400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Физикалық және химиялық құбылыстар әлемінде" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнделікті табиғатта кездесетін денелер мен заттардың өзгерістерге қалай ұшырайтынын еске түсіру. Осы құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білу. Пән мұғалімдеріне көп көмегін көрсетеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ

Күні: 10.02.2015ж

Класс: 5"А"

Пән: Жаратылыстану.

Тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар әлемінде



Сабақтың мақсаты: Күнделікті табиғатта кездесетін денелер мен заттардың өзгерістерге қалай ұшырайтынын еске түсіру. Осы құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білу.

Білімділік: Оқушыларға физикалық және химиялық құбылыстардың табиғатта және тұрмыста қалай қолданылатынын үйрету, өз білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушыларға ой - өрісін қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру және дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны, табиғаттағы құбылыстарды және өз ойын ашық айтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, интернет тақта, физикалық және химиялық құралдар.

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушыларды мезгілге байланысты топтастыру ( қыс, көктем, жаз, күз)

2. Үй тапсырмасын тексеру:

Тақырыбы: Физикалық денелер мен заттардың сипаттамасы, диффузия.

Үй тапсырмасын топтарға "серпілген" сұрақтар беру арқылы бекіту:

1.Қыс тобына: Физикалық дене дегеніміз? Бір затқа сипаттама беру.

2. Көктем тобына: Таза және қоспалар дегеніміз? Мысал келтір

3. Жаз тобына: Диффузия дегеніміз? Диффузияға мысал келтір.

4. Күз тобына: Зат дегеніміз? табиғатта заттар қандай күйде кездеседі? Мысал келтір.

3. Жаңа сабақ:

Физикалық құбылыс дегеніміз - заттың пішіні, агрегаттық күйі өзгеріске ұшырайды, ал олардың құрамы өзгермейді.

Химиялық құбылыс дегеніміз - бір зат екінші бір заттарға айналады, яғни химиялық реакция жүреді.

Құбылыстарға мысал келтіру

Физикалық құбылысқа мысалы:

жаңбырдың жауы

кемпірқосақтың шығуы

қыраудың тұруы

Химиялық құбылыстың белгілері:

газдың бөлінуі түстің өзгеру

жылудың бөлінуі тұнбаның түсуі

Жаңа сабаққа байланысты топтарға тапсырма беру:

1. Қыс тобына: алдарына тұз және су құйылған құты беріледі. Осыған өздері тәжірибе жасап, түсіндіреді, қандай құбылысқа жататынын айтады.

2. Көктем тобына: алдарына шекер және су құйылған құты беріледі. Осыған өздері тәжірибе жасап, түсіндіреді, қандай құбылысқа жататынын айтады.

3. Жаз тобына: қанттың күйуі, сүттің ашуы, спирттің жануы және жайшамның жануы қандай құбылысқа жататынын айтып, түсіндіру.

4. Күз тобына: майда шеге мен құмды араластырып,шегені қалай бөліп алуға болатынын айту. Қолдарына шеге, құм, магнит беріледі.

4. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Қыс тобына:Балшықтың кебуі қандай құбылысқа жатады?

2. Көктем тобына: Май күйгенде қоңырсыған иіс шығуы қандай құбылысқа жатады?

3. Жаз тобына: Кемпірқосақ және найзағайдың ойнауы қандай құбылысқа жатады?

4. Күз тобына: Ағашты жаққанан кейін, ағаштың күлі қалады бұл қандай құбылыс?

5.Жаңа сабақты қорытындылау:

Физикалық және химиялық құбылыстардың табиғатқа және адам өміріне маңызы зор. Олар арқылы әр түрлі заттарды алуға болатынын түсіндіңдер және оларды қалай пайдалан туралы мағұлматтар алдыңдар. Физикалық және химиялық құбылыстар қоршаған ортаға өз әсерін береді.

6. Бағалау: Оқушыларды сабаққа белсенді қатысуымен бағалау.

7. Үйге тапсырма: Физикалық және химиялық құбылыстарды оқу, мысал жазып келу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
2807
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі