400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Ғажайып күз мезгілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға арналған ашық сабақ түрі. Балаларға күз мезгілі туралы түсінік қалыптастыра отырып, күзгі ерекшеліктер ( ауа-райының өзгеруі, құстардың мекен ауыстыруы, өнімдер) туралы мағлұмат беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы білім басқармасының

«Оңалту орталығы» КММ-нің директоры:

___________________ Нуртаева Ж.А.







k4.jpg





Дайындаған:Джарыева К.А.











Жаңаөзен

2021 жыл



Білім беру саласы: «Қоршаған орта»

Оқу қызмет түрі: Таным

Тақырыбы: «Ғажайып күз мезгілі»


ҰОҚ тақырыбы:

« Ғажайып күз мезгілі»

Күні:

29.11.2021жыл

ҰОҚ мақсаты:

Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің ерекшеліктерін және күзгі өнімдер туралы мағлұмат беру.

Күтілетін нәтиже:

Күз мезгілі туралы (неше және қай ай екенін, қандай ерекшеліктер болатынын, күзгі өнімдерге не жататынын) түсінуі.

ҰОҚ өткізілу барысы:

Жоспарланған уақыт:

Жоспарланған іс-әрекет:

Ресурстар:

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.


Ұйымдастыру.

Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасу.


  • Шаттық шеңбері.


Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық бәріміз,

Арайлап атқан күнге.






Бірге орындау.

Негізгі бөлім:

Тақырып бойынша жұмыс.

  • Балалар бүгін ауа райы қандай болып тұр?

  • Дұрыс айтасыңдар, салқын, бұлтты болып тұр екен.

  • Бізде қазір жылдың қай мезгілі білеміз бе?

  • Күз мезгілі дұрыс айтасыңдар.

  • Ал күз мезгілінің ерекшеліктерін білеміз бе?

  • Жапырақтардың түсі сары, қызыл болады, жаңбыр жауып, күн салқындайды және де құстар жылы мекенге ұшып кетеді екен.

  • Жарайсыңдар балалар. Ал күз мезгілінің неше айы бар білесіңдер ме?

  • Қыркүйек, қазан, қараша екен.

  • Өте дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше бұл тақырып бойынша бір тапсырма орындайық.

  • Д/о: «Күзгі ағаштар»

Мақсаты: Балалар бейнеленген суреттің қай мезгіл екенін білу және жапырақтарды қадау.

Ойын барысы: Балалар ағаштардың түстерін атай отырып түстеріне сай жапырақтарды қадайды.

  • Балалар жарайсыңдар, тапсырманы керемет орындап шықтыңдар. Бойымызды жазып, сергіту сәтін орындаймыз ба?

  • Сергіту сәті: « Қолшатыр»

Кап-кап тук-тук-тук

Терезімді кім қақты?

Таңертен жаңбыр жауып,

Балаларды оятты.

Кап-кап дон-дон-дон

Тамшылар тамып жатыр.

Егер шықсаң далаға,

Қолшатырды ұмытпа.

  • Балалар сендерге сергіту сәті ұнады ма?

  • Жарайсыңдар. Ендеше біз бүгінгі ашық сабағымыздың басты кейіпкерін ортаға шақырамыз ба?

  • Күз ханшайымын қарсы алу.

  • Балалар бұл кім болды екен?

  • Қош келдің күз ханшайым. Қайдан жүрсің?

  • Мен жылы мекендерді суытып, жапырақтарымды сарғайтып, құстарымды өзге жылы мекенге ұшырып, күзгі өнімдерімді пісіртіп жүрмін.

  • Қандай керемет иә балалар? Ханшайым біздің балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін біледі, сен сәл кідіре тұр. Балалар айтып береміз бе?

  • Балалар сендер күзгі өнімдерді білесіңдер ме?

  • Күзгі өнімдерге бізде жемістер мен көкөністер жатады. Ал олардың түрлері мен келес ойында танысатын боламыз.

  • Д/о: «Күзгі өнімдер»

Мақсаты: жемістер және көкөністер түсінік қалыптастыру. Карточкалар арқылы бөлігін табу.

Ойын барысы: Балалар өнімдердің түрлерімен танысады және жарты суретін табады.

  • Балалар жарайсыңдар. Өнімдер мен танысқан болсаңыздар менде сендерге тапсырма орындатайын.

  • Д/о: «Ажыратып тер»

Мақсаты: Балалар көкөністер мен жемістерді екі себетке бөліп жинау.

  • Жарайсыңдар, балалар. Тапсырманы өте жақсы орындап шықтыңдар, балалар менің кетуім қажет, басқа да мекендер мені күтіп жатыр.

  • Жарайды күз ханшайымы, саған рахмет.

  • Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Ал бұл менің сендерге арналған сыйлығым.





















Фетр матасынан дайындалған көрнекіліктер.










Шеңбер құрып орындау.



Қолшатыр










Күз ханшайымын қарсы алу.


















Суреттер, карточкалар.









Көкөністер мен жемістер және екі себет.









Сыйлық

Қорытынды бөлім.

  • Балалар сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер мұқият тыңдаңдар:


Құстар ұшты жылы жаққа,

Балалар қолын созады қолшатырға.


Жаңбыр жауып, жел соғады,

Айтыңдаршы бұл қай мезгіл?

  • Жарайсыңдар, бұл жұмбақтың жауабы күз мезгілі екен.

  • Ал күзгі өнімдерге не жатады білеміз ба?

  • Қонаққа кім келді?

  • Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі сабаққа өте керемет көңіл күймен қатыстыңдар. Сендерге рахмет!


























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
2087
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі