400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ғажайып және сиқырлы 10 саны"

Материал туралы қысқаша түсінік
жылдың төрт мезгілдері туралы білімдерін тиянақтау.Тура және кері санауға үйрету. Санамақ ,логикалық ойындар арқылы есептер шығару.Геометриялық пішіндерді анықтау, сөздерді анық айта білуге тілін дамыту. Санағыш таяқшаларымен пішіндерді құрастыру.Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Ғажайып және сиқырлы 10 саны"

Білім беру саласы: Таным, коммуникация, шығармашылық, әлеумет.Мақсаты:жылдың төрт мезгілдері туралы білімдерін тиянақтау.Тура және кері санауға үйрету. Санамақ ,логикалық ойындар арқылы есептер шығару.Геометриялық пішіндерді анықтау, сөздерді анық айта білуге тілін дамыту. Санағыш таяқшаларымен пішіндерді құрастыру.Есте сақтау қабілеттерін дамыту.Көрнекілігі:Жыл мезгілінің суреті,сандар,геометриялық пішіндер,слайд,санайтын таяқша т.бӘдіс-тәсілі:шаттық шеңбері,түсіндіру,сұрақ жауап,ой қозғау,сергіту сәті. Сөздік жұмыс:сандар,пішіндер,таратпа материалдар. Билингвалды сынары:сандар-цифры,пішіндер-фигура.Инклюзивті әлеумет:ойлау қабілеті орташа балалармен жұмыс.Мотивациялық-қозғаушы кезең.Сәлемдесу.Біз тәртіпті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Қонақ келсе ізетпен,

Сәлемдесіп аламыз.

Сәлем деймін күнге мен!

Сәлем деймін мен саған!

Сәлем деймін апайға,

Қонақтарға,құстарға

Еркем,еркем,еркем-ай

Жақсы көрем өмірді,

Жақсы көрем мен сені!

Іздену-ұйымдастырушылық кезең.-Бір жылда неше мезгіл бар?-Бір жылда төрт мезгіл бар.-Қыс,көктем,жаз,күз.-Қазір жылдың қай мезгілі?-Күз мезгілі.-Күз мезгілінде неше ай бар?-Бір аптада неше күн бар?-Бір аптада жеті күн бар.Тақпақ оқу:

Гүлнұр

Апта деген ағайдың,

Жеті бірдей ұлы бар.

Сол жеті ұлдың, жастары бар,

Әр ұлдың өзіне тән аты бар,

Қазына

Бірі келсе, екіншісі келеді.

Жеті бауыр адаспас,

Зымырайды, желеді,

Ешқашан да шатаспас.

Тәрбиеші балалардан атайдың жеті ұлдарды атап беріңдерші «Тақия тастау» ойыны арқылы:Біріншісі-дүйсенбіЕкіншісі-сейсенбіҮшіншісі-сәрсенбіТөртіншісі-бейсенбіБсіншісі-жұмаАлтыншысы-сенбіЖетіншісі-жексенбіТәрбиеші: Балалар мен сендерге сиқырлы түсті шар әкелдім,тура және кері санайық.-Біздің балалар басқа тілде де санау біледі.«Ғажайып сәт»Байқампаздар әлемінен қонақ келіп тұр.Сәлем байқампаз!-Сәлеметсіңдерме,балалар!Сиқырлы 10 саны деген тақырыпта ашық сабақ болып жатыр деп естідім. Мен сендерді тексеруге келдім,өйткені сендер келесі жылы мектепке барасыңдар,мен сендерге көмектесуге келдім.-Ия рахмет!-Менің сендерге қоятын бес тапсырмам бар.Тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар,мектепке қабылдайды,.-Иә,орындай аламыз.-Қане,қандай тапсырмалар?Бірінші тапсырма: Санамақтар айтады.

1-Бір-дегенім бірлік,

Бірге ойнап күлдік,

Бір үйдегі көп бала,

Бір көлікке міндік.

2-Екі-дегенім елім,

Ата-мекен жерім.

Ол-өзен,көл,Кең дала,

Ол- тауларым менің.

3-Үш-дегенің үй,

Үйсіз оңбас күй.

Үй-туған ел бөлшегі,

Соны еске түй.

4-Төрт атақты төрт түлік,

Төрт түлікке тоқшылық.

Жылқы,сиыр,қой,ешкі

Өсір бәрін көп қылып.

5-Бес-қолында бес саусақ

Іске даяр тұр самсап.

Тас қамалды бұзамыз,

Жұдырықтай бір болсақ.

6-Алты-асау арғымақ,

Мінсең шабар арқырап.

Қиялдайды сондайды,

Бәйге сүйгіш әркім-ақ.

7-Жеті-туған жеріміз, Біз-туған жер төліміз.

Жиі барсақ ауылға,

Тола түсер кеміміз

8-Сегіз-дегенің салтанат,

Ел жиналар анталап.

Тәуелсіздік тойы бар,

Сайыс құрар бар талант.





9-Тоғыз-торғын тоғайың,

Бауыр,туыс,ағайын.

Ұстаздарың,достарың,

Шаттық толы маңайын.



10-Он-Отанның ардақты,

Ол-қорғаның салмақты.

Сені ақылды болар деп,

Бар тілегін арнапты





Он саусақ.

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ.

Қала салсақ, жол салсақ....

Дамыл алған маужырап.Екінші тапсырма:Ойын" Құлыпты аш "Музыка әуеніне билеп тоқтаған кезде өз құлыптарыңды ашасыңдар, сендегі пішін мен құлыптағы пішін сәйкес келу керек.-Жарайсыңдар,балалар.Бірінші және екінші тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Тәрбиеші: Сандардың құпиясын біліп алайықОсы сандарға сәйкес қандай ұғым бар? Бір санына сәйкес келетін дүние жүзінде жалғыз қандай ұғым бар?-Күн бар,ай бар,отанымыз бар.Үшінші тапсырма: Сандар туралы тақпақтар.Тәрбиеші:0 саны және 1 саны жайлы тақпақ тыңдайық.

0-цифры неге ұқсайды?

Дөп-дөңгелек нөл саны,

Кім білмейді ол санды.

Ол ұқсайды гүлге де,

Дөп-дөңгелек күнге де.







1-цифры неге ұқсайды?Бір саны ма,бір саны

Бойын түзу ұстады.Бүгілмейтін ешқашан,

2-цифры неге ұқсайды

«2» көлде шалқиды,

Аққу болып қалқиды.

Сұлу мойнын иеді,

Өз қадірін біледі.





3-цифры неге ұқсайды?Сандар қатар құрады,

Тақта алды-тұрағы.

Екіден соң ылғи да,

Үш деген сан тұрады.



4-цифры неге ұқсайды?Орындықты төңкерсең,

4 деген сан болады.

Қатарында сандардың,

3-тен кейін тұрады.

-Сандарды ретімен қой.

Сергіту сәті:Орнымыздан тұрамыз,

Мойынымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып,жұмамыз.

Онан соң төмен түсіріп,

Алақанды соғамыз.

Қимылмен орындайды.

Төртінші тапсырма:Логикалық есептеу. Өз үйіңді тап.

Мысалдардың жауабын табасыңдар да музыкамен айналып жүресіңдер тоқтаған кезде

Өзінің үйінің номеріне барып турады.

-Табақта төрт алма,

Алды біреуін Алима,

Алды біреуін Салима,

Табақта қалды неше алма?

- екі алма.

-Екі қоянның неше құлағы бар?

-Төрт құлағы бар.

-Қорада тұр екі балапан.Далада жүр екі балапан.Барлығы неше балапан?

-4 балапан.

-тапсырманы да дұрыс орындадыңдар.

Бесінші тапсырма: Сиқырлы таяқшалар.

Құрастыру қайық, шырша 2 топқа бөлінесіңдер.

Білімді,алғыр тапқыр екенсіңдер.

Алтыншы тапсырма: Мен айтамын сендер орындайсыңдар.

Өлең жол оқймын сендер көріністі тақтайға орындайсыңдар.

Жоғарыда ақша бұлт күлімдеген,

Арасынан күн нұрын шашса.

Ал төменде айдын көл мөлдіреген,

Жағасында аққу орын тапқан.

Қос тілде айтайық:Сандар-цифры.Пішіндер-фигуры.

Қайталап айтады.

-Байқампаз тапсырмаларыңызға рахмет.

Мен енді қайтайын.

-Балалар,менің сендерге сыйлығым бар.

-Рахмет сізге.

-Сау болыңдар!

-Сау болыңыз!

Рефлексивті-түзетушілік.кезең.-Бізге кім келді?

-Байқампаз не үшін келді?

-Қанша тапсырманы орындадық?

-Балалар жауабы

-Жақсы жауап бердіңдер.

Мақтап мадақтау.

Күтілетің нәтиже:

Не білді:жыл мезгілі,апта күндері ретімен айта білді.

Не алды:тура және кері санауды логикалық ойындарды ойнай алды.

Не істей алады:пішіндерді ажыратып,санамақпен пішіндер құрастыра алады.





































































«Шымқорған» бөбекжай балабақшасы ЖШС-і

Тәрбиеші:Ергашова С.А









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
510
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі