Материалдар / Ашық сабақ Ф.Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі. 6-сынып

Ашық сабақ Ф.Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі. 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ф.Оңғарсынова «Оюлар» өлеңін түсініп оқиды, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды. Шағын мәтін құрастырғанда теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазады. «Оюлар» тақырыбына сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, жай сөйлем құрастырып жазады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2022
1428
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:


Қазақтың ұлттық қолөнері

Сынып:6

Қатысқандар:


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ф.Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.О3. Орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

6.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу.

6.ТБ2. Жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, жай сөйлем құрастыру

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

Ф.Оңғарсынова «Оюлар» өлеңін түсініп оқиды, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

Шағын мәтін құрастырғанда теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазады.

«Оюлар» тақырыбына сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, жай сөйлем құрастырып жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

«Оюлар» өлеңі тақырыбы аясында сұрақтарға жауап береді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

«Оюлар» тақырыбына жарнама жазады .

Бағалау критерийі

- өлеңді мәнерлеп оқиды;

-сөйлем құрғанда эпитет, теңеу сөздерді дұрыс қолданып жазады;

-жай сөйлем құрауда сөздердің орын тәртібін сақтап жазады;

- сабақ тақырыбы аясында сұрақтарға жауап береді;

- «Оюлар» тақырыбына жарнама жазады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

- Ф.Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңін оқып түсінеді және негізгі ойды анықтайды.

- эпитет, теңеуді қолдана отырып сөйлем құрастырып жазады,

-жай сөйлем құрауда сөздердің орын тәртібін сақтап жазады;

-«Оюлар» тақырыбына жарнама жазады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

ойып жасаған , жұлдыз өрнегі, кілем, сынықмүйіз, шым шиде, терме бауда, алаша,қошқармүйіз, ұлттық киімдерде, текемет, сырмақ, аяққап, т. б. киіз бұйымдарында кездеседі.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Қошқар мүйіз өрнек, қымбат зат, ұлттық киім, текемет, сырмақ, аяққап, киіз бұйым, алқызыл жіп, күзем жүн.

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Ою» сөзін қалай түсінесің?

Қазақтың қандай оюларын білесің?

Ақын неліктен өлеңді оюлар деп атады?

Не себепті ..... деп ойлайсыз?

ишара:

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының

Зайырлы қоғам және руханият тармағы.

Оқушыларды ұлттық қолөнер түрлері–тұрмыстық заттарды жәдігер ретінде қадірлеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

Алдыңғы оқу

Қолөнер туралы түсінік қалыптасқан, қазақтың оюлары туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

7 минут

2 минут







2минут





3минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Фариза әні жай ойнап тұрады. Психологиялық дайындық

Сабағымызды шеңберге тұрудан бастайық. Шаттық шеңберіне тұрайық. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

Топқа бөлу. Асық арқылы бөлемін. Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық түстерін таратып, асық түстерімен 3 топқа бөлемін.Әр топ қазақтың ұлттық ою өрнектерінің атымен аталады.

1-топ: «Жұлдыз өрнегі»

2-топ: «Қошқар мүйіз»

3-топ: «Сынық мүйіз»

«Миға шабуыл» әдісі арқылы интербелсенді тақтадан оюлар туралы мәліметті тыңдайды. Оюлардың суретімен танысып, сабақтың тақырыбын анықтайды.

-Балалар, бүгін біз Фаризаның «Оюлар» атты өлеңімен танысамыз.

 Сабақтың оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.


Сабақтың ортасы

25 минут







9 минут




























8 минут






8 мин

1-тапсырма. Ж. Т.Ж.

Ф.Оңғарсынова «Оюлар» өлеңін «Сканерлеу» әдісімен түсініп оқып, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды. Оқушыларға «Оюлар» өлеңінің мәтіні беріледі.

Сөздікпен жұмыс: БАСҚҰР – киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелерінің басын айналдыра орап (байлайтын) таңатын өрнектелген жалпақ бау.

ЖЕЛБАУ – киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланылатын өрнектелген төгілме шашақты бау.

ҚОШҚАРМҮЙІЗ - қазақтың ұлттық оюының бір түрі

ТАРАМЫСТЫ- арықтау.


Оқушылар өлеңнің мазмұнынан сұрақ-жауап әдісі арқылы негізгі ойды анықтайды: \көпшілігі\

1 топ: «Жұлдыз өрнегі»

«Ою» сөзін қалай түсінесің?

«Оюлар» өлеңінде қандай ою түрлері кездеседі?

2 топ: «Қошқар мүйіз»

Оюлар қандай бұйымдарда кездеседі?

Ақын неліктен өлеңді оюлар деп атады?

3-топ: «Сынық мүйіз»

Өлеңнің негізі ойы қандай?

Қазақтың қандай оюларын білесің?


Дескриптор:

- «Оюлар» өлеңін мәнерлеп оқы

- сөздікпен жұмыс жаса;

- сұрақтарға жауап беріп, тақырыбы мен негізгі ойды анықта;

ҚБ. «Бас бармақ» арқылы топтар бірін-бірі өзара бағалайды


2-тапсырма. Ж.Ж. Ж.

«Сөйлем құрастыру» әдісі

«Оюлар» тақырыбын сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды. Өлеңнен теңеу, эпитет сөздерін тауып сөйлем құрастырып жазады.

Дескриптор:

- «Оюлар» өлеңінен 3 эпитет,

3 теңеуді тап;

-Сөздердің орын тәртібін сақтап, сөйлем құрап жаз.

ҚБ «Бaғдaршaм» арқылы жұптар бір-бірін бағалайды.


3 тапсырма: ТЖ.

Әр топ атаулары бойынша оюды үлгі бойынша жарнамалап жаз.

Оюдың аты:

Суреті:

Түсі:

Қолданылуы:

Өлеңде эпитет немесе теңеу сөздерімен сипатталуы:

Дескриптор:

- Тобыңның ою атауының суретін сал;

-Өлеңнен тобыңның атауына қатысты эпитет, теңеулерді жинақта;

-Үлгі бойынша жарнамала;

ҚБ. Жұптық бағалау. Бағалау парақшасы

Аты-жөні

Эпитет, теңеу сөздерді қолдануы

Сөйлемді дұрыс құрай

Ды

Оюларды жарнамалауы

+ /

-

































770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ