15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері" 10 сынып
Т
ұрар
Рысқұлов ауданы Р Смаилов атындағы орта
мектеп

Сабақтың тақырыбы : Функцияның ең үлкен
және ең кіші мәндері
10 сынып
Математика пәнінің мұғалімі :
Макашева Жанар Алмахановна
Қайыңды ауылы
10 сынып
Алгебра және анализ бастамалары
Мұғалім: Макашева Жанар Алмахановна
Сабақтың тақырыбы: Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері
Сабақтың мақсаты:
1.Туынды арқылы функцияның берілген аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндерін
есептеуді орындай алады
2.Оқушылардың жаңа тақырыпты өздігінен бірлесе меңгеру дағдысыдамиды
3.Тақырып бойынша есептер шығаруға үйренеді
Табыстылық критерийлері :
1.Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табуға есептер шығарады
2.Ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындайды
3.Топқа өз пікірін ұсынып, дұрыс шешімді қолдайды
Күтілетін нәтижелер :
1.Бұрынғы білімімен байланыстыра отырып, функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табуды топ болып бірлесе отырып, өздігінен меңгереді
2.Тақырыптық тапсырмалар арқылы сын тұрғысынан ойлануға, бірлесе оқуға, ізденуге үйренеді.
3.Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табуға есептер шығарады
Сабақта қолданатын модульдер: Сыни тұрғыдан ойлау,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
Сабақтың әдісі: Қайталау, өздігінен білім меңгеру, жаттығу
Сабақтың көрнекілігі: Ашық журнал, сабақтың жоспары, карточкалар, деңгейлік өзіндік жұмыс тапсырмалары
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
а) Оқушыларды түгендеу
ә) «Молекула» ойыны арқылы топқа бөліну
Оқушылар «атомдар» болып шашырап жүреді, мұғалім «екі» десе екеуден молекула, «үш» десе үшеумен молекула және тағы сол сияқты молекеула құрады. Сынып 4 топқа 5 оқушыдан бірігіп молекула құрып отырады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру1 минут
а)Өткен сабақта жазған өзіндік жұмыстың тапсырмасын үйге алған оқушылардың жұмыстарын тексеріп, ашық журналдарға белгілеп, бағалау
ә) Алдыңғы сабақтағы кері байланыс парағы бойынша жұмыстар
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау. 6 минут
Ашық сұрақтар әдісі
-
Қандай функцияларды өспелі немесе кемімелі деп атаймыз?
-
Функцияның өсу және кему аралықтарын анықтау алгоритмі қалай айтылады?
-
Сындық нүкте дегеніміз не?
-
Функцияның экстремумының бар болуының қажетті шартын тұжырымдайық?
-
Туынды таңбасына қарап функцияның максимум және минимум нүктелерін қалай анықтаймыз?
-
Функцияның экстремум нүктелерін анықтау алгоритмі қалай айтылады?
-
Функцияны туынды көмегімен зерттеу алгоримін тұжырымдайық?
IV. Жаңа тақырыпты оқушылардың өз бетінше меңгерту
Бағытталған оқу әдісі 18 минут
а) Оқушылардың алдына әңгімелесу парағы таратылады. 8 минут
Әңгімелесу парағы
1.
функциясының
нүктелеріндегі мәндерін
табыңдар:
2.
нүктелерінің қайсысы 
функциясының графигіне тиісті?
-
Туындысын тап:

4.
теңдеуін шешіп, сындық нүктесін
тап:

-
Функцияның ең үлкен және ең кіші мәнін есептеу үшін біз нелерді білуіміз керек екен? (ойыңды жинақтап жаз)
(Ондағы есептер функцияның берілген нүктедегі мәнін табу, берілген нүктелердің функцияның графигіне тиісті немесе тиісті еместігін анықтау, туындыны есептеуге, функцияның сындық нүктесін табуға есептер беріледі және 4 топтың тапсырмасы осы үлгіде 4 түрлі болады)
Мұғалім оқушылардың жұмысын аралап жүріп бақылайды, шешімін таппай жатқан мәселеге ашық сұрақтар арқылы бағыт беріп отырады. Әңгімелесу парағын оқушылар толтырып болған соң топта талдау жүргізіледі, ортақ шешімге келеді.
ә) Жұмыс нәтижесін ортада талқылау. 8 минут
Мұғалім әр топтан ортақ жұмыстарын таныстыратын оқушының орындығына стикер жабыстырады. Оқушылар кезегімен өз жұмыстарын ортада түсіндіріп, ортақ шешімдерін айтады, қорғайды.
Сонымен , балалар, біз функцияның берілген нүктедегі мәнін таптық, туынды есептедік, сындық нүктесін анықтадық мұндай есептеулерді өткен сабақтарда меңгердік енді осылардан қандай ортақ тұжырым жасауға болады?
Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу алгоритмін тұжырымдау:
-
Функцияның туындысын табу
-
теңдеуін шешіп, сындық нүктесін
табу -
Осы кесіндіге тиісті сындық нүктелерді анықтау
-
Кесіндінің шеткі нүктелеріндегі және осы аралыққа тиісті сындық нүктелеріндегі мәнін есептеу
-
Функцияның табылған мәндерін салыстыра отырып, оның ең үлкен және ең кіші мәндерін анықтау
(Бағытталған оқу әдісі бойынша оқушылар тапсырманы орындап, жаңа сабақтың негізгі алгоритмін өздері тұжырымдап, қорытады)
Бағалау: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі 2 минут
V. Жаңа тақырып бойынша алынған теориялық білімді практикада қолдану 16 минут
Топтық жұмыс:4 минут
а)
функциясының
кесіндісіндегі ең үлкен және ең кіші
мәндерін табу керек
ә)
функциясының
кесіндісіндегі ең үлкен және ең кіші
мәндерін табыңдар
б)
функциясының
кесіндісіндегі ең үлкен және ең кіші
мәндерін табыңдар
в)
функциясының
кесіндісіндегі ең үлкен және ең
кіші
мәндерін табыңдар
Әр топқа карточка таратылады. Топ мүшелері жұмысты талдап, есептеп, дәптердеріне орындайды , бір оқушы тақтаға орындайды. Өзге топтар бір-бірінің жұмысын тексереді.
Бағалау: смайликтер
А) Деңгейлік тапсырмаларды орындау 12 минут
-
нұсқа
-
деңгей
-
Функциялардың туындысын тап:

-
Сындық нүктесін тап:

-
Функцияның көрсетілген кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар:

-
деңгей
4)12 санын квадраттарының қосындысы ең кіші сан болатындай екі
қосылғышқа жіктеңдер.
5) Ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар:

-
деңгей
-
Ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар:

2-нұсқа
-
деңгей
-
Функцияның туындысын тап:

-
Сындық нүктесін тап:

-
Функцияның көрсетілген аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндерін тап:

2- деңгей
4) 9 санын олардың көбейтіндісі ең үлкен сан болатындай екі қосылғышқа жіктеңдер.
5) Ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар:

3- деңгей
6) Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін
табыңдар:
3-нұсқа
1- деңгей
1) Функцияның туындысын тап:

2)Сындық нүктесін тап:

-
Функцияның көрсетілген аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндерін табыңдар:

2- деңгей
4) 121 санын қосындысы ең кіші сан болатындай екі оң санға жіктеңдер.
5)Ең үлкен және ең кіші мәндерін тап:

3- деңгей
6) Ең үлкен және ең кіші мәндерін тап:

Бағалау: Бағалау критерийлері бойынша топ мүшелер жұмыстарын ауыстыру арқылы тексереді, қатесін көрсетіліп, түзету жүргізіледі
VІ. Қорытынды 2 минут
Кері байланыс парағын толтырады
|
Білемін... |
Білгім келеді... |
Үйрендім |
|
|
|
|
Үй тапсырмасы : №310 және №315 есептерге мұғалім түсінік береді және
22-тақырыпты оқу
Рефлексия : ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген