15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Физикалық және химиялық құбылыстар"
Алматы облысы Талғар ауданы Рысқұлов ауылы Т. Рысқұлов атындағы ЖББ №16 орта мектеп
Ашық сабақ
Сыныбы: 7В
Пәні: Химия
Тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыс.
Мұғалім: Химия пәнінің мұғалімі Алимжанова Шырын Асқарқызы
2017-2018
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Т. Рысқұлов атындағы №16 мектеп
Күні: 20.09 Мұғалімнің аты-жөні: Алимжанова Ш. Қатысқандар:17 Сынып: 7в Қатыспағандар:0 |
|
|
Сабақ тақырыбы: |
Физикалық және химиялық құбылыстар. №3 зертханалық тәжірибе «Химиялық реакциялардың белгілері» |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
7.1.1.3 Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату. |
|
Сабақ мақсаттары |
Физикалық және химиялық құбылыстарды ажыратады, химиялық реакцияның жүру белгілерін біледі. |
|
Бағалау критериі |
Физикалық және химиялық құбылыстарды біледі; Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алады; Химиялық реакцияның жүру белгілерін атайды; |
|
Тілдік мақсаттар |
Диалогтар мен сұрақ- жауап кезінде білім алушылар терминдер мен тұрақты сөз тіркестерін пайдалана алады. - Қолданылатын термин сөздер мен тұрақты тіркестер: Физикалық құбылыс, химиялық құбылыс, химиялық реакция, синтез, тұнбаның түзілуі, жылу, балқу, қайнау; - Физикалық құбылыс дегеніміз .... - Химиялық құбылыс дегеніміз ..... |
|
Құндылықтарға баулу |
Индустрияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсу.
|
|
Пәнаралық байланыстар |
Химия, физика |
|
Алдыңғы білім |
5.3.1.4 Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату |
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс- әрекеттер |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі ( 5 мин)
2- оқушы: ”Натрийдей белсенділік” деп жалғастыру қажет.
4) Білім алушылар физикалық және химиялық құбылыстар жайында жаратылыстану мен физика пәндерінен біледі. Сондықтан “Миға шабуыл” әдісін пайдаланып, тақырыпты ашатын сұрақтар қоямын: - Айналамызда қандай өзгерістер болып жатыр? - Өзгерістерді қалай атаймыз? - Құбылыстар қаншаға бөлінеді? - Судың қатуы кезінде қандай құбылыс жүреді? - Булану кезінде ше? - Сүттің ашуы кезінде қандай құбылыс жүреді? - Физикалық құбылысқа мысал келтір. - Химиялық құбылысқа мысал келтір. Жауап берген оқушыларға мадақтау сөздер айту арқылы ішкі уәжді көтеру мақсатында бағалау жүргіземіз.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
Әр оқушыға үлестірме парақшасы таратылады.(5мин) Парақшада 2 тапсырма бар.
«Адасқан сөздер» (Тыңдалым – жазылым дағдысын дамыту) Сөздерден сөйлем құрап, анықтама құрастыру керек 1) Молекулалары, құбылыстар, өзгеріске, заттардың, ұшырамайтын, деп аталады, физикалық құбылыстар. 2)Екінші, химиялық құбылыс, бір заттан, деп аталады, түзілетін, немесе, бір зат, құбылыс, химиялық реакция. Дескриптор
2- тапсырма. Парақшада бірнеше құбылысқа мысалдары бар кесте берілеген. «Семантикалық карта» әдісі бойынша, кестеге «+», таңбасын қою керек:
Дескриптор:
Демонстрация.(5мин) Оқушыларға шырпының жануын көрсетемін. Шырпының жануын қадағалаған оқушылар қай құбылыс екенін ажыратады. Дәптерге химиялық құбылыстардың жүру белгілерін атап, «Ассоцация» құрады. Түсінің өзгеруі
Химиялық құбылыс белгілері
Г
түзілуі
Энергияның бөлінуі Білім алушылар көршісінің жұмысын мұғалім берген дұрыс жауаппен салыстырады. Дескриптор
№3 зерханалық жұмыс (20мин)(оқылым- жазылым, тыңдалым, айтылым) Зертханалық жұмыс дәптеріне орындалады. Химиялық құбылыстардың белгілерін зерттеу. Алдын ала дайындалған реактивтер мен құрал жабдықтарды балаларға үлестіріп, қауіпсіздік ережесін еске түсіре отырып жұмыстарды ретімен орындайды:
Дескриптор
|
Улестірме қағаздар, Бағалау парақшалары
Демонстрацияға қажет шырпы.
Тәжірибиеге қажетті құрал -жабдықтар: сынауық, табақша, қыздыру құралы, конусты колба, сіріңке, сынауық ұстатқыш, тамшуыр. Реактивтер: қант не көмір, ас содасы, сірке қышқылының ерітіндісі, су, мыс(II) сульфатының ерітіндісі, натрий гидроксидінің ерітіндісі.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
Жұмысты орындаған дәптерлерін жинап береді. «Сұрақтары бар қорапша» әдісін пайда анып, білім алушылар түсінбеген немесе жауап беруге қиын болған өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады. Үй тапсырмасы: §3оқу Тәжірибие: «Карамель дайындау»
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау
Тапсырма. Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмаларды беру арқылы білім алушылардың ойлау дағдысын дамыту; Зертханалық жұмыс жасау -пәнге қызығушылықты арттырады; Қорытынды. -барлық оқушылар бір тапсырманы орындағанда нәтижелері әртүрлі болады; -барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу; Диалог және қолдау көрсету. -Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты және нақты көмек қажет болады; - Оқушыларды ойланту мақсатында алдын ала дайындалған сұрақтар қоямын; Бағалау. Оқушылар үнемі бағаланып отырады
|
Бағалау Мадақтау сөздер арқылы кері байланыс; критерий бойынша бағалау, дескриптор,кері байланыс – бағалау парақшалары
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Білім алушылар техника қауіпсіздігін біледі. Құрал жабдықтармен, реактивтермен жұмыс жасай алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
Сабақта оқушылар жақсы қатысып отырды. Жаңа пәнге оқушылардың қызығушылығы жоғары. Қорапқа салынған сұрақтар: 1) Адамның тыныс алуы қай құбылысқа жатады? 2) Химиялық құбылыс кезінде міндетті түрде түс өзгереді ма? 3) Қанттың дәмі неге тәтті? 4) Біз тамақтанғанда қандай құбылыс жүреді? 5) Отшашу қалай жасалады? Осы және басқа да сұрақтар келесі сабақта талқыланатын болады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)
1: Білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығы жоғары.
2: Уақытты ұтымды пайдалану.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)
1: Демонстрациялық көрсетілім
2: Зертханалық жұмыс білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген