400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Функция" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 6- сыныптың Функция тарауының кіріспе сабағына арналған. Ашық сабақта сабақтың мақсатын ашу үшін қолданған ойын түрін, сабақты ашық сұрақтарды ойын ойнату арқылы қойып, оқушылардың өздігінен меңгеруіне бағытталған сабақтың түрін көре алады. Сабақ соңында кері байланыс жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы




Пәні : Математика

Сыныбы : 6 сынып

Сабақтың тақырыбы : Функция

Сабақтың мақсаты :

  1. Функция туралы негізгі түсініктерін қалыптастыру

  2. Оқушылардың жаңа тақырыпты өздігінен бірлесе меңгеру дағдысын дамыту

  3. Тақырып бойынша есептер шығара алуға үйрету

Табыстылық критерийлері :

  1. Тақырыпқа сәйкес есептер шығарады

  2. Ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындайды

  3. Топқа өз пікірін ұсынып, дұрыс шешімді қолдайды

Күтілетін нәтижелер :

  1. Тәуелді , тәуелсіз айнымалыны біліп, функция туралы түсінік қалыптастырады

  2. Логикалық тапсырмалар арқылы сын тұрғысынан ойлануға, бірлесе оқуға, ізденуге үйренеді.

  3. Айнымалылар арасындағы тәуелділікті түсінеді

Сабақтың кезеңдері

Әдіс- тәсілдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау (ОҮБ)

Уақыт шеңбері

  1. Ұйымдастыру

кезеңі

Топқа бөлу .

«Алға жылжу» ойыны

1,2,3 сандарын санату арқылы топқа бөлу және оқушылардан тізбектегі 2 және 3 т.с.с оқушылардың алға жылжуы неге байланысты . Кім тәуелсіз қозғалады , кімдер тәуелді қозғалысқа түседі деген сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақтың мақсатын ашу

Топқа бөлініп, тізбектеле жүре отырып, орындарына барады. Мұғалім сұрағына жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың мақсатын біледі.


3 минут

  1. Алдын- ала даярлық тапсырмасы

Қолдау тәсілі

Оқулықтың 291 бетіндегі алдын ала даярлық тапсырмасын топтарға орындауға береді

Оқушылар топ болып ортақ шешімге келе отырып орындайды және әр топ өз жауаптарын өзге топтармен тексереді

Өздерінің орындауы бойынша смаиликпен бағалайды

5 минут

  1. Жаңа сабаққа кіріспе сұрақтары

Ашық сұрақтар:

А)Заттарды неліктен мұншалықты алдыңыздар ?

Ә)Сауда кезінде сіздер неге көңіл бөлдіңіздер?

Б)Заттың бағасы , заттың саны , заттың құнының арасында қандай байланыс бар?

Мұғалім әр топқа белгілі бір сомада ақша таратты .Енді олар дүкенге барып зат сатып алу керек.

  1. Топ; Азық- түлік

  2. Топ; Қағаз –қалам

  3. Топ; Киім

Сұрақтардан жауап алады


Оқушылар , әр топ бірлесе отырып, ақылдасып, ақшаларына қарай дүкеннен өз заттарын сатып алады. Болған топ өз заттарын қалай алғанын жариялайды.Мұғалім сұрақтарына жауап береді.


Топтардың дұрыс сауда жасағанын топтар бір –біріне баға береді.Стикер арқылы

8 минут

4.Жаңа сабақты түсіндіру

а)Ашық сұрақтар:

А)Теңдіктің оң жағындағы өрнекке мән бергенде өрнектің мағынасы бола ма?

2)Теңдіктің сол жағындағы өрнекке бір шаманы тұрақты деп алып келесі шамаға кез- келген мән бергенде мағынасы болады ма?

Осыдан қандай тұжырым жасауға болар еді? Қайсысы тәуелді айнымалы , қайсысы тәуелсіз айнымалы?

ә)оқулықпен жұмыс

Мұғалім әр топқа бір формуладан таратып береді. Қажет кезінде топтардың қасына барып, бақылап, бағыт береді

а)Әр топ өздерінің таңдап алған формулалары бойынша сұрақтардың жауабын береді

ә)Оқулықпен жұмыс жасап,постер қорғайды

Бағдаршам әдісі

8 минут

5.Жаңа сабақты бекіту

Ауызша жаттығу .

Тәуелді және тәуелсіз айнымалыны атаңдар?

Мұғалім карточка арқылы көрсетеді.

Оқушылар орындарынан тұрып, формуланы оқу керек


2 минут

6. Есептер шығарту

Топтық жұмыс

1251

1252

1253

Әр топқа тапсырма таратады

Оқушылар топ болып орындап, нәтижесін тақтаға жазады. Барлық оқушы тақтадағы тапсырманы дәптерлеріне орындайды.

Бір-бірінің жұмысын тексереді

2 минут

7.Сабақты қорытындылау

Білемін ...

Білдім ...

Үйренгім келеді ...

Мұғалім сұрақтар қояды :

1)Тәуелсіз айнымалы қалай аталады?

2)Тәуелді айнымалы қалай айтылады?

3)Функция дегеніміз не?

4)Функция сөзі қайдан шыққан?

5)Бұл терминді кім және қай жылы енгізді?

6)Функиялар қалай беріледі екен?

А)Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді

Ә)Кері байланыс парағын толтырып береді

А)Соңғы 5 мин

Ә)Кері байланыс


5 минут

1 минут

8.Үйге тапсырма

1254 есепті орындау және Функция тақырыбын оқу




1 минут

Сабақ барысының конспектісі



Слайд нөмірі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті


Топқа бөледі

1,2,3 сандарын санап 3 топқа бөлінеді

Топтарына «Алға жылжу» ойыны арқылы отырғызады

Топтарына бір-бірінің қолынан ұстап тізбектеле жылжиды

  1. оқушыданқозғалыссыз қалуын сұрайды

Алдыңғы оқушы тоқтайды.

Сол кезде барлық оқушы қозғалыссыз қалады

1.«Сіздердің алға жылжуларыңыз нешінші оқушының қозғалысына тәуелді?» сұрағын қояды

2.Қай нөмірдегі тәуелсіз, қайсылары тәуелді қозғалады?

1.Оқушылар тізбекте бірінші тұрған оқушының қозғалысына тәуелді екендігін айтты

2. 1- оқушы тәуелсіз , ал2,3- тұрған оқушылар тәуелді қозғалады


Сонымен бүгінгі сабақта біз қандай айнымалыларды үйренеді екенбіз, балалар?

Тәуелсіз және тәуелді айнымалылар!


Балалар, мына суреттерге қарап « тәуелсіздік», «тәуелді» сөздерін қолданып сөйлем құрастырайық?

  1. Біз тәуелсіз мемлекет Қазақстанның азаматтарымыз

  2. Жеңіл машинаның жылдам қозғалысы жолдың тегістігіне тәуелді (Қашықтық жылдамдық пен уақытқа тәуелді)

  3. Оқушылардың жақсы білім алуы сапалы оқулықтарға тәуелді

Мұғалім слайдтағы тапсырманы топтарға ортақ береді. Оқушылар 1 сағат, 2 сағат, 3 сағат, 4 сағаттардағы

жылдамдығы тұрақты 70км/сағ болғандағы қанша жол жүретінін табуды ұсынды

Оқушылар топ болып есептеп , дұрыс жауабын айтты

Миға шабуыл:1.Есептеу нәтижесі бойынша жол мен уақыттың қайсысы тәуелді шама, қайсысы тәуелсіз шама?

2.Бір-біріне тәуелді өзгеретін шамаларға өмірден мысал келтіріңдер ?

Оқушылар топ болып өз ойларын айтып шығады, көптеген мысалдар келтіру арқылы жадайын екендіктерін көрсетедіңа сабақты игеруге

Оқушылар өздерінің жаңа сабақты меңгерудегі көңіл- күйін смайликтер арқылы бағалайды



Жаңа сабақ ашық сұрақтар арқылы беріледі.

Ашық сұрақтар берілу үшін алдыман оқушыларға қызығушылықты ояту үшін «Дүкендегі сауда» ойыны ойналады:

Мұғалім үш топқа да 500 теңгелік ақша үлестіреді, оларға қалаған ұяшықтарынан 500 теңгеге сауда қажет екендігі айтылады

Әр топ дүкеннен заттарын сатып алады.Өздерінің жасаған саудаларын көрсетеді

Ашық сұрақтар :

А) Заттарды неліктен мұншалықты алдыңыздар?

Ә)Сауда кезінде сіздер неге баса көңіл бөлдіңіздер?

Б)Заттың бағасы, саны, заттың құнының арасында қандай байланыс бар ?

(Оқушылардың жеке ойлары еркін айтуына мүмкіндіктер берілді, оқушылардың бәрін сөйлетуге тырыстым)

  1. Дүкендегі заттардың бәрін ала алмауыма ақшам жетпеді...

  2. Сауда жасау кезінде заттардың құнына назар аудардық...

  3. Заттың саны бағасы мен құнына тәуелді екен деген тұжырымға келеді


Топтар бір-біріне стикер арқылы баға береді

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

«Ашық сұрақтар әдісі» арқылы берілді

Ашық сұрақтардың жауабын іздеу қажеттігін айтады.

Мұғалім топтардың жұмысын бақылап, қажеттігі туындаса, бағыт беріп отырады

Слайдта көрсетілгениформулаларды үш топ өзара бөлісіп алады

Әр топ өз жауаптарын береді.



Оқулықтағы жаңа тақырыпты оқып, әр топқа постер дайындау керектігі айтылады

Постер тақтада қорғалады

Жаңа сабақты меңгеру бағдаршам әдісімен бағаланады

Жаңа сабақты бекіту кезеңі:

Слайдтағы формуладан тәуелі және тәуелсіз айнымалыны атаңдар?

Оқушылардың ең алдымен қол көтергені жауап берді.

Жаңа сабақты қорытындылау:

«Соңғы 5 минут» әдісі арқылы



Бір топ екінші топқа сұрақтарды қойып, жауабын алды. Балық топ бүгінгі сабақтан не алғанын көрсете білді

Мұғалім топтарға кері байланыс парағын тараитады

Оқушылар кері байланыс парағын толтырып берді


Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазды





Пікір

Математика пәнінің мұғалімі Макашева Жанар Әлмаханқызының 6 сыныпқа Функция тақырыбында өткізген сабағында сыни тұрғыдан ойлау модулын барлық сабағының кезеңдерінде қамтыды. Жаңа сабақты «ашық сұрақтар» әдісімен берді. Оқушылар бұрыннан білетін материалдарын қолдана отырып, түрлі ойындар арқылы сабақ мақсатын өздері қоя алды, яғни бүгінгі сабақтан нені үйренетінін, нені білу керектігін ойын элементтері арқылы түсінді. Сабақ мақсатын біле алған оқушылардың жаңа сабақты меңгеру мүмкіндігі көп болды, сабақ мақсаты нақты, өлшемді , маңызды, уақытқа сай бола алды.Жаңа сабақты меңгеру сабағы болғандықтансабақ кезеңдерінде қалыптастырушы бағалау болды, оқушылар өздерін және бірін- бірі бағалау тәсілдері арқылы бағалады. Мұғалім сабағында оқушыларға әр кезеңдерде тапсырмалар беру арқылы тақырыпты сыни ойлана отырып, топтаса меңгеруіне ықпал етті. Әр кезеңде оқушылардың өзін-өзіндері дамытуына бағыт беріп, жетелеп отырды. Топтық жұмыстар арқылы белсенді оқушылардың сабақтағы белсенділігі төмен оқушыларға топта бірлескен жұмыстар арқылы, іс –әрекеттері арқылы инкюзивті білімге қол жеткізе алды. Сын тұрғысынан ойлау модулының «миға шабуыл» әдісін, « мағынаны тану әдісін» қолданды. Сабақ барысында «Алға жылжу», «Дүкендегі сауда» ойындары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай пайдаланылған, оқушылардың қызығушылығын туғыза алды. Сабақ соңында оқушылардан алынған кері байланыс парағы, мұғалімнің келесі сабақта жүргізетін жұмыстарына бағыт болады және оқушылардың өзін-өзі реттеуіне ықпал етері сөзсіз. Сабақта қазақ тілі пәнімен пәнаралық байланыс та сәтті жүрді, оқушылар суреттерге қарап сабақтың түйінді сөзіне сөйлемдер құрасстыру арқылы сөздің мағынасын таныта түсуге ықпал ете алды.



Мектеп директоры : Ертаева А.А



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі