400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ғажайып математика Балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғажайып математика. 5 санының жазылу жолдарымен,құрамымен таныстыру. 5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету. Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып,балалардың білім дағдыларын қалыптастыру. Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу. Салыстыру 2. Оқушылардың ой-өрісін,тілін логикалық ойлау қабілетін дамытып өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру. 3. Ойын дұрыс айта білуге,шығармашылық еңбек етуге,ұйымшылдыққа, мақсатқа жете білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Білім басқармасы

Әуезов ауданы КМҚК «№62 бөбекжай-балабақшасы»














Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет

Тақырыбы: « Ғажайып математика»















Ортаңғы №2 «Қошақан» тобы

Тәрбиеші: Г.М.Курмангалиева




Алматы қаласы, 2024 ж




Ғажайып математика

Күні:

Мақсаты: 5 санының жазылу жолдарымен,құрамымен таныстыру. 5 санына  дейінгі  сандарды тура және кері санауға үйрету. Қосу және  азайту амалдарының мағынасын  танытып,балалардың  білім дағдыларын қалыптастыру. Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу. Салыстыру

2. Оқушылардың ой-өрісін,тілін логикалық ойлау қабілетін дамытып өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

3. Ойын дұрыс айта білуге,шығармашылық еңбек  етуге,ұйымшылдыққа, мақсатқа жете білуге баулу.

Оқу қызметінің әдіс-тәсілі: тапсырмалар орындау,санау,ойын,санамақ

Оқу қызметінің барысы:    

-Балалар кәне амандасып алайық

  1. Шаттық шеңбер:

Балалар дене мүшелерімізді сөйлетіп алайық.

Басымыз қалай сөйлейді- ия,ия,ия, жоқ,жоқ,жоқ

Иығымыз қалай сөйлейді—білмеймін, білмеймін

Қолымыз қалай сөйлейді—сәлем,сәлем,сәлем, сау бол, сау бол,бер кел.

Саусағыз қалай сөйлейді—жәрайсын, жақсы ,өте жақсы.

аяғымыз қалай сөйлейді—топ,топ,топ.

Беліміз қалай сөйлейді—сәлеметсіз бе ,сәлеметсіздер ме апайлар.

-жақсы балалар жарайсындар. 

 Ұйымдастыру кезеңі                             

- Ұйымдастырылған іс-әрекеті математика негіздері

-Көңіл-күйлерің қалай?     

1.-Кәзір сендермен «Түстерді қай мезгілге береміз» ойынын ойнаймыз, мұқият тындап, жауабын айтындар.

Жасыл түсті қай мезгілге береміз? –Көктем

Қызыл түсті қай мезгілге береміз?-Жаз

Сары түсті қай мезгілге береміз?-Күз

Ақ түсті қай мезгілге береміз?-Қыс

-Жарайсындар балалар,

2. « Қандай геометриялық пішіндер, неге ұқсайды?»

2. енді біз тақтаға қарайық қай сандардын көленкесі түр

3.Осы сандарды қойып шығайық 1-5 дейін

4. 5-ке дейін тура және кері санайық.

5. санамақ айту.1-5 ке дейін.

Айсана , Раяна, Заңғар,Айсұлу, Бекарыс

 Бір дегенім-бөрік,

Кисең басқа көрік.

 Екі дегенім – етік,

Кисең сәнді етіп.

Үш дегенім – ішік,

Теріден тігер пішіп.

Төрт дегенім – тымақ,

Қыста кисең жылы-ақ

Бес дегенім байпақ,

Іші жылы тайпақ.

6. «Суреттерді санап сандарды қатарына қоямыз»

Ибраһим

Қолға қалам алайын,

Қанша сан бар жазайын.

Қарап тұрмай, сандарды,

Қайта – қайта санаймын.

7. «Саусақ арқылы есеп шығарайық»

Айкүнім

Біздер санай білеміз,

Білмегенге күлеміз.

Біреу, екеу, үш деп,

Төрт, бес деп жүреміз.

8. Сергіту сәті: «Кел,билейік балақай»

9. «Геометрия пішіндермен құстарға ұясын құрастыру»

Ендеше балалар құстың ұясын қандай пішіннен жасайтынымызды ойланайық.

Нұрай
Құстарға ұя жасайық,
Үстіне қойып үшбұрыш.
Әдемі үйшік болады,
Астына қойсаң төртбұрыш
Құс келсін десең ұяға
Дөңгелек қой ортаға.

10.Көңілді ойын «Қай топ жылдам»

Балалар төрт топқа бөлініп, әр қайсысын жеке жұмыстар беріледі.

  1. Жасыл түс- «Түсін және нуктелерін табады»

  2. Қызыл түс-«Ракетаға сандарды ретімен бұрап шығады»

  3. Сары түс- «Суреттерді санап сандарды ретімен қою»

  4. Ақ түс-« Түстерді табу»

11. Көңілді ойын «Түстерді жинау»

Әр топтан бір-бір балалар шығып өз түстерін жинайды.

12. «5 кедейін сандар шашырап жатады балалар 1-5 дейін ретімен жүріп өтеді»

Сұрақ –жауап арқылы қортындылау.

Қандай ойын, қандай тапсырма сендерге ұнады.

-Балалар , бүгінгі іс-әрекетке жақсы қатысқан балаларға жұлдызша сыйлаймын.

Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық

Білу керек: 5 санын меңгерді, тура және кері санау,

Түсіну керек: 5 көлемідегі сандарды санауды, заттардын көлемін қарай салыстыру.

Үйрену керек: 5 саны мен цифры, санамақ тақпақтар, ойын арқылы қабілетін дамыту .

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Г.М.Курмангалиева















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
1067
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі