан артқа тартады.
Жүзі жұқа үшкір зат,
Одан барлығы бірақ қорқады. жауабы: (Қысым)
11.
Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әр түрлі,
Өлшеугеболадыдәл. жауабы(Масса)
12.
Бірдей көлемдегі масса, кейде
көп,
Аз болса да кейде
дөп.
Делінеді бұл
шама,
Аталуын тапшы
тек.
Жауабы (Тығыздық)
13.
Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. Жауабы (Масса)
14.
Тіршіліктің қамы үшін, Жоқшылықты түзейді, Егер іске жалқау болмасаң Жоқшылықты білдірмейді. Жауабы (Жұмыс)
1-бастаушы
Ақылмен ие болған салтанатққа
Білмеген дандайсуға атақ-даңққа,
Берейік сөз кезегін құрметпенен
Патшаның жан жолдасы «Табиғатқа»
Табиғат сөзі:
«Табиғат» аталған мен данасымын,
бұл күнде он баланың анасымын.
Онының орыны бөлек әр қайсысы,
Көзімнің ағы менен қарашығы,
Табиғат пен тіршілікке сән беремін.
Адамға қуат болар нәр беремін,
Бар ғалам бір өзімнен бастау алған
Тіршілікке сән-салтанат әр беремін.
2-бастаушы
Тапқыр болсаң- тауып көр!» туры бойынша
Топ сайыстан қорытынды шығару үшін сөз әділқазыларға беріледі
Келесі тур
« Тіл- өнер»деп аталады Берілген сұрақтың дұрыс жауабын тауып, оны орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек. Дұрыс жауапқа қазақ тілінде -10 ұпай, орыс тілінде – 10 ұпай, ағылшын тілінде – 10 ұпай беріледі.
Сұрақтар.
1. Сұйықтың ең басты қасиеті : сұйық пішінін өзгертеді, ал нені өзгертпейді ? жауабы: (көлем, обьем, voIume)
2.
Қандай физикалық шама Паскальмен өлшенеді ? жауабы: (қысым, давление, pressure)
3. Дененің қызулық дәрежесін сипаттайтын шама? жауабы: (температура, температура, temperatura )
4. Неде су буының болуын «ылғалдық» деп атаймыз? жауабы: (ауа, воздух, air)
5. Қандай денелер кристалдық күйде болады? жауабы: (қатты, твердый, solid )
6. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. жауабы: (күн, солнце, sun)
« Тіл- өнер»деп аталатын
Топ сайыстан қорытынды шығару үшін сөз әділқазыларға беріледі..
Келесі тур
«Физикалық мағанасы бар мақалдар айту» деп
аталады.
Екі командаға физикалық мағанасы бар 10 мақал
айту тапсырылады, әр команда жарыса жауап береді.Бір мақалға бес
ұпайдан беріледі
1.Қалауын тапса,қар да ерйді.
2.Қазан отпен,адам қозғалыспен қызады.
3.Отқа салсаң, темірде балқиды .
4.Ескі мұз ерігіш, жаңа дос жерігіш келеді.
5.Отты үрлеген жағады,
шындықты іздеген табады.
6.Азықсыз адам алысқа бармайды.
7.Жел болмаса шөптің басы қимылдамас .
8.Аузы күйген үріп ішер .
9.Дән себілмей астық өнбес, дария буланбай шық
түспес .
10.Күн шыққан соң, суарған суды күн
жұтады,
Күн батқан соң суарған суды жер жұтады .
11. Саусақ бірікпей –ине
ілікпейді.
12. Қыс соңынан жаз
келер.
13. Қарыстан сүйем жақын.
14. Гауһарды мысқалдап
өлшейді .
15 .Жұпарды жасырғанмен иісі
білінеді .
16
. Аттыға жаяу жолдас бола алмас .
17. Шапқан озар, жатқан қалар .
18. Қимылдаған қыр асар.
19. Күші көп бірді жығады,білімді мыңды
жығады.
20. Айдағаны бес ешкі,
Ысқырығы жер жарады.
«Физикалық мағанасы бар мақалдар айту» деп аталатын
Топ сайыстан қорытынды шығару үшін сөз әділқазыларға беріледі
Мына өлеңмен аяқтайды:
1-бастаушы
Физика қызықты талайға ,қалайда
Саяхат жасалды физика патшасы сарайына
«Құпия сандық» ашылды,
Ішінен білімнің шуағы шашылды
2-бастаушы:
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер.
Сонымен бүгінгі «Физика патшалығына саяхат » атты 7 сынып физика курсына арналған қайталау сабағымызды аяқтаймыз .
Бүгінгі сабаққа қатысқан екі топтың жалпы жыйған ұпайларын хабарлау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі.
Сабаққа қатысқандарыңызға көп рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген