400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «ҒАЖАЙЫП БІЛІМ ӘЛЕМІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттардың биіктігі мен қалыңдығы туралы түсінік қалыптастыру және оларды салыстыруды үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ересек топ балаларына арналған ашық ұйымдастырылған

оқу қызметі


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: «ҒАЖАЙЫП БІЛІМ ӘЛЕМІ»

Мақсаты: Заттардың биіктігі мен қалыңдығы туралы түсінік қалыптастыру және оларды салыстыруды үйрету.

Білімділік: «Биік – аласа», «қалың – жұқа», «жуан – жіңішке», «тар – кең» деген сөздерді пайдалана отырып салыстыру, заттарды көзбен салыстыру, бір-бірінің үстіне қою арқылы салыстыруды үйрету. Баланың танып-білуге деген қызығушылығын күшейтуге бағытталған оқу процесіне ынтасын ояту.

Дамытушылық: Зейін, есте сақтау қабілеті, қабылдау, шығармашылық қабілет, ой-қиялы мен жан-жақты ойлау қабілеті сынды танымдық процестерді дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру. Жеке жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, практикалық.

Қажетті көрнекіліктер: интерактивті тақта, буратино, тиіннің суреті, қасқырдың суреті, қоянның суреті, мысықтың суреті, геометриялық пішіндер, дидактикалык карточкалар (әр балаға).

Билингвалдық компонент: биік – высокий – tall, аласа – низкий – low, қалың – толстый – thick, жұқа – тонкий – thin, кілт – ключ – key.


Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:


Тәрбиеші: - Балалар, қараңдар, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен қонақтармен сәлемдесіп алайық. (Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады.)

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы – жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар? (Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші: - Қане, балалар, жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайық:

  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Күніміз жарқын болсын!

  • Еліміз тыныш болсын!

  • Ауырмайық , денсаулық болсын!

  • Нанымыз көп болсын!

  • Ата-анамыз аман болсын!

  • Бейбітшілік болсын!

  • Балабақша гүлдене берсін!

Тәрбиеші: - Қане, балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді келген қонақтарға сыйлайық. (Балалар жүрекшелерді қонақтарға сыйлайды.)

(Осы кезде есік қағылады.)

Тәрбиеші: - Балалар, есік қағылған сияқты кім екен бұл?

Буратино: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар, осы жер «Ғажайып білім әлемі» ме?

Балалар: Жоқ, Буратино, бұл жер – балабақша.

Буратино: Балалар, мен алтын кілтімді жоғалтып алдым, кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне» қалай барсам екен, баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме? (Балалардың жауаптары.)

Тәрбиеші: - Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне» біз де саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?

Picture 2









- Балалар, саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір-бірімізді сыйлап, тыңдауымыз керек. Балалар, қане, енді паровозға мініп, жолға шығайық.

Тәрбиеші: - Балалар, міне, біз 1-ші аялдамаға да келіп қалыппыз.

Бірінші аялдама: Тиіннің аялдамасы

- Балалар, мына ағашқа не болды?

- Бұл ағаш қай мезгілді бейнелейді?

- Тиін бізге жерге түскен жапырақтарды ретімен жина дейді.

- 1 – 6-ға дейін тура және кері санау.

Picture 3 Picture 4









- Тиіннің бізге арналған 2-ші тапсырмасы бар екен.

Жоғалып кеткен цифрларды тауып ретімен орнына қояйық.

Picture 5








Екінші аялдама: Қасқырдың аялдамасы

Мақсаты: Балаларды топтай білуге және оларды санай білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиеші: - Қасқырдың туған күніне арнап достар оған кітаптар сатып әкелді. Сол кітаптарды оған топтастыруға көмектесейік. Қалың кітаптарды қызыл сөреге, ал жұқа кітаптарды сары сөреге қоямыз.

Picture 6 Picture 7








Үшінші аялдама: «Бау-бақша» аялдамасы

Тәрбиеші: - Қане, балалар, бақшаға барайық. Алдымызда көлшік жатыр ғой, одан қалай өтеміз? Аяғымызды ластамай, батпаққа батпай, көлшіктен ақырындап, абайлап  өту үшін не керек?

Балалар: Көпір керек

ТPicture 8 әрбиеші: Балалар, мына жерде таяқшалар жатыр екен, енді осы таяқшалардан көпір жасайық. Балалар, мына таяқшалардың қандай (жуан, жіңішке)? (Балалардың жауаптары.) Енді осы түрлі-түсті таяқшалардан көпір жасайық. (Балалар таяқшалардан көпір жасайды.)


Shape1






- Міне, балалар, бау-бақшаға да келіп қалдық. Мына жерде біреу көкөністер мен жемістерді араластырып қойыпты. Бақшаға барып жемістер мен көкөністерді ажыратыңдар депті. (Балалар жемістер мен көкөністерді ажыратады. Жемістерді жуан талға іледі, көкөністерді жерге отырғызады.)

Picture 9









Төртінші аялдама: Мысықтың аялдамасы.

- Мына тапсырманы орында:


Picture 10






- Мына мысалдардың шешуін тауып, сөз құрастыр.

Picture 11








- Енді, денемізді сергітіп алайық!

Тыныштық сәті: (жәй музыка қойылады)

Күн ана жер әлемге шуағын шашып, жылуын беріп тұр, құстар ән салып, көбелектер ұшып жүр. Сендер өздеріңді жап-жасыл алқапта жүрміз деп сезініңдер. Алқапта әдемі гүлдер жайқалып өсіп тұр. Тып – тыныш. Кенет, жаңбырдың жылы тамшылары денемізді сипағандай болды. Өздеріңді жалаң аяқ жасыл шөптің үстінде жүгіріп жүрміз деп ойлаңдар. Қандай керемет!

Жаңбыр толастап, күннің көзі күліидеп, айнала нұрға бөленді. Аспанда доға тәріздес түрлі-түсті кемпірқосақ пайда болады.

(Көздерін ашу кемпірқосаққа таңдану.)

Picture 12









- Көңіл – күйлерің қалай, не сезіндіңдер?

5-ші аялдама: 

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?»

(Буратиноның кілтін құрастыру.)

Picture 13 Picture 14





Буратино: Алақай, алақай менің кілтім табылды. (Қақпаның аузында, Буратиноның алтын кілті тұрады. Қақпаның үстіңгі жағында «Ғажайып білім әлемі» деген жазуы бар.)

Picture 15 Picture 16








Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біз алтын қақпаға да келіп қалыппыз. «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.

Буратино: Балалар, сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер,  көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Ақ ерке» балабақшасының тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын. Мен сендерге және қонақ апайларға арнап гүл ала келдім. Ол жәй гүл емес, әрқайсының ішінде сіздерге арналған өлең шумақтарым  бар.

(Буратино сыйлықтарын таратып кетіп қалады.)

Тәрбиеші: Міне, балалар, Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық.

Қорытындылау

Тәрбиеші:

- Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

- Сендер саяхатқа қайда бардыңдар?

- Біздер кімге көмектестік?

- Өте жақсы, балалар, енді қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтай отырып қонақтар мен қоштасайық:

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау- саламат болайық.

Сау болыңыздар!


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: 
- заттарды биіктігі, ұзындығы, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруды; 
- геометриялық пішіндердің ажырата білуді; 

 Нені игереді:
- «биік – аласа», «қалың – жұқа», «жуан – жіңішке», «тар – кең» сөздердің мағынасын; 

Нені біледі:
- 1-ден 10-ға дейінгі цифрларды таниды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1096
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі