жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Функция 10 сынып
Сабақ жоспары
Мектеп атауы: Талапты орта мектебі Пән мұғалімі: Отепов Максат Елубайұлы Пән атауы: Алгебра Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 10.2, 10.1. Күні: Сынып: 10 Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Функция ұғымы және оның берілу тәсілдері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
10.2.1.3 функция қасиеттерін анықтай алу; 10.5.1.1 функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу; 10.5.1.4функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін: 1) функцияның анықталу облысы; 2) функцияныңмәндер жиыны; 3) функцияның нөлдері; 4) функцияның периодтылығы; 5) функцияның бірсарындылық аралықтары; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу. Түсіну. Қолдану. Талдау. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар:
Негізгі сөздер мен тіркестер: тәуелсіз айнымалы, тәуелді айнымалы, аргумент, функция, функционалдық тәуелділік, кестенің қадамы, график, абсолют тұрақты шама, параметр. Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Жазылым бойынша ұсыныстар: кесте толтыру, график тұрғызу, есептер шығару. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығына баулу өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру кластерін дамыту, яғни функция ұғымынын техникада, шаруашылықта және күнделікті өмірде пайдалануға болатынына көз жеткізу арқылы іске асырылады. Оқушыларды ынтымақтастыққа тәрбиелей отырып, «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылығы бойынша патриотизмге баулу; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Физика, экономика, қазақ тілі және әдебиеті
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Оқушылар келесі ұғымдарды біліп келеді: Функция ұғымы. Тұрақты және айнымалы шамалар. Тәуелді және тәуелсіз айнымалы. Аргумент және функция. Функцияның анықталу облысы. Функцияның мәндерінің жиыны. Функцияның графигі. Кестенің қадамы. Функционалдық тәуелділік. Координаталық жазықтық. Ширек. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Координатар осьтері. Абсциссалар осі. Ординаталар осі. Координаталар басы. Параметр.Айнымалы шама. Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сай құрылған тапсырмаларды орындауда, практикалық мазмұны бар есептерді орындау барысында берілген білімдерін тиімді пайдалана алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы (13 минут)
|
Ұйымдастыру кезеңі (1 минут). Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың тақырыбын және мақсатын айту. |
Интербелсенді тақта |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
І. Психологиялық ахуал (3 минут): Оқушыларды тақтаға шығарып, жалпы мынадай сұрақтар қойылады:
ІІ. Ынтымақтастық атмосферасын құру (кейбір оқушылар). (3 минут). 1, 2 және 3 сандары бойынша бір-бірлеріне тілек айту. Мысалы, көшбасшылық қасиеттерінмен алдыда көріне беріңдер; жалғыздың үні шықпас демекші топтарыңызбен жақсы жұмыс көрсетіңіздер; үш қуат, яғни ақыл, жүрек және тілді жұмылдыра отырып жетістіктерге жетіңіздер, т.с.с. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІІ. Топқа бөлу (3 минут). 1,2,3 сандары бойынша топқа бөлемін. Әр топқа топ атын қою және оны дәлелдеу ұсынылады. Оқушылар топ ішінен топбасшысын, уақыт қадағалаушы таңдайды және әр оқушы өз-өзін бағалап отыру мақсатында белсенді оқушыларға мұғалімнің атынан тілектер беріліп отырады. (№1 үлестірме) Оқушыларға бағалау парағы таратылады (№2 үлестірме) Оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін әр топқа бүгінгі сабақты ашу мақсатында «Борт журналы» кестесі таратылады (3 үлестірме). |
Үлестірмелі материал |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасын тексеру (2 минут): Үйге берілген тапсырманы оқушылар «Көршіңді тексер» ережесі бойынша тақтадағы жазылған жауаптармен тексереді. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың назарын сабаққа аудару (1 минут): Оқушыларға математика пәнінің ерекшелігі туралы қысқаша әңгіме айтылады. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы (22 минут) |
Өтілген материалдарды қайталау және жүйелеу (Сыныппен ауызша жұмыс). (2 минут)Функция туралы ұғым.Ассоциация.
Өтілген материалды қайталау және жүйелеу барысында 3 топқа бірдей тапсырма беріледі. Тапсырманы жұптасып орындайды. Жұптық жұмыс жүреді. Соңында белсенді оқушылар анықталады. |
Интербелсенді тақта |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Талдау деңгейі. Технологиялық карта бойынша зерттеу жұмысы (жеке жұмыс). Мазмұны: Оқушыларға бірдей зерттеу тапсырмасы беріледі. Бағыттауыш сұрақтарға жауап бере отырып, технологиялық картада берілген тапсырманы орындайды. Соңынан топтар өзара бір-бірінің жұмысын арнайы дайындалған критерийлер бойынша бағалайды. Тапсырма. Ұзындығы 15 см шам шырақ өзінің жану кезінде сағатына 3 см қысқарып отырады. Шамшырақтың жану құбылысын зерттеп, өрнегін құрастырыңдар және графигін салыңдар. Бағыттауыш сұрақтар:
Бағалау критерийлері:
|
Үлестірмелі материал, интербелсенді тақта |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма №2 (жеке жұмыс)(3 минут) . «График бойынша жұмыс». Берілген функцияның графигіне қарап, функцияның анықталу аймағы мен функцияның мәндерінің аймағын анықтаңыздар. Тексеру оқу деңгейі төмен оқушылар арқылы жүреді.
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2.Түсіну деңгейі: 1-тапсырма (топтық жұмыс) (5 минут) : Әр топ «Денотантты граф» әдісі бойынша «Функцияның өмірдегі маңызы» тақырыбына «Мазмұнды сызба» дайындап, қорғайды. Топбасшы белсенді оқушыларды бағалап отырады. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қолдану деңгейі (Жеке тапсырма): 2-тапсырма (оқулықпен жұмыс: №14) (4 минут): Функцияның берілген нүктедегі мәнін тауып, жаңа функцияның түрін анықта:
А)
Б)
Бағалау: Тапсырманы орындап болған оқушылар «Саусақ көрсету» әдісі арқылы белгі береді. Осы тапсырма арқылы «Саралау деңгейі» анықталады. Интерактивті тақтада көрсетілетін дұрыс жауаптар арқылы оқушыларды бағалау кестедегі шкала бойынша «Өзін-өзі тексеру» арқылы жүргізіледі:
Дескриптор:
Кері байланыс (ауызша):
|
Оқулық |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3-тапсырма (топтық жұмыс: оқулықпен жұмыс: №18) (3 минут) :
Tексеру «Айналмалы бекет» әдісі арқылы тексеріледі.
І топ: Бір катеті 7-ге тең тікбұрышты үшбұрыштың с гипатенузасының екінші в катетіне тәуелділігін беретін функцияны жазыңдар;
ІІ топ: Кіші табанының ұзындығы 3 см және ауданы 5 cм² болатын трапецияның биіктігінің үлкен табанына тәуелділігін беретін функцияны жазыңдар.
ІІІ топ: Сектордың центрлік бұрышының радиандық өлшемі а-ға тең, ал радиусы R-ге тең. Сектордың периметрін а-ға тәуелді функция ретінде жазыңдар.
Кері байланыс (ауызша):
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы (5 минут) |
Тақырып бойынша кері байланыс: «Автограф» стратегиясы бойынша оқушылар бір-бірінің арқасында бүгінгі сабақ жайында пікірін жазады. Бағалау парағы
|
Бағалау парақшалары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақты бекіту кезеңі: Рефлексия: Оқушылар «Борт журналы» кестесін толтырылып, cодан кейін өздерінің бүінгі сабақтағы көңіл күйлерін тақтада берілген графикке сол стикерлерді жабыстыру арқылы көрсетеді:
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау Оқушылар 3-тапсырма арқылы білім сапасы, қарқыны, пәнге қызығушылығы сараланады. Дарынды оқушылардың оқу қарқыны анықталады. |
Бағалау: Оқушылар:
|
Денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау Психологиялық ахуал арқылы көңіл-күйді көтеру;
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген