Ашық сабақ "Ғажайып адам" 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ғажайып адам" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне,жас мамандарға,деңгейлік курс оқымаған мұғалімдерге көмек ретінде пайдалануға тиімді.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Күні: 30.11.2017жыл

Мұғалімі: Болатова

Дина Амангельдиевна

Абай атындағы № 2 қазақ орта мектебі

3 «а» сыныбы

Сабақтың тақырыбы

М.Тәнекеев «Ғажайып адам»

Сілтеме

Әдебиеттік оқу пәнін оқыту әдістемесі,Бастауыш сыныпта оқыту журналы, оқулық,

Мақсаты


1. Оқушыларға күш иесі Қажымұқан атамыз жайлы түсінік беру, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы білімдерін кеңейту. Мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру.
2. Оқушының әр ойын жинақтап айта білуін және тарихи танымын дамыту.
3. Шыдамдылыққа, ел намысын қорғайтын азамат болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

Өз бетімен, топта жұмыс жасау тапсырмалары арқылы мәтін мазмұнын игеруге мүмкіндік беру.

Оқушыны қиялдауға, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.

Тапсырмалар

беттерінен жүктелген дереккөздер

Интернеттен алынған қызықты тапсырмалар.


Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Ұйымдастыру кезеңі ( 5 мин)

Мұғалімінің іс-әрекеті

Оқушының іс­әрекеті

Күлімде, күн күлімде
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүтіндей,
Бейбіт болсын болашақ.

Оқушылар интербелсенді тақтада жазылған өлең жолдарын хормен оқиды.

Бір-біріне сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту ( 5 мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топтар аттарымен таныстыру: «Батырлар» , «Алғырлар» ,«Данышпандар».

Сабақ басталмас бұрын бағалау парақтарын тарату,оқушылар көшбасшыны сайлайды. Көшбасшы топтағы балалаларды бағалайды.

Үй тапсырмасын тексеру: «Ыстық орындық» әдісі бойынша орындықтағы оқушыға сұрақтар ұсынылады.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мағынаны тану (3мин )

-Балалар,бүгін мен керемет шаршап келдім.

Мойыным,аяқ-қолдарым ауырып тұр.Маған қандай ұсыныстарың бар?

-Дұрыс.Ал ертеде денені шынықтырументек спортшылар емес, балуандар да айналысқан екен.

Балалар спортпен айналысуды,таңғы денені дамыту жаттығуларын ұсынады.


Күш атасы-Қажымұқан жайлы естеріне алады.

Оқулықпен жұмыс (10 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Балалар,қазір біз Мұратхан Тәнекеевтың «Ғажайып адам»мәтінімен танысамыз,оқулықтың 93-95 бетіндегі.

Ең алдымен автор жайлы қысқаша дерек-тақтаға назар.


«Түртіп алу» әдісі бойынша мәтінді өз

беттеріңше түсініп оқисыңдар және мәтіннен өздерің үшін жаңалық табасыңдар , белгілеп қоямыз. Білетін ақпарат «+»,таңғалдырды «*»,

туындаған сұрағым « ?».


Қ. Мұңайтпасов – тұңғыш қазақ балуаны, кәсіби күрескер, әлем чемпионы. Ол 1871 жылы,7 сәуірде Ақмола облысы Қараөткел аймағы Қоспа аулында дүниеге келген. Бала кезінен ол қайратты, алып болып өседі. Ол 28 мемлекетте күресіп, 48 алтын, күміс, қола медальдарын әйгілі сигизмунд белбеуін алған. Ұлы Отан соғысы жылдарында көшпелі циркпен өнер көрсетіп, өзі жинаған 100 мың сом қаражатын қорғаныс қорына жіберді.
1978 жылы «Қажымұқан» атты екі бөлімді көркем фильм түсірілді. Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» кітаптары бар. «Қазақ даласының батыры» атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданы Ленин туы колхозында қайтыс болды.

Оқушының іс-әрекеті:

М.Тәнекеев жайлы мәлімет алады,жазып алады.




Оқушылар мәтінді мұқият,түсініп оқып әрқайсысы өзі үшін табылған жаңалық пен жаңа сөздерді белгілейді.

Оқиды, ойлайды, өз ойларын ортаға салып

пікір аламасады, ойларын қорытады.







Қажымұқан Мұнайтпасов жайлы мәлімет алады.



1.Мәтінді іштей оқиды.

2.Мәтін мағынасын ашу.

3.Сөздік жұмысын жүргізу.

Сергіту сәті

Топпен жұмыс (10 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топтық тапсырмалар:

І-топ: флипчартқа сурет салу (спортқа байланысты).


ІІ-топ: кластер құру.


ІІІ-топ: бес жолды өлең құрастыру,спорт құралдарын ермексаздан жасау.


Флипчартқа түсіреді: жұмыс істеу кезінде топтық жұмыстың ережесін сақтайды.


Тақырыпқа сай кластер құрастырады.


Балуан Қажымұқанға арнап өлең құрастырады ,спорт құралдарын жасайды.



Дәптермен жұмыс (3 мин)

Сөздік жұмысын жүргізу:

Шөгу - түйенің жатуы

Түйенің күйіс қайыруы - түйенің шайнаңдауы



Ой қорыту (5 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



« Жалғасын тап » ойыны Дені саудың– жаны сау. Денсаулық – зор байлық. Шынықсаң шымыр боласың. Спорт- бейбітшілік елшісі. Дені сау адам- дәулетті адам. Бүгінгі таңда Қажымұқанның ізін жалғап жүрген қандай спортшыларымыз бар?


Өмірмен байланыс: Жуырда «Қазақстан барысы-2015 » турнирі аяқталды. Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан барысы» атанды. Жеңімпазға «Қазақстан барысы» алтын белбеуі мен 150 мың АҚШ доллары, темір тұлпар табыс етілді. Ал, бапкері Елдос Далабайға 50 мың АҚШ доллары берілді. Еске сала кетейік, Бейбіт Ыстыбаев 2012 жылы да осы атақты жеңіп алып, арада үш жылдан соң осы жеңісін қайталап, 2015 жылғы «Қазақстан барысы» атанды. Сонымен қатар, Руслан Әбдіразақов күміс жүлдегер , астаналық Ғани Сейділдаев қола жүлдегер атанды.

Сабақты бекіту: Қажымұқан туралы не білдік?



Мақалдарды жалғастырады,


ойын түйіндейді.











Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы атақты спортшылары жайлы хабар алады.


Олар: алтын жүлдегер- Б.Ыстыбаев,

күміс жүлдегер- Р.Әбдіразақов,

қола жүлдегер- Ғ.Сейділдаев.











Сабақ бойы алған білімдерін түйіндеп,қорытындылайды.




Мұғалім нұсқау береді




Түртіп алған мәліметтерді оқиды


Бағалау (2мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Алдарына берілген бағалау парақшасы бойынша,өздерін және өзара бірін –бірі бағалайды.


Оқушылардың алған әсерлерін,ҚР тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай өз тілектерін стикерлерге жазуды ұсыну.

Берілген стикерлерге өтілген сабақтағы көңіл- күйлерін, тілектерін жазады.


Үйге тапсырма ( 2 мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мәтінді түсініп оқу.

Дәптер тапсырмасын аяқтау.

Күнделікке жазады.














































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
884
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі