Материалдар / Ашық сабақ "Функция" 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Функция" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
826
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

математика. 6 сынып,

Сабақ тақырыбы: Функцияның берілу тәсілдері”

Сабақ мақсаты:

  • Функция анықтамасымен таныстыру. Тәуелсіз айнымалы және тәуелді айнымалы ұғымдарын беру. Аргументтің мәніне сәйкес функцияның мәнін табуды, функцияның мәні берілсе, аргументтің мәнін табуды қарастыру. Функцияның анықталу аймағы, функцияның мәндерінің аймағы анықтамаларын түсіндіру, пайдаланып есептер шығаруға үйрету.

  • Логикалық ойлау қабілеттерін және математикалық тілде сөйлей білу дағдыларын жетілдіру, дамыту.

  • Ізгілікке, мейірімділікке, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: қиюшы, шеңберге жанама, жанасатын және қиылысатын шеңберлер ұғымдарын және қарастырылған теоремаларды қолданып, есептер шығара білу.

  • Дамытушылық: Есептер шығаруда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік: Сызбаларды дұрыс сала білуге, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

  • Сабақтың типі: білім, білік, дағдыны қалыптастыру.


Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер,қоржын, тапсырма жазылған парақтар, ұпай жинау үшін оқушыларға берілетін көрнекілік.

Сабақ түрі: Саяхат сабақ.

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Бекіту.

V. Қорытынды.

VІ. Үйге тапсырма.

VІІ. Оқушылар білімін бағалау.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеп сабаққа әзірліктерін тексеремін.

Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр? Аналар мейрамы. Біз бүгінгі сабағымызды аналарымызға арнайық. Ол үшін сендер әрбір дұрыс жауап бергендерің үшін жұлдыз аласыңдар. Сабақ соңында жинаған жұлдыздарыңның санына қарай баға аласыңдар. Ал жинаған жұлдыздарыңды аналарыңа сыйға тартасыңдар. Жұлдыздарды жинап әкелу үшін ғарышқа саяхатқа шығамыз. Күн жүйесінде неше планета бар? Марс, Плутон, Нептун. Сатурн, Меркурий, Венера, Жер, Юпитер, Уран.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Марс»

VΙ тарау бойынша қайталау тапсырмалары.

        1. Координаталар жүйесі қалай құрылады?

        2. Координаталық жазықтықтағы нүктелердің координаталары қалай аталады?

        3. Параллель түзулер анықтамасы.

        4. Осьтік симметриясы бар фигураларға мысал келтір.

        5. π саны неге тең?

        6. Шеңбердің ұзындығы неге тең?

        7. Дөңгелектің ауданы қалай табылады?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. «Уран»

Техникада, шаруашылықта және күнделікті өмірде бір шаманың мәні екінші шаманың мәніне тәуелді болатынын жиі кездестіреміз. Мысалы: заттың құны оның саны мен бағасын тәуелді, жүрілген жолдың ұзындығы жылдамдыққа немесе уақытқа тәуелді.

Есеп: Квадраттын қабырғасы а см. Оның периметрін (Р) табу керек. Мұндағы а=2; 5;7.

Шешуі: егер а=2 болса, Р = 4*2 =8 (см);

а=5 болса, Р = 4*5 =20 (см);

а=7 болса, Р = 4*7 =28 (см).

Р айнымалысының а айнымалысына тәуелділігін Р = 4а түрінде жазуға болады. Мұндағы а - тәуелсіз айнымалы,

ал Р - тәуелді айнымалы.

Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функционалдық тәуелділік немесе функция деп атайды.

Тәуелсіз айнымалы аргумент деп аталады. Тәуелді айнымалы – осы аргументтің функциясы немесе функция деп аталады.Функционалдық тәуелділіктің жазылуының жалпы түрі: y=f(x), оқылуы “икстен эф”.

Мұндағы x – аргумент, y – функция.

Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның анықталу аймағы деп аталады.

1 - мысал: функциясының анықталу аймағы 4 санынан басқа барлық нақты сандар,

я ғни

2 - мысал: y=x2 немесе f (x)=x2 функциясының анықталу аймағы барлық нақты сандар жиыны.

3 – мысал. y=1/x немесе f (x)=1/x функциясының анықталу аймағы 0-ден басқа барлық нақты сандар жиыны.

Егер функцияның анықталу аймағы көрсетілмесе, оның анықталу аймағы осы формуланың мағынасы болатын аргументтің барлық мәндерінен тұрады.

Функцияның мәндерінің жиыны функцияның мәндерінің аймағы деп аталады.

4 - мысал: -1≤ x ≤ 3 +1 функциясының анықталу аймағы -1≤ x ≤ 3 болғанда функцияның мәндерінің аймағын табайық.

Санды теңсіздіктердің қасиеттері бойынша:

-1≤ x ≤ 3; -2≤ 2x ≤ 6; -1≤ 2x +1≤ 7.

Мәндерінің аймағы [-1;7] аралығы болады.

5 – мысал: y=x2 функциясының -4≤ x ≤ 4 анықталу аймағында функцияның мәндерінің аймағы - [0;16] аралығы болады.

6 – мысал: y= функциясының анықталу аймағы – барлық нақты сандар жиыны немесе ) аралығы болса, функцияның мәндерінің аймағы – барлығы оң сандар. Демек [0; ) аралығы.

Ι. Аргументтің берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін табуды қарастырайық.

Егер х=6 болса, . Жазылуы f(6)=1.5. Мұндағы 6 аргументтің мәні, ал 1,5 – оған сәйкес функцияның мәні.

ΙΙ. Егер функцияның мәні берілсе, аргументтің мәнін табуды қарастырайық.

7 – мысал. Артументтің қандай мәнінде y=3x +1 функциясының мәні 25-ке тең?

Артументтің қандай мәнінде y=3x +1 функциясының мәні 25-ке тең болатыны табу үшін y орнына 25-ті қойып теңдеуді шешу керек.

3x +1=25, 3x =24, x =8.

x =8 болғанда y=25, яғни f(8)=25.

Тарихи мәлімет. «Меркурий»

Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716ж.ж) неміс философы, математигі, физигі әрі өнертапқыш тарихшы.

Функция” сөзі латынның functio сөзінен шыққан, қазақша орындау, атқару дегенді білдіреді. “Функция” терминін 1694 ж математикаға тұңғыш енгізген неміс физигі, математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц болатын.

ІV. Бекіту. «Нептун»

Ауызша есеп.

1255. Тәуелсіз айнымалыны, тәуелді айнымалыны атаңдар.

s=50t; S=ab; p=2(3+b);

y=3x; y=2x+1; y=1/x.

Оқулықпен жұмыс. «Венера»

А тобы

1257. №1.1260. 1262. №1;

В тобы

1269. Формуламен берілген функциялардың әрқайсысының анықталу аймағын таңдап алыңдар.



Логикалық есеп. «Сатурн»

1275. Ш (х) - баланың шешесі. Ә(х) - баланың әкесі. Төмендегі функционалдық тәуелділікпен жазылған кісі бала үшін қандай туысқандық атпен аталады?

  1. Ш (Ә(х));

  2. Ш (Ш(х));

  3. Ә (Ә(х));

  4. Ә(Ш(х)).

V. Қорытынды. «Юпитер»

  1. Функция дегеніміз не? Анықтамасын айтыңдар.

  2. Аргумент деп қандай айнымаланы айтады?

  3. f(3)=9 жазуындағы аргументтің, функцияның мәндерін атаңдар.

  4. Функцияның анықталу аймағы деген не?

  5. Функция мәндерінің аймағы деген не?

VІ. Үйге тапсырма. «Плутон»

§40. Ережелерді жаттау.

А тобы

1257 (2); № 1259 (2,4); № 1262 (2);

В тобы

1268.

VІІ. Оқушылар білімін бағалау. «Жер»

Жинаған жұлдыздарға сәйкес 5– «5»;

4 – «4»;

3 – «3».

Жинаған жұлдыздарыңды аналарыңа сыйлаңдар.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!