400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ғабит Мүсірепов 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып, әдебиеттік оқу ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:________________

Сабақтың тақырыбы: Құрметтейік,Жер-Ананы! Ғабит Мүсірепов

Мектеп:№2 Абай атындағы лицей

Күні: 16.03.18

Пән:әдебиеттік оқу

Мұғалім: Кенжина А.Х.

Машықкер: Тлеуберлина Г.Б.

Сынып: 2 «В»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.2.1- шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,сахналау

2.2.3.1- мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

2.3.2.1- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады

Алдыңғы тақырып:

Жерім жомарт-адамзатты асыраған

Бағалау критерийі


Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Әдіс - тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы:

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?!

- Кезекшімен сұхбат. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

-Бүгінгі сабағымызды Ыбырай Алтынсариннің өлең жолдармен ашайық.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.

Үй тапсырмасын тексеру: «Наурызға көмектесейік»

-Балалар бізге қонаққа Наурыз деген бала келіпті екен. Бірақ Наурыздың себетіндегі жемістері шашылып қалыпты екен. Оны жинау үшін артындағы сұрақтарға жауап беріп көмектесуіміз керек.

Picture 9



Әрбір жемістің пайдасымен таныстырып отыру:

Алмұрт-Бұл жеміс күйзелісті жеңіп, көңіл-күйіңізді көтереді және жүрек қағысын жақсартып, ас қорыту жолдарын тазалайды.
Банан- Бір банан жеу арқылы сіз көңіліңізді жайдары қылып, жүрек-тамыр ауыруларының дамуынан өзіңізді қорғайсыз.
Құлпынай- Көздің көруін жақсартады
Апельсин- адам ағзасына, әсіресе жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесіне аса қажет жеміс
Киви- жиі тұтынатын болсаңыз, ағзаға инфекцияның таралуы тежеліп, иммунды жүйе нығайып, жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алып, ағзаның қатерлі ісікпен күресуі артып, жүйке жүйесін жақсартады екен.

Сұрақтар:

1)Кім жомарт? Не жомарт? Өлеңін кім жазды?(Мұзафар Әлімбай)

2)Кім жомарт? Неліктен? (Батыр жомарт-халық үшін жанын берген)

3)Кім жомарт? Неліктен?(Ұстаз жомарт-бар балаға тәлім берген)

4)Не жомарт? Неліктен?(Жер жомарт-адамзатты асыраған)

5)Не жомарт? Неліктен?(Күн жомарт-жерге нұры шашыраған)


Сабақтың тақырыбы слайд интерактивті тақта




Жаңа сабақ

15мин


Білу және түсіну

-Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін тақтаға назар аударайық

Жұмбақтау әдісі

???????? ???? НЫ

Кері байланыс: бас бармақ әдісі


Ребустың суреттері






Ортасы

10 минут


Жауап: Құрметтейік,Жер-Ананы!

-Балалар Неліктен адамдар жерді Анаға теңейді?

  • -Ана мен Жердің қандай ұқсастығы бар?

  • -«Жер» деген сөзді естігенде көз алдарыңа не келеді?

  • Бұл сөздің түрлі мағаналарын атағдар? (Жер– ғаламшарлар, жер- шөп, өсімдік, ағаш өсетін топырақ, зәулім үйлер салатын орын және т.б.)

Тыңдалым.

Бізді қоршаған орта: жан

жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

Топқа бөлу: олай болса осы жерден өсіп шығатын тағамдар арқылы топтарға бөлінейік.

Балаларға әр топқа 6 суреттен таратылады. Оқушылар өздерінің таңдаған суретін алып,топ бойынша орындарына отырады.

І топ Жемістер

ІІ-топ Дәнді-дақылдар

ІІІ-топ Көкеністер

ІҮ топ Гүлдер


Топ бойынша орындалатын тапсырмалардың кезеңдерімен таныстыру:

  1. «Менің тобым»-өздерінің топтарының негізін айтып,қорғау

  2. «Эссе жазу»- Жер-Ананы құрметтеу дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. «Жер-ана»- топтық жұмыс

  4. «Киндер тосын сый»-киндердің ішіне тақырыпқа байланысты сұрақтар жазылады. Оқушылар жауап береді.

«Менің тобым»

-Мен сендерге қағаздар таратып беремін. Сол қағазға өз тобыңның негізін түсіндіресің. Ол заттың пайдалы немесе зиян жағын,өмірде пайдалану жолдарын,қайда өседі,кім өсіреді,қашан өседі екенін жазуға болады. Өздеріңіздің идеяларың бойынша жасаңыздар.

Кері байланыс: бас бармақ әдісі.

Тыныштық сәті: «Жерді аялайық»

Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық) Өзеннің сылдырағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз....(тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат – анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан жылы күннің сәулелерін сезіңіз. Қазір біз көзімізді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және көңіл күн сыйлаған табиғат – анамызға рахметімізді айтайық.
-Ал балалар кім не сезінді, ойларыңды ортаға салайық.

Мәтінмен жұмыс: Құрметтейік,Жер-Ананы (аңыздан үзінді)

Автор: Ғабит Мүсірепов.

Ғ
абит Махмұтұлы Мүсірепов
 (22 наурыз 1902 жыл - 31 желтоқсан 1985 жыл) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.

Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында дүниеге келген.Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді.Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. Осында өткізген 1923 – 26 жылы Орынбордағы жұмысшы факултетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды дәне Сәкен Сейфуллинмен танысты.

Еңбектері:«Оянған өлке»,«Ұлпан» “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” “Ақлима”  “Әмина”, “Ана жыры”,т.б. солардың бірі «Құрметтейік,Жер-Ананы» аңызымен танысайық.

Оқылым.

Мәтін:

1)Өзім оқимын

2)Оқушыларға топ бойынша хормен оқытамын.

3)Мәтін бойынша сұрақ-жауап жүргізу

Адам баласының бір ата,бір анадан жаралғанын дүниежүзі әлдеқашан мойындап қойған.Бүгінгі ұрпақ адам баласын алаламай,тең көріп,тең ұстау жолында.Ұлы ата-анамыз Жер деген мекенді ұрпақтарына түгел арнаған. Адам баласының бесігі-Жер.Жер-Ана!

Ұлы анамыз Хауа-ұрпақтар анасы,барлық адам баласының анасы! Құрметтейік,бас иейік бүкіл адам баласының анасына! Құрметтейік, бас иейік адам баласының мәңгілік ортақ бесігі-Жер анамызға!

-Адам баласы кімнен жаралған дейді? (бір ата,бір анадан)

-Адам баласының бесігі не? (Жер)

-Жерді қалай атаймыз? (Ана)

-Ұрпақтар мен барлық адам баласының анасы кім? (Хауа)

-Кімге,неге бас иейік дейді? (бүкіл адам баласының анасына,Жер анамызға)

Кері байланыс:күлегештер арқылы

Видеоролик көрсету:«Жер-Ана» туралы аңыз

Жазылым

Дәптермен жұмыс:

1-тапсырма: Сызбаға Ғабит Мүсірепов туралы білетініңді жаз.

Ғабит Мүсірепов

Shape2 Shape1


Shape3



Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген

«Оянған өлке»«Ұлпан» т.б. шығармалары бар.


Халық жазушысы





2-тапсырма: Жер-Ананы құрметтеу дегенді қалай түсінесіңдер?(Эссе)

Кері байланыс: 5 саусақ әдісі

Айтылым.

Үштілділік:

Жер-Земля-Еarth

Ана-Мама-Мother

Құрмет-Уважение-respect

-Балалар қазақ хрестоматиясын кім жазғанын білесіңдер ме?

-Иә,Ыбырай Алтынсарин.

1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен,хрестоматияның алғы сөзінде біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім"-деп жазды. "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды.

-Олай болса сол хрестоматияны ашайық, топ бойынша тапсырма орындайық.

Қайыржан Сәрсекеев:Жер-Ана

Бейбіт бақша ішінде жерді қопарып ойнап жүр еді,бір қария:
- Әй,балам,жерді неге қорлайсың?Ол сенің анаң ғой, -деді.
Таңғалған Бейбіт:
-Менің анам үйде,аты-Зейнеп,-деді.
-Балам,онда сол Зейнеп анаңнан сұра,түсіндіреді,-деп қария кете берді.
Бейбіт үйге келіп,анасынан Жер-ана туралы сұрады.
-Балам-ай,ол кісі саған дұрыс айтқан.Жер-бәріміздің анамыз.Онсыз өмір жоқ.Жер-ана дейтін себебіміз
- ішетін суымыз,жейтін нанымыз жердікі.Адамға қажетінің бәрі жерден шығады...
Бейбіт
анасының әр сөзін зейінмен тыңдады.Түстен кейін бақшаға барып,шашып ойнаған топырақты тегістеді.

І топ-Актерлар

ІІ топ-Журналисттер

ІІІ топ-Суретшілер

ІҮ топ-Психологтар

Актерлар-осы мәтінді көрініс ретінде сахналап,көрсетеді.

Журналистер-актерларға көрініс бойынша сұрақтар қояды

Суретшілер-осы көріністі көз алдыларына елестетіп,суретін салады.

Психологтар-бала Бейбіттің істеген қылығына қорытынды шығарады.

Кері байланыс:мадақтау әдісі

«Мақалды жалғастыр»

Әуелі тәңірі жерге береді, 
Жерге берсе елге береді, 
Елге берсе ерге береді.

Бидай қырда, күріш Сырда, 
Жемістердің ғажабы Жетісуда. 
Бұрын қонған қоныс алады, 
Кейін қонған өріс алады. 
Еділ ел болып келгенге су болады едірейіп келгенге у болады. 
Екпесең жер қысырайды, 
Күтпесең көл қысырайды. 
Жақсы жерге жатсаң — 
жақсы-жақсы түс көрерсің. 
Жаман жерге жатсаң — 
жаман-жаман іс көрерсің.
 
Жақсы жердің кадірін 
қожасы емес құл білер.
 
Жақсы жер жан тынысы, 
Жақсы өнер жігіт ырысы.
 
Жаман қоныстан жақсы жүріс артық. 
Жапырағы қамқадай, топырағы торқадай. 
Жасыл желек жердің көркі. 
Жемісті ағаш жер бауырлап өседі, 
Жетелі жігіт ел бауырлап өседі.

Жер адамның бесігі, 
Ел бақыттың есігі.

Жер байлықтың анасы болса, 
әкесі — еңбек.

Жер байлықтың көзі, еңбеккер иесінің өзі.

Жер бауыры жазық.

Кері байланыс: қол соғу арқылы

«Киндер тосын-сый»

-Киндердің қорабының ішінде бүгінгі сабаққа байланысты қорытынды сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға жауап беріп көрейік.

Picture 1


1)Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

2)Жер-Ана деп неліктен атап кеткен?

3)Жерден біз не аламыз?

4)Қандай аңызбен таныстық?

5)Аңыздың автор кім?

6)Ғабит Мүсірепов қай жылы дүниеге келді?

7) Ғабит Мүсірепов кім?

8) Ғабит Мүсіреповтің қандай еңбектерін білесің?

9)Бүгінгі сабақта қиыншылық туды ма? Қандай?

10)Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен?

11)Қазақ хрестоматиясын кім жазған?

12)Қазақ хрестоматиясында қандай мәтінмен таныстық?

13)Бейбіттің жерде қопарып ойнағаны дұрыс болды ма?Неге?

14)Жер сөзін 3 тілде айтып бер.

15)Ана сөзін 3 тілде айтып бер.

Кері байланыс: мадақтау әдісі

Топқа бөлуге арналған таратпа материалдар

Тыныштық сәтінің әуені







































А3 қағаз,қарындаш,маркер



























































































Леп белгілерінің суреті





















Жазушының портреті













Хрестоматиясы

Шелек,қалақ,қалпақ,орамал,желетке, сметана,табақ,қасық,кружка,гүл

Микрофон,А4 қағаз

Киндердың ыдысы,







Ағаштың суреті

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті:

фиксики

видеоролик

Аяқталуы

Сабақты бекіту

3 минут

«Көктем ағашы» стратегиясы.

-Балалар бұл не? (Ағаш)

-Тақтада ілініп тұрған көктем ағашын гүлдендіру үшін, сабақ бойы жинаған жемістеріңнің,гүлдеріңнің, көкеністеріңнің артына бүгінгі сабаққа байланысты қорытынды бір сөйлем жазып осы ағашқажапсырайық.

-Не жазғанымызды оқиық.

сұрақтар

Бағалау

3 минут



-Сабақ бойы кім неше сурет жинады. Сол бойынша бағалаймын.

4-5 сурет «5»

3-2 сурет «4»

0-1 сурет «3»


Үйге тапсырма: 73-74 бет оқу.

Саралау: А,А+ шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қояды,ребусты қиналмай шешеді. Жер туралы мағлұмат алды.

Бағалау:«бас бармақ »әдісі арқылы


Пəнаралық байланыс: дүниетану,жаратылыстану


Рефлексия

Сабақ / оқу-мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
1121
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі