КМҚК «Айналайын» сәбилер
бақшасы
Ашық
сабақ
Тақырыбы: «Ғажайып білім
әлемі»
Ересек «Гүлдер»
тобы
Тәрбиеші: Касымова
Г.Б.
Аққулы
2021ж.
Ашық
сабақ
Біліи беру
саласы: Таным
Бөлімі:
Математика
негіздері
Тақырыбы:
«Ғажайып білім әлемі
»
Мақсаты:
Сандарды санау, салыстыру, геометриялық
пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте
сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Буратино, математика, жұмбақтар, геометриялық
пішіндер, үйшіктер.
Балалар қараңдаршы , бізге қонақтар келіпті,
қане алдымен сәлемдесіп алайық. Балалар шаттық шеңбер құрып
амандасады
Бәріміз енді
тұрайық,
Үлкен шеңбер
құрайық
Жақсы – жақсы
сөздерді,
Қонақтарға
сыйлайық!
Табиғат біздің
анамыз,
Табиғатқа
баламыз.
Иіліп сәлем
береміз,
Біз әдепті
баламыз.
Тәрбиеші:
Жақсы балалар бүгінгі күнімізді
мейіріммен, қуанышпен
бастайық.
Тәрбиеші:
Балалар қазір жылдың қандай
мезгілі?
Балалар:
Күз
мезгілі
Тәрбиеші:
Күздің қандай
айы
Балалар:
Қараша
айы
Тәрбиеші:
Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай
өзгерістер болады? Балалар:
Күз мезгілінде күн суытып салқындайды, кейде
жаңбыр жауады, жел соғады, жер балшық болады, құстар жылы
жаққа ұшып кетеді, адамдар жылы киіне
бастайды.
Тәрбиеші:
Балалар біздер күзді неге алтын күз, жомарт
күз деп атаймыз? Балалар:
Күзде өсімдіктер, астықтар піседі, көкөніс
пен жеміс жидектер көп
болады.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар, ал енді біз сендермен
«Ғажайып білім әлеміне» саяхатқа шығамыз
ба?
Балалар:
Иә
Тәрбиеші:
Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі
қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін
бір- бірімізді сыйлап , тыңдауымыз керек. Балалар қане енді
паровозға мініп, жолға
шығайық.
Тәрбиеші:
Балалар міне біз 1-ші аялдамаға да келіп
қалыппыз.
Бұл бірінші
аялдама: «Математика» аялдамасы екен. Бірінші аялдама
бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты: 1-3ке, дейін 3 тілде тура
және кері санау. Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып,
түстерін ата. Үйшіктің терезелерін тауып
жабыңдар.
2-ші аялдама бізге жұмбақтар
жасырыпты. Екінші аялдама «Жұмбақтар» аялдамасы
екен.
Бой жаза алмай, ойнай
алмай
Денең мұздап
тоңады.
Бөбектерім
айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
(Күз)
Таңмен көзін
ашады
Әлемге нұрын шашады.
(Күн)
Тырс- тырс
тамады
Сайға қарай
ағады.
(Жаңбыр)
Дидактикалық
ойын: «Сандарды
тап»
Мақсаты:
Балаларға карточкаларды таратып, 1,2,3 сандарды табу
және оларды қызыл,жасыл және көк түстермен
белгілеу.
Сергіту
сәті:
Орнымызда
тұрамыз,
Дөңгелекті
құрамыз
Қолымызбен
шапалақтап,
Аяқпенен
ұрамыз
3-ші аялдама «Бау- бақша»
аялдамасы. Бау- бақша аялдамасы көкөністер мен
жемістерді араластырып қойыпты. Бақшаға барып жемістер мен
көкөністерді ажыратыңдар депті. Қане балалар бақшаға
барайық.
Міне балалар
бау- бақшаға да келіп қалдық. Балалар жемістерді талға іледі,
көкөністерді жерге отырғызады.
Тәрбиеші:
Балалар қарандар мұнда хат бар екен. Осы
хатты оқимыз ба?
Балалар:
Иә
Тәрбиеші:Бұл хатты Буратино
жазды.
Буратино:
Сәлеметсіңдерме
балалар. Мен
Буратинамын. Сендерді жақсы, ақылды балалар деп
естідім. Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым,кім
алып кеткенін білмеймін. Маған
көмектесіңдерші.
Тәрбиеші:Қане балалар Буратиноға көмектесеміз
бе?
Балалар:
Иә,
көмектесеміз
Тәрбиеші:
Олай болса балалар Буратиноға көмектесу үшін,
бізге 4-ші аялдамадағы тапсырманы орындау керек. Орындаймызба
балалар?
Балалар:
Иә
4-ші аялдама Дидактикалық ойын: «Кім жылдам,
дұрыс құрастырады?»
Буратиноның кілтін
құрастыру.
Буратино:
Алақай, алақай менің кілтім табылды.
(Қақпаның аузында , Буратиноның алтын кілті тұрады.) Қақпаның
үстіңгі жағында «Ғажайып білім әлемі» деген жазуы
бар.
Тәрбиеші:
Балалар қараңдаршы біз буратинаға көмектесіп,
«Ғажайып білім әлеміне» келіп қалыппыз. «Ғажайып білім әлемі» деген
осы жер балалар. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы білім
сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық,
Буратиноға кілтін табуға
көмектестік.
Буратино:
Балалар
сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған алтын кілтімді табуға
көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар
орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар
екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Айналайын» балабақшасының
тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын. Мен
сендерге арнап гүл ала келдім. Ол жәй гүл емес, әрқайсының ішінде
сіздерге арналған өлең шумақтарым бар.
(Буратино
сыйлықтарын таратып кетіп қалады)
Тәрбиеші:
Міне балалар
Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер.
Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды, қиындықтан
қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.Осымен «Ғажайып білім әлеміне»
саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға
оралайық. Қорытындылау:
Балалар
сендерге саяхат ұнады ма? Сендер саяхатқа қайда бардыңдар? Біздер
кімге көмектестік? Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір-
біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтай
отырып қонақтар мен
қоштасайық.
Қол ұстасып
тұрайық
Шеңберді біз
құрайық,
Көріскенше күн
жақсы
Сау- саламат
болайық.
Сау
болыңыздар!