«Балапан» тобының
ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Күні: 9.11.2017 ж
Білім беру
саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет
салу
Тақырыбы: Ғажайып
орман.
Оқу іс-әрекетінің
мақсаты: ағаштардың суретін түрлі түсті
акварель бояулары үрлеу тәсілімен және ағаштарды түрлі әдістермен
бейнелеу дағдысын қалыптастыру; табиғат құбылыстарына деген
қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Қажетті
құралдар: орман бейнеленген суреттері
түрлі түсті акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал,
стақан, түтікше.
|
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
|
Мотива-циялық-қозғаушы-лық
|
Топта ынтымақтастық
атмосферасын ұйымдастыру. «Сыйлық»
|
Оқушылар орындарынан
тұрып бір-біріне ауада сурет салу арқылы бір-біріне сыйлықтар
сыйлайды.
|
|
Ұйымдас-тыру-ізденіс
|
Жылдың төрт мезгілінде
бейнеленген орманның суреттерін көрсетеді, табиғат тамашаларын,
ондағы ағаштардың қар жамылған келбеттеріне назар аудартады.
Сиқырлы орман деп жыл мезгіліне қарай орманның өзгеріп отыруына
байланысты аталғанын түсіндіру. Әр жыл мезгілінде көктемде жасыл
түске боялса, күзде сары, қыста ақ түсті орман болатынын ұғындыру.
Ағаштардың түрлеріне түстеріне көңіл
бөлдіру.
|
Жыл мезгілдерінің сипаттарын
естеріне түсіреді.
Әр мезгілде болатын
табиғаттардағы өзгерістерді айтады.
|
|
|
-Ал енді балалар
суреттерден не көріп тұрғанымызды әңгімелеп
көрейікші
|
Суретке қарап әңгіме
құрастырады.
|
|
Сергіту
жаттығуы
|
«Сәбіз». Сәбізді алып
тазалаймыз.
Үккішпен үгіп
майдалаймыз.
Қант сеуіп
дәмдейміз.
Қаймақ құйып
сәндейміз.
Міне дайын нәр
тағам.
Дәруменге
байыған
|
Жаттығуды
жасайды
|
|
|
Балаларға жұмысты қалай
орындау керектігін көрсету:
1.Алдымен қылқаламдарымызды,
бояуларымызды, су құйылған ыдыстарымызды
дайындаймыз.
2.Бояуды езіп қылқаламмен
қағаз бетіне тамшылар түсіреміз.
3. Түтікшенің көмегімен
тамшыны үрлейміз.
4. Үрлеудің
нәтижесінде қандай бейне пайда болғанын
көреміз.
|
Суретті салу
реттілігі бойынша жұмысты орындайды.
|
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Оқу іс-әрекет соңында
аяқталған жұмыстарға талдау жасалып,
қорытындыланады.
Жақсы орындалған
тапсырмалардан көрме ұйымдастырылып, балалардың еңбектері
бағаланады.
|
Өз жұмыстарын
көрсетеді.
|
Күтілетін
нәтиже:
Нені білу
керек:
Нені
игереді:
Нені
біледі:
-
жұмыс үстінде өзін дұрыс ұстай
біледі;
-
тиянақтылық, тазалық сақтауға
дағдыланады;
-
балалардың қамқорлық сезімдері
оянады.
-
түс реңкін сақтай отырып, ою-
өрнектерімен сәндеп безендіре біледі.