400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Г дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Сауат ашу

Тақырыбы: «Мен және табиғат».Г дыбысы мен әрпі

Мектеп: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының №11 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Наурызбаева Яхыт Қаржаубаевна

Сабақ:


Күні:

Сынып: 1-сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Мен және табиғат. Г дыбысы мен әрпі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.9.1.Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.1.8.1.Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрып айту.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

- Г дыбысы мен әрпінің айтылуы және жазылуымен танысады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

- тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

- өз ойын еркін айта алады, алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері:

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дамыту

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Табиғатты қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, дүниетану сабағы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар:

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

1.Өсеміз біз күліп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсеміз біз күліп-ойнап,

Бір адамның баласындай.

- Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша,қандай қуаныш!

2.Сурет бойынша суреттерді таңдап, топқа бөлу.

1-топ. «Гүлдер»

2-топ. «Көбелек»

3-топ. «Табиғат»

Шаттық шеңбері








Топқа бөліну

Қызығушылық ояту



















Ортасы:

20 минут


















Зерттеу



3.Жабық сұрақтар:

Алдыңғы тақырыппен байланыстырып тапсырмалар беру.

Орындаған тапсырмаларын, смайликтермен бағалау.

1.Дыбыс дегеніміз не?Оқушы:дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз.

2.Әріп дегеніміз не?Оқушы:әріпті жазамыз,көреміз,оқимыз.

3.Дыбыстар нешеге бөлінеді?Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді,дауысты және дауыссыз дыбыс.

4.Әріптерден не құралады?Оқушы:сөз

5.Өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық?Оқушы: Ғ дыбысы

6.Ғ дыбысы қандай дыбыс?Оқушы: дауыссыз.

Торғай,балға,сырға суреттерін іліп, дыбыстық талдау жасау.

4. «Ой шақыру» Жұмбақ жасыру.

Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын. Балалар ГҮЛ дейді.

Мұғалім: балалар гүл дегенде қандай дыбыс естіліп тұр?Оқушылар Гг дыбысы. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Гг дыбысы және әрпімен танысамыз.

(Г әрпінің жазылуын ауаға жазу,ламинатқа жазу)

5. «Сөз ойла, көп ойла» ойыны.

Г дыбысы бар сөздер айту.

6. Оқылым.

Маса неге шағады?

Жұлдыз неге ағады?

Бұлт неге ауады?

Жаңбыр неге жауады?

Сұрақтардың жауабын дерексөздерден іздену.Анағұрлым терең білім алып, тақырыпты терең түсіну үшін құрылымдық зерттеу жұмысы ұйымдастырылады.

1.Егер маса шақса онда сенің қаның тәтті

2.Жеріміздің атмосферасына енген көктегі тас секілді аспан денелері, яғни метеориттер.Метеориттер атмосфераға енген сайын, олар ауадағы үйкеліс күшінің әсерінен тұтанып,жарық шығарады.

3.Бұлт ауа массасының ағыны әсерінен қозғалады,ауады.

4.Бұлттардың бір күйден екінші күйге ауысуының әсерінен жауады.

7.Белсенді оқу әдісі «Кім жылдам?» ойыны

Гүл, егеу,шеге сөздеріне дыбыстық талдау жасап өту.

Дескриптор

1.Балалар алдыңғы ресурстар арқылы Г дыбысын жасай алады.

2.Сөздерге дыбыстық талдау жасай алады.

Қб: смайликпен бағалап отырамын.

Жабық сұрақтар



















Таныстырылым, оқулықпен жұмыс











Ұжымдық жұмыс


Ламинат, маркер

Сергіту сәті

8 минут

8.Тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап беру.

  • Айнұр не деуі мүмкін?

  • Гүлнұрдың іс-әрекетін талқылаңдар.

№3Қандай өзгеріс байқадыңдар? Қорытынды шығарып көріңдер.

9. Ойлан.Жұптас.Бөліс!

1-топ.Г дыбысы бар сөзді айту.Дыбыстық талдау жасау.

Дескриптор

1.Сөздерді айта алады.

2Дыбыстық талдау жасай алады.

2-топ.Берілген суреттер бойынша сөйлем құрау.

Дескриптор

1.Суреттер бойынша сөйлем құрай алады.

2.Буындық талдауды біледі.

3-топ.Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Дескриптор

1.Сөйлем құрастыра алады.

2.Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрай алады.

10. «Сөз ойла, көп ойла» ойыны.

Г әрпінен басталатын сөздерді тез айту.

Жазылым

Гг әрпін көркем,әдемі жазу.

Дескриптор:

Гг әрпінің жазбаша бас әрпі мен кіші әріптерін және сөздерді жаза алады.

Оқулық, дәптерлер.

Топтық жұмыс

Оқушы белсенділігі артады





Қалыптастырушы бағалау



Топтық жұмыс






Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

2 минут

11.Рефлексия:

«Алты қадам әдісі» (әр қадам басқан сайын сұрақтарға жауап береді)

- Бүгінгі өткен әріп?

- Г қандай дыбыс?

- Г дыбысы бар сөздерді ата.

Әр тапсырма орындалғанда ым-ишарамен және мадақтап бағалап отырамын.

12.Бағалау.Кері байланыс.

«Қоштасу» Жылу шеңбері.

Қолымызды ұстайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық!

Рефлексия








Бағалау.

Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
2169
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі